Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Жасыл немесе қоңыр м‰ктер класс тармағы (бриевые) - Bryales



бет76/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   215

Жасыл немесе қоңыр м‰ктер класс тармағы (бриевые) - Bryales


Жасыл м‰ктер класс тармағы жапырақты сабақты м‰ктердің ішіндегі ең


‰лкені және өзгергіші (полиморфты) болып табылады. Бұған 85 тұқымдасқа бөлінетін 14000-дай т‰р және 700-ден аса туыс жатады. Жасыл м‰ктер мөлшері жағынан әрт‰рлі болып келетін көпжылдық немесе біржылдық өсімдіктер. Биіктігі 1мм-ге жететін немесе одан да биіктеу болып келетін т‰рлеріне дейін кездеседі. Т‰стері көпшілігінде жасыл, сиректеу қызыл- қоңыр, кейде тіпті қара-қошқыл болып келеді. Жасыл м‰ктер жер бетінің барлық жерлерінде кең тараған. Оларды Арктикадан Антарктикаға дейінгі аралықта, таулардың басында өсімдіктер тіршілік ете алатын биіктіктің ең жоғарғы шегіне дейін кездестіруге болады. Тропиктерде аса қалың және алуан т‰рлі болып келеді. Жер бетіндегі өсімдіктер д‰ниесінің құрамында жасыл м‰ктердің алатын орны ересен зор. Олар батпақты жерлерді т‰гелдей жауып жатады және шымтезек т‰зеді. Әсіресе ойпаңдау жердегі батпақта. Көптеген т‰рлері қылқанжапырақты ормандарда, шабындықтарда, тауда, тундрада ересен кеңістікті алып жатады.
Сфагнум және андрея м‰ктерінен жасыл м‰ктердің негізгі айырмашылығы сол, олардың жіп тәрізді протонемасы жақсы жетілген, әрі жан-жаққа тарамдалған болып келеді. Спорогонында перистомы жетіледі. Ол дегеніміз споралардың біртіндеп шашылуын қамтамасыз етіп тұратын ерекше аппарат. Вегетативтік органдарының және перистомының құрылыстарына қарай жасыл м‰ктер алуан т‰рлі болып келеді.
Жасыл м‰ктер класс тармағына 13 қатар жатады. Олардың ішінен осы кластың негізгі белгілерін сипаттайтын екі қатардың (Polytrіchales және Funarіales) кейбір өкілдерін қарастырамыз.

Политрихумдар қатары (политриховые) – Polytrіchales


Бұл қатар екі тұқымдастан тұрады: политрихумдар (Polytrіchaceae) және даусониялар (Dawsonіaceae).


Политрихумдар тұқымдасына 19 туыс жатады, олардың 9-ы монотипті туыстар. Ең ‰лкені погонатум туысы (Pogonatum), оған 150-дей т‰р жатады. Политрихум туысында (Polytrіchum) 100 т‰р бар. Осы екі туыстың көптеген өкілдері тұқымдастың ең ірі өсімдіктері болып табылады. Жапон погонатумының (Pogonatum japonіcum) биіктігі 30-40 см-ге жетсе, көкек зығырының биіктігі 50 см-ге дейін барады.
Көкек зығыры (Polytrіchum) туысына жер шарының екі бөлігінің екеуінің де суық және қоңыржай климатты облыстарында, сонымен бірге тропиктерде өсетін 92-дей т‰р жатады. БОР-дың территориясында көкек зығырының 13 т‰рі кездеседі. Батпақты қылқан жапырақты ормандарда және
‰лкен батпақтардың шетінде аса кең таралған өкілдеріне P.commune және P.junіperіnum жатады. Батпақты жерлердің ортасындағы төмпешіктерде (по кочкам) P. strіctum деген т‰р өседі. Құрғақ қарағайлы ормандардағы құмды және құмдақ жерлерде кішкентай P.pіlіferum өседі. Polytrіchum -ның т‰рлерінің барлығы тығыз, қалың шым т‰зеді. Қарапайым бұтақтанбай тік өсетін кәдімгі көкек зығырының (P.commune) сабағының биіктігі 30-40 см жетеді. Сабағының сыртын жіңішке, ұшы ‰шкір (линейно-шиловидный) таспа тәрізді жапырақтары жауып тұрады. Олар өте жиі орналасады. Сабақтың жоғарғы және ортаңғы бөліктеріндегі жапырақтары жақсы жетілген, әрі жасыл т‰сті болып келеді, сабақтың төменгі бөлігінде орналасқан жапырақтары керісінше ұсақ және т‰сі қоңыр болып келеді (4,7;19-суреттер). Сабақтың төменгі бөлігінің т‰сі де қоңыр (тамырсабақтың). Бұл жерде сабақтан көптеген т‰сі темірдің татымен т‰стес көп клеткалы қоңыр ризоидтары кетеді.
Polytrіchum - ның сабағының ішкі құрылысы к‰рделі болады. Сабақтың ортасында шеңберлі (концентрический) өткізгіш шоқ орналасқан- стельдің бастамасы (зачаточный стель). Шоқтың ортасында ксилема орналасқан. Ол жұқа қиғаштау болып келген, көлденең қабырғалары бар, ұзынша клеткалардан тұрады. Олардың тік орналасқан қабырғалары (қабықшалары) қалың болып келеді (19,2- сурет). Бұл клеткалар өз бойынан су өткізеді және атқаратын қызметі жағынан жақсы жетілген жоғары сатыдағы өсімдіктердің трахеидтеріне сәйкес келеді. Бірақта морфологиялық тұрғыдан қарағанда олар трахеидтерге жатпайды, өйткені бұларда клеткалардың бір-бірімен тікелей қатысуын қамтамасыз ететін поралары болмайды.
Ксилеманың сыртын 1-2 қабат крахмал қынабы қоршап тұрады. Оның клеткалары крахмал дәндерімен толы болады. Крахмал қынабының сыртынан бірнеше қабат т‰зеп, айнала флоэма клеткалары қоршап жатады. Флоэма іші қою плазмалық заттарға толы, ұзынша болып келген тірі клеткалардан тұрады. Б‰л клеткалардың т‰п жағы біршама кеңейген болып келеді, сырт қарағанда с‰згілі т‰тіктерге ұқсас және олармен атқаратын қызметі жағынан да бірдей. Олар пластикалық заттарды өткізіп тұрады.
Бірақта бұл клеткалардың тік қабырғаларында да, көлденең қабырғаларында да, не с‰згілі пластинкалары, не поралары, не болмаса тікелей тесіктері болмайды.
Шоқты қабық қоршап тұрады. Онда жапырақтың іздері көрініп тұрады. Ол дегеніміз шоқтың орталық стеладан шығып, жапыраққа өтетін тармағы. Сабақтың сыртын эпидермис қаптап жатады.
Polytrіchum-ның жапырағының құрылысыда к‰рделі. Жапырақ тақтасы ұзынша, ұшы ‰шкір болып келеді (линейно-ланцетный), ал оның шет жағы тіс-тіс болып келген және бірнеше қабат клеткалардан тұрады. Жапырақтың ортаңғы ж‰йкесі жақсы жетілген және ол жапырақ тақтасының б‰ткіл ұзына бойына созылып жатады. Жапырақтың т‰п жағы мен шет жағы бір қабат клеткалардан тұрады. Жапырақ тақтасының ‰стіңгі бетінде бір қатар клеткалардан тұратын, әрі жапырақты бойлай бағытталған пластинка тәрізді өскіндері болады. Оларды ассимиляторлар деп атайды. Ассимиляторлардың көлденең кесіндісінен 3-8 клеткадан тұратын, бағана тәрізді өсінділерді көреміз. Олар жапырақтың ‰стіңгі бетіндегі клеткалардың әрбіреуінен кетіп жатады.
Ассимиляторлардың жиынтығы жапырақтың ассимиляция процесі ж‰ретін бөлігінің мөлшерін бір дегеннен арттырып жібереді.
Жапырақтың ж‰йкесінде ксилема, флоэма және арқаулық клеткалар болады (19,3-сурет).
Көкек зығыры екі ‰йлі өсімдік. Сабақтың ‰стінгі ұшында антеридийі мен архегонийлері жетіледі. Олардың екеуіде топтасып жиналып ‰стіңгі жапырақтармен қоршалып тұрады.
Антеридийлерінің формасы қапшық тәрізді. Олар қысқа, көп клеткалы тірсекке орналасқан және бір қатар қабықшаларымен қапталған. Антеридийлерінде көптеген сперма т‰зетін (спермагенный) клеткалар пайда болады. Олардың әрқайсынан бір-бірден екі талшығы бар сперматозоид жетіледі. Антеридийлері ауа райы жаңбырлы кездерде ‰стіңгі жағынан, жарықшағы арқылы ашылады, осы кезде сперматозоидтары сыртқа шығады. Антеридийлерінің арасында парафиздері орналасқан. Ол дегеніміз біртектес жіп тәрізді немесе ұш жағы пластинка тәрізді болып жалпайған сабақтың өсінділері (19,4 -сурет).
Айталық өсімдіктің ‰стіңгі жапырақтары жертаған (розетка) тәрізді болып, антеридийлердің тобын (жиынтығын) қоршап тұрады. Бұл жапырақтардың мөлшері және формасы жағынан қалған жапырақтардан біршама айырмашылығы болады. Олар негізінен қоңыр немесе қызыл т‰ске боялған болып келеді. Сабақтың өсу н‰ктесі антеридийдің т‰зілуіне жұмсалмайды, сондықтанда сабақ болашақта да өсіп, жаңа бұтақтар береді (19,1 -сурет).
Көкек зығырының сабағынан 5-6 осындай жертағанды (розетканы) жиі кездестіруге болады. Архегонийлерінің құрылысы кәдімгідей, ол кеңейген құрсақ бөлігінен және ұзын мойнынан тұрады. Архегонийлерінің тобын қоршап тұратын жапырақтары-ның, басқа вегетативтік жапырақтарынан айырмашылығы болмайды.
Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон дамиды. Polytrіcum-ның пісіп жетілген спорогоны қорапшадан және ұзын тірсектен тұрады. Гаусториясы арқылы спорогон сабақтың ‰стіңгі ұшындағы ұлпаларға еніп тұрады (гаметофитке), одан өзінің дамуына қажетті қор заттарын алады.
Алғашқы кезде спорогон архегонийдің құрсағында байқалмай тұрады, біраздан соң оның тірсегі тез ұзарады да қорапша архегонидің құрсағын жыртып шығады. Құрсақтың ‰стіңгі бөлігі қорапшаның басына киіліп тұратын шаш тәрізді қалпақшаға айналады. Ол қорапшаны құрғап қалудан сақтайды. Қорапшада споралар пісіп жетілген кезде қалпақша т‰сіп қалады. Пісіп жетілген қорапшаның құрылысы к‰рделі болады. Ол ортаңғы кеңейген бөліктен-құтыдан (урночка), қорапшаның астыңғы жағында орналасқан мойнынан және қақпақшадан тұрады (20,1 -сурет).
Қорапшаның т‰бінен жоғары қарай орталық бағана көтеріледі. Ол жыныссыз паренхималық клеткалардан тұратын тартпа (білік). Бағананың жоғарғы бөлігі жалпайып қақпақша мен құтының т‰йіскен жерінде жұқа пластинка - эпифрагма т‰зеді (20,1-сурет).
Бағананың айналасында жіңішке жіптерге ілінген спорангий орналасқан. Бұл жіпшелер спорангийлерді бағанаға және құтының қабырғаларына бекітіп тұрады. Спорангийлерде көптеген ұсақ споралар жетіледі.
Қорапшаның қабырғаларының клеткаларында хлорофилл дәндері болады. Қорапшаның сыртын эпидермис қаптап тұрады. Қорапшаның құтысы мен мойынның т‰йіскен жерінің эпидермисінде көптеген устьицелері болады. Олардың екіден көмкерме клеткасы және қуысы болады. Сонымен Polytrіchum-ның спорогоны, көптеген басқа жасыл м‰ктердің спорогондары сияқты ассимиляциялаушы ұлпасы және устьицесі болады. Кей жағдайда олар өздігінен қоректене алады (бауыр м‰ктерінен айырмашылығы).
Құтының жоғарғы қақпақшамен т‰йіскен бөлігінде бірнеше қатар, ұсақ клеткалардан тұратын сақина пайда болады. Сақинаның клеткалары формасы және мөлшері жағынан басқа клеткалардан айырмасы болады. Сақинаның клеткаларының қабықшалары біркелкі болып қалыңдамаған. Қорапша кепкен кезде сақинаның бойымен қақпақша құтыдан т‰сіп қалады. Қақпақша бөлініп т‰скен кезде құтыға өтетін жолды эпифрагманың жауып тұрғанын айқын байқауға болады (20,3 -сурет). Осы кезде құтының тесіктерінің т‰йіскен жерінде (шекарасында) перистомды байқауға болады. Перистом дегеніміз құтыны ирек-ирек болып айнала қоршап орналасқан тістердің жиынтығы. Polytrіchum-ның перистомы бір қатардан тұрады, оның тістерінің
‰стіңгі ұштары, әрі қысқа, әрі доғал болып келеді. Олар қатты қалыңдаған, қабырғалары бар, бірнеше ұзын талшықты клеткалардан т‰зіледі. Мұндай клеткалардың т‰п жағы бірігіп тұрады (20,4-сурет). Жас қорапшада перистомның қатар орналасқан тістері бір-бірінен бірнеше қатар паренхималық клеткалармен бөлініп тұрады. Ол клеткалар келешегінде жойылып кетеді (20,5,6 -сурет). Перистомның тістерінің арасында тесіктері болады. Спора піскен кезде бағана мен спорангийдің қабырғалары жойылады. Осыдан кейін барып споралар қорапшаның қуысына өтеді. Споралардың сыртқа шашылуын перистом қамтамасыз етеді. Перистомның
тістері өте су тартқыш келеді. Ауа райы жаңбырлы кездерде, олар ісінеді де, қорапшаның ішіне қарай б‰ктеледі. Осы кезде ісінген эпифрагма құтының қабырғаларына тығыз жаншылады. Сонымен қорапшаға су өтпейді, ол дегеніміз споралардың қорапшаның ішінде мезгілсіз өнуінен сақтайды.
Ауа райы құрғақ кездерде перистом суын жоғалтып, т‰зуленеді, содан соң сыртқа қарай қайырылады. Эпифрагмасы құрғайды. Ол кезде қорапшаның желмен қозғалуының нәтижесінде, оның ішіндегі споралары порциясымен тістері мен эпифрагмасының арасындағы тесіктері арқылы сыртқа шашылады (20,3-сурет). Ылғалды топыраққа т‰скен споралар өсіп, жіп тәрізді протонеманың бастамасын береді. Протонема көп болып бұтақтанады, оның клеткаларының көлденең қабырғалары қиғаш болып келеді. Жердің ‰стінде орналасқан жіпшелері жасылданады, ал қалған жіпшелері топырақтың ‰стіңгі қабатына еніп жатады. Соңғылары т‰ссіз болып келеді және бойына су тартады. Протонемада б‰ршіктер пайда болады, олар келешегінде жапырақты- сабақты өсімдікке айналады.
Polytrіchum-ның даму циклі осылай аяқталады. Басқа Bryophyta-лар секілді оныңда жынысты ұрпағы, яғни гаметофиті басым болады. Ал гаметофит дегеніміз протонемадан бастау алатын антеридийі мен архегонийі дамыған жапырақты-сабақты өсімдік. Спорофит қорапша (спорогон) т‰рінде берілген, оның тірсегі гаметофитпен тығыз байланысты болады. Споралар т‰зілер кезде редукциялық бөлініс ж‰реді, сонымен спора гаплоидты болады. Polytrіchum жасыл м‰ктердің және барлық м‰к тәрізділердің ішіндегі ең жақсы жетілгеніне жатады.
Bryіdae класс тармағына жататын өсімдіктердің көпшілігінің құрылысы қарапайым болып келеді. Осындай қарапайым м‰ктерге фунариялар қатарының өкілдері мысал бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет