Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет209/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Өлеңшөп туысы (қамыш-Scіrpus). Д‰ниеж‰зінің барлық құрылықтарында, әсіресе тропикалық және субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей т‰рі бар. БОР-дың территориясында 19 т‰рі, Қазақстанда 3
т‰рі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный- S.lacustrіs) пен орман өлеңшөбі (камыш лесной-S.sylvatіcus) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер.
Ұлпабас туысы (Erіophorum). Туыстың құрамында негізінен солт‰стік ендікте кездесетін (Арктикада, орманды зонада, таудың жоғарғы белдеулерінде) 20-дай т‰рі бар. БОР-дың флорасында 12 т‰рі, ал Қазақстанда 3 т‰рі кездеседі. Қынапшалы ұлпабас (пушица влагалищная - E. vagіnatum) батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, тундрада өседі және шымтезектің т‰зілуінде елеулі роль атқарады. Г‰лінің формуласы:  PPAP. A3 G(3).
Сәлемшөп туысы (сыть-Cyperus). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңт‰стік облыстарда өсетін 14 т‰рі, Қазақстанда 7 т‰рі белгілі. Аса маңызды т‰рінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа-C.esculentus). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті т‰йнектер т‰зіледі; сондықтанда бұл т‰рді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. раріrus) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.


Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы (злаки или мятликовые) - Gramіneae, Poaceae


Астық тұқымдасы даражарнақтылар класының ішіндегі ең ‰лкені, оған 7,5-10 мың т‰р және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит т‰рлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан т‰рлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз т‰птенген, сирек т‰птенген және тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының т‰п жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.


Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың, сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (ж‰герінің және борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар т‰зеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель ж‰йкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген т‰п жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының т‰п жағында орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тәрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасына судың өтуіне м‰мкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз г‰лдері жай г‰лшоғырын - масақтарын т‰зеді. Олар өз кезегінде к‰рделі г‰лшоғырын - к‰рделі масақ, сыпырғы т‰зеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масағының т‰п жағында екі масақтың қауызы болады (чешуи). Масақтарындағы г‰лдердің саны әрт‰рлі астық тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде әрбір г‰лдің 2-ден г‰лдік қауызы, 2 г‰лдік пленкасы (қабықшасы),3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығының сыртын қалың т‰ктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце). Г‰л т‰йіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым б‰рі болады.
Г‰лінің формуласы: P(2)+2 A3 G(2).
Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір тұқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды, ол оған б‰йір жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды.
Тұқымдасты ‰ш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, ж‰гері, арпа, сұлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет