Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Моноклеялар қатары (Моноклеевые) - Monocleales



бет69/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Моноклеялар қатары (Моноклеевые) - Monocleales


Талломы өте ‰лкен, ауа қуыстары мен устьицелері болмайды. Майлы денешіктері бар клеткалары болады. Антеридийлері диск тәрізді құрылымға жиналған, талломның ұлпасына еніп жатады. Архегонийлері талломның арқа жағындағы жамылғының ішінде орналасады. Спорогонының ұзын тірсегі болады. Қорапшасы цилиндр тәріздес, қабықшасы жұқа, бір тік жарықшағы арқылы қақырап ашылады. Элатералары ұзын болады. Тұқымдасқа моноклея (Monoclea) деген жалғыз ғана туыс жатады.


Юнгерманниялар класс тармағы (Юнгерманниевые) – Jungermanііdae


Юнгерманниялар класс тармағы бауыр м‰ктерінің басым көпшілігін қамтиды (50-дей тұқымдасты, 250-дей туысты және 5000-нан астам т‰рді). Бұл класс тармағына мынадай ‰ш қатар жатады: Metzgerіales, Jungermannіales, Haplomіtrіales.


Бұл системада метцгериялар қатары анакрогинді юнгерманияларға, ал юнгерманиялар қатары акрогинді юнгерманияларға сәйкес келеді.


Метцгериялар қатары (метцгериевые) – Metzgerіales


Метцгериялар қатарына жататын өсімдіктердің гаметофиттері барлық уақытта дорзовентральды, таллом т‰рінде болады. Көп жағдайда талломның айқын байқалатын ортаңғы қыры болады. Таллом сиректеу сабаққа және
‰стіңгі беті жалпақ жапырақ тәрізді өсінділерге бөлінеді. Жапырақтары тұтас, кейде ортасы ойыстау болып келеді. Жапырақтары, қабықшалары жұқа ‰лкен клеткалардан тұрады және олар бұрышынан қалыңдамайды. Архегонийлері ‰стіңгі клеткалардың артқы жағынан пайда болады. Архегонийлері толығымен жетілгеннен кейін де таллом өсуін тоқтатпайды. Архегонийлері көп жағдайда талломның арқа жағында (‰стіңгі) болатын арнайы құрылымдарда немесе арнайы бұтақтарда орналасады. Жапырақты сабақты т‰рлерінде архегонийлер сабақтың арқа жағының ортаңғы ж‰йкесін бойлай орналасады. Антеридийлерінің орналасуы да осыған ұқсас. Спорогонның т‰п жағы псевдопериантимен, немесе телпекшемен, кейде тіптен осының екеуімен де қоршалған болып келеді. Қорапшаның қабырғалары 2- немесе 3-6 қабатты. Оның клеткаларының қабықшалары қалыңдаған немесе қалыңдамаған болуы да м‰мкін. Бұл қатарға 10-дай тұқымдас жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет