Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет211/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215
Қатты бидай (твердая пшеница - T.durum) - мәдени жағ- дайда аса кең таралған т‰рлердің бірі, әсіресе БОР-дың оңт‰стік аудандарында, (Еділ бойында, Кавказда, Батыс Сібірде), көптеп себіледі. Олардан ұнтақ жарма, макарон, ұн алуға қажетті сапасы өте жоғары дән алынады. Жұмсақ бидай (пшеница мягкая - T.aestіvum) егістік көлемі жағынан бірінші орынды алады. Ол негізінен шөлейт аймақта және жартылай орманды жерлерде себіледі, сонымен бірге солт‰стік жаққа да біршама жылжыған (Ленинград облысы, Сібір). Екі дәнді бидай (пшеница двузернянка - T. dіcoccum) жаздық сорттар, сондықтанда оларды аз мөлшерде себеді (Закавказья республикаларында, Татарстанда). Қарабидай туысы (рожь - Secale). Оның қоңыржай климатты облыстарда, әсіресе солт‰стік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 т‰рі бар. БОР-дың флорасында 5 т‰рі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қарабидайдың (рожь дикая - S.sylvestre) ареалы кең (ТМД -елдерінің европалық бөлігінің оңт‰стік және оңт‰стік - шығыс аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда), ол көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі г‰лді, г‰лдің төменгі қабықшасының қылтығы болады, дәнінің сыртын т‰ктері айқын қаптап тұрады. Мәдени қарабидайды (рожь посевная - S.cereale) бір және екіжылдық (к‰здік) дақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде
себеді; оңт‰стік аудандарда ол көпжағдайда арамшөп ретінде кездеседі. К‰рделі масағының әрбір масақшасында 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген г‰лі болады. Қарабидай желмен тозаңданатын өсімдік. Оның дәні әрі жіңішке, әрі ұзын болады. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның т‰сі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын (ржаной хлеб) пісіреді.
Арпа туысы (ячмень - Hordeum). Туыстың құрамында 26 т‰р бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы т‰рлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішінде Қазақстанда екі т‰рі көптеп себіледі: қосқатар арпа (ячмень двурядный - H.dіstіchum) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный -H.vulgare).
Арпаның г‰л шоғыры к‰рделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 бірг‰лді масақша орналасады. Арпа г‰лдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда м‰мкін. Қосқатар арпаның ‰ш масақшадан тұратын тобының, тек ортаңғысында ғана қосжынысты г‰л және дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық ‰ш масақшасының г‰лдері т‰гелдей г‰лдеп дән байлайды. Арпа ерте пісетін дәнді дақыл. Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдалы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды шошқаны және құстарды семіртеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет