Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет208/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Қияқөлең туысы (осока-Carex). Жабық тұқымдылардың ішіндегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Т‰рлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасында 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте ‰шқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Г‰лдері даражынысты: аталық г‰лдерінің 3 аталықғы болады (сиректеу оданда аз); аналық г‰лдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Г‰лдерінің формуласы:
 P0 A0 G (3) ;  P0 A3 G0 .
Жемісі ұшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау болып келетін жаңғақша.
Көптеген т‰рлері солт‰стік ендіктің, солт‰стік облыстарында кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осока плетевидная или струннокоренная C.chordorrhіza), боз қияқөлең (осока сероватая - C.canescens) және т.б.
Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең (осока пузырчатая- C.vesіcarіa), ‰рме қияқөлең (осока вздутая- C.rostrata), қос аталықты қияқөлең (осока двухтычиночная- C.dіandra), жағалық қияқөлең (осока береговая- C.rіparіa) және т.б.
Шалғынды жерлерде қияқөлеңдердің мына т‰рлері жиі өседі: ‰шкір қияқөлең (осока острая- C.acuta), т‰лкі қияқөлең (осока лисья- C.vulpіna), қоян қияқөлең (осока заячья- C.leporіna), қосқатар қияқөлең (осока двурядная- C.dіstіcha), т‰пті қияқөлең (осока дернистая- C.caespіtosa) және т.б.
Батпаққа ауысатын ылғалды шалғын-дарда тік қияқөлең (осока стройная- C.gracіlіs), жағалық қияқөлең (осока береговая- C.rіparіa), тікенше қияқөлең (осока заостренная- C.acutіformіs) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая- C.humіlіs), ормандарда- орман қияқөлеңі (осока лесная- C.sylvatіca), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая- C.stellulata), тау қияқөлеңі (осока горная-C.montana), т‰кті қиякөлең (осока волосистая-C.pіlosa) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.
Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жұғымдылығы (нәрлігі) және желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем т‰спейтін өсімдіктер. Ылғалды және батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (‰йінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Келтебас туысы (болотница-Eleocharіs). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарында кең таралған, 80-нен астам т‰рлері бар. БОР-дың территориясында 25 т‰рі, ал Қазақстанда 19 т‰рі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасында, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпа белдеуінің шалғындарында өседі. Негізгі өкілі бесг‰лді келтебас (болотница пятицветковая-E. quіnqueflora), ол Кольск жартылай т‰бегінің солт‰стік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлерінде кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет