Пеллиялартұқымдасына(Pellіaceae) жататын өсімдіктердің талломының көлемі ‰лкен болады. Талломы дихотомиялы бұтақтанады, оның жалпақ ортаңғы бөлігі көп қабатты болады да біртіндеп шетіне қарай бір қабаттыға ауысады. Кейде мұндай талломның шеттері тіптен қалақ тәрізді тілімделген болып келеді. Қорапшасы пісіп жетілген кезде оны тірсегі телпекшеден жоғары көтеріп тұрады. Қорапша әдетте төрт жақтауы арқылы қақырап ашылады. Қорапшаның т‰бінде көп жағдайда элатераларын көтеріп шығаратын тетігі болады (элатероносец). Оның басында элатералар топ болып орналасады. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында тек пеллия туысы (Pellіa) ғана кездеседі. Туыстың аса кең таралған өкілі ретінде пеллияны (Pellіa epіphylla) қарастыралық. Бұл т‰р бізде ылғалды ормандағы жыраларда, жылғаның бойында, су орып кеткен жерлерде кездеседі (12-сурет). Пеллияның жұқа лента тәрізді жіңішке талломы дихотомиялы бұтақтанған болады. Ол ашық-жасыл т‰сті, ортаңғы бөлігі көп қабатты, ал шет жағы бір қабат болып келеді. Талломының анатомиялық құрылысы өте қарапайым болып келеді. Ол жоғарғы және төменгі эпидермистен, сонымен бірге паренхималық клеткалардан тұрады. Төменгі эпидермистің клеткалары талломның негізгі ұлпаларынан айқын бөлініп тұрмайды, олардан құрылысы қарапайым ризоидтар кетеді. Ассимиляторлары бар, ауа қуыстары жоқ, ал талломның барлық клеткаларында хлорофилл дәндері болады (12,2-сурет).
Антеридийлері мен архегонийлері тікелей талломда орналасады. Өйткені бұлардың көтермелері болмайды. Олар өсу н‰ктелерінен біршама қашықтау орналасады, ал өсу н‰ктесі болса, өз қызметін атқарып талломның ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Антеридийлері талломның ортаңғы ж‰йкесін бойлай орналасады. Олар шар тәрізді болып келеді де, қысқа тірсекке орналасады және талломның ұлпаларының ішінде жатады. Антеридийдің ‰стіңгі эпидермисінің клеткалары ‰зіледі де, біршама жоғары көтеріліп тесік т‰зеді, ол антеридиальды қуысқа барады (12,2-сурет).
Антеридийлерде екі талшықты сперматозоидтар пайда болады. Архегонийлері өсу н‰ктесіне жақын жерде, шамалы ойыстау болып келетін шұңқырда тобымен пайда болады (12,3-сурет). Олардың құрылысы кәдімгі архегонийлердің құрылысы секілді.
Спорогон қорапшадан, тірсектен және ұлпаның ішіне еніп тұратын гаусторийден тұрады.
Спорогон алғашқы кезде архегонийдің т‰п жағында пайда болады. Содан соң споралардың пісіп жетілген кезінде спорогонның тірсегі қатты ұзарып (әдетте бұл жағдай келесі жылдың көктемінде болады) қорапшаны
талломның ‰стінен жоғары көтеріп шығады (12,4-сурет). Тірсектің т‰бінде қалпақша (калпачок) сақталады (архегонийдің т‰п жағының қалдығы). Корапша жоғары жағынан төрт жақтауы арқылы қақырап ашылады, одан споралар мен пружинкалар шашылады. Пеллияның пружинкалары шоқ болып жиналып қорапшаның ортасына бекінеді (олар элатофор деп аталынады).
Спора өсе келе қысқа протонема береді, ол келешегінде пеллияның жаңа талломына айналады.
Паллавициниялар тұқымдасына (Pallavіcіnіaceae) жататын өсімдіктердің талломдарының жақсы жетілген орталық ж‰йкесі болады. Кейбір өкілдерінің ж‰йкелерінің ‰стінде жапырақ тәрізді өсінділер жетіледі. Көптеген т‰рлерінің ж‰йкесінде бір немесе екі өткізгіш шоғы болады. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында тұқымдастың тоғыз туысынан тек паллавициния (Pallavіcіnіa) мен мергия (Merckіa) туыстарының ғана өкілдері кездеседі.
Сабақты жапырақты т‰рлеріне екі туыс жатады: фоссомброния (Fossombronіa) (13,1-сурет) мен трейвия (Treubіa). Олардан басқа аралық формаларыда кездеседі, бұларға мынадай туыстар жатады: Rіccardіa (Aneura), Hymenophyton.
Кішкентай блязия (Blasіa pusіlla) өте қызық өсімдік. Ол ылғалы мол батпақты жолдарда, орманды жерлердегі жыраларда т.б. жерлерде кездеседі (13,2-сурет). Оның жерге төселіп өсетін бұйраланған ашық-жасыл т‰сті талломының (ұзындығы 1-3см, ені 5мм) шетінде тілімделген телімдері болады. Олар өзгеріске ұшыраған жапырақтар болып есептелінеді. Талломның төменгі жағында, ж‰йкелерінің екі жағында шар тәрізді, іші қуыс құлақшалар дамиды, осылардан шырышты т‰ктер шығып тұрады. Өнім б‰ршіктері (выводковые почки) екі т‰рлі болады - талломында жұлдыз тәрізді және ерекше қуыста (колбочках) шар тәрізді. Антеридийлері мен архегонийлері талломның ‰стіңгі жағында орналасады.
Блязияның арғы тегі шамасы жапырақты сабақты м‰ктер болса керек, алайда олар редукцияға ұшырап, нәтижесінде талломды формаға ауысқан. Өйткені көптеген ботаниктер блязияның талломының шеткі жақтауларын жапырақтың алғашқы жұрнағы деп қарайды.