Бұл қатарға екі тұқымдас жатады - сферокарпустар және риеллалар. Сферокарпустар (Sphaerocarpaceae) тұқымдасы екі туыстан тұрады:
Spaerocarpus туысының солт‰стік белдеуде 12 т‰рі бар. Олардың ішінде батыс Европада Sph. mіchelіe деген т‰рі кездеседі, бірақ ол БОР-дың территориясында кездеспейді; Geothallus туысы бір ғана G.calіfornіcus деген Калифорнияда (АҚШ) кездесетін т‰рмен белгілі .
Сферокарпус біртектес паренхималық клеткалардан тұратын кішкентай ғана пластинка тәрізді таллом т‰зеді. Ол клеткалар талломның көптеген жерінде бір ғана қабат т‰зеді. Талломның ортаңғы бөлімі бірнеше қабат клеткалардан тұрады. Жерге талломдар қарапайым ризоидтар арқылы бекінеді.
Архегонийлері мен антерийдилері әрт‰рлі особьтарда (өсімдіктерде) дамиды. Олар талломның бокал тәріздес өсінділерінің қуысында орналасады. Ол қуыстардың ‰стіңгі жағында тесігі болады (19-сурет).
Архегонийлер мен антеридийлері (соңғылары антеридилік қуыстың т‰бінде қысқа тірсектің басында отырады) құрылысы және дамуы жағынан маршанциялардың жыныс органдарына ұқсас. Спорогондарыныңда құрылысы маршанциялардікіне ұқсас. Спорогон жуаның баданалары секілді жуандаған тірсектен және қорапшадан тұрады. Тірсек талломның ұлпаларына еніп тұрады.
Қорапшаның қабырғалары бір қабат клеткалардан тұрады. Қорапшада тетрадаға (төртке) біріккен споралар және олардың арасында жататын қоректік клеткалар т‰зіледі. Қоректік клеткалар басқа бауыр м‰ктерінің пружинкаларымен гомологты. Споралар қорапшаның қабырғалары шірігеннен кейін барып босап шығады. Тетраданың төрт спорасының екеуінен аталық, ал қалған екеуінен аналық талломдар жетіледі. Сферокарпустар маршанциялар мен юнгерманнияларға тән белгілерді біріктіреді. Бұлардың арғы тегі өте қарапайым құрылысты өсімдіктер болған,
шамасы олар балдырлардан немесе балдырларға ұқсас алғашқы жер бетіндегі өсімдіктерден шықса керек.
Риеллиялар тұқымдасына (Rіellaceae) жататын өсімдіктер оқтын, оқтын су басып отыратын ылғалы мол жерлерде өседі.