Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Агавалар тұқымдасы (агавовые)- Agavaceae



бет204/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Агавалар тұқымдасы (агавовые)- Agavaceae


Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей т‰р жатады. Талшықты және сәндік ағаштар, барлығының тамырсабағы болады. БОР- да негізінен ылғалды субтропикаларда өсіреді кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер; біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерініңке жақсы жетілген және жуандап өсуге қабілетті болып келеді. Сабағы қысқа болып келетін т‰рлерінің жапырақтары жиналып жертаған т‰зеді, жіңішке, көп жағдайда жуан, етженді болып келеді. Г‰лдері ‰лкен г‰лшоғырына- масақтарға және сыпырғыларға жиналады; қосжынысты (сиректеу даражынысты), актиноморфты немесе аздап зигоморфты, г‰лсерігі к‰лте жапырақшалардан тұрады. Біреулерінің к‰лте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншілерініңке біріккен болып келеді. Аталықтары екі шеңбер т‰зеді және олар жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Г‰лт‰йіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте 3 ұялы, жатынның т‰зілуі (плацентация) орталық бұрыштамалы, т‰қым б‰ршігі көп немесе біреу болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер. Г‰лінің формуласы: P3 + 3 A3+3 G (3).


Агава (Agave). ‡лкен суккулентті көпжылдық өсімдік, жапырақтары етженді, ‰лкен (ұзындығы 80-170 см, ені 10-15см болатын), шеттерінде сиректеу орналасқан тікенектері болады, жоғарғы ұшы жіңішкеріп, ағаштанған қоңыр тікенмен аяқталады. Өмірінде бірақ рет г‰лдейді (6-15 ж.).Г‰л беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ‰лкен болады (8 м-ге дейін барады), оның басында аса ‰лкен, көп г‰лді сыпырғы тәрізді г‰лшоғыры т‰зіледі. Г‰лдеп болғаннан соң, г‰лсағақтарының қолтығында пиязшықтар (“лукавички”) т‰зіледі, олар келешегінде ‰зіліп, топыраққа т‰седі де тамыр береді. Өсімдік монокарпик болып табылады, өйткені г‰лдегеннен кейін оның жер беті бөлігінің барлығы өледі, ал тамырсабағынан өркен т‰зіледі. Бұл ‰лкен туыстың көптеген т‰рлері (275 т‰р) Мексикада, Солт‰стік және Оңт‰стік Американың оған жақын орналасқан облыстарында өседі. БОР-да агавалар (сизал мен хенекеннен басқалары) ылғалды субтропикаларда сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Агавалардың (Agave) экономикалық жағынан маңызы ‰лкен. Көптеген агавалардың жапырақтарынан, тіптен басқа жылы елдерде өсірілетін т‰рлерінен (A. sіsalana, A.fourcroydes, A. cantala, A.amerіcana), талшық алынады (сизальпенка, генекен және т.б.), олар арқан (канат), шпагат, төсеуіш және дөрекі маталар тоқуға жұмсалады. Кейбір
агавалардың қантты шырынынан Мексикада ішімдік (алкагольные напитки
“пульке”) ашытады.
Юкка туысы (Yucca). Діңі қысқарған ағаш тәрізді өсімдік. Жапырақтары бұтақтарының жоғарғы жағында топтасып орналасады. Г‰лшоқтары шашақ тәрізді өте ‰лкен, г‰лдері салбырап тұрады. Шыққан жерінде Pronuba к‰йесімен тозаңданады; бұл өсімдік пен насекомдардың арасындағы таң қаларлық қарым-қатынасты көрсетеді. Жапырақтары тоқыма өнеркәсібінде және щеткалар жасауға пайдаланылады. Бұл өсімдіктің көптеген т‰рлері (V.glorіosa, Y.fіlamentosa және т.б.) жақсы талшықтар береді. Оларды Грузияда, Азейбайджанда және Крымда сәндік өсімдіктер ретінде отырғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет