Филлоталлиялартұқымдасына(Phyllotallіaceae) жататын өсімдіктердің вегетативтік денесі кездейсоқ пайда болатын сабақ тәрізді бұтақтанған біліктен (ось) және одан кететін, қарама-қарсы орналасқан көптеген жапырақ тәрізді өсінділерден тұрады. Клеткаларының барлығы біртектес,қабықшалары жұқа болып келеді. Оларда көптеген ұсақ майлы денешіктер мен хлоропласттар болады. Филлоталлия туысының (Phyllotallіa) бір т‰рі Жаңа Зеландия аралының, ал екінші т‰рі Отты Жер аралының эндемдері болып табылады. Олардың гаметофиттерінің құрылысының ерекше болуы және оңт‰стік жарты шеңбердің қоңыржай климатты аймағының аралдарында оқшауланып орналасуы осы туыстың ертеде пайда болғандығын көрсетеді.
Анеуралартұқымдасына(Aneuraceae) 2 туыс жатады. Оларджың талломы көп қабатты, ‰лпаларға жіктелмеген біртектес клеткалардан тұрады. Бұтақтануы, әсіресе тропикалық т‰рлерінде алуан т‰рлі болып келеді. Гаметангийлері қысқа б‰йірлік бұтақшаларының жоғарғы жағына еніп жатады. Жас спорогонды телпекше қоршап тұрады. Элатералары бір спиральды.
Анеуралардың вегетативтік көбеюі эндогенді жетілетін екі клеткалы өнім денешіктері (б‰ршіктері) арқылы ж‰зеге асады. Олар талломның ‰стінгі бетіндегі клеткаларда пайда болады. Рикардия туысына (Rіccardіa) тропикалық және субтропикалық аймақтарда кеңінен таралған 250-дей т‰р жатады.
Метцгериялар тұқымдасына (Metzgerіaceae)жататын өсімдіктердің талломдары ұсақ, ашық-жасыл т‰сті, дихотомиялы немесе моноподиальды бұтақтанған, жіңішке, ж‰йкесі көп қабатты болып келетін бір қабат пластинкадан тұрады. Талломның ‰стінде т‰ктері болады. Гаметангийлері талломның астынғы бетінде болатын арнайы бұтақшаларда жетіледі.
Телпекшесі етженді және сырты т‰ктермен жабылған болып келеді.
Бұл тұқымдас жалғыз ғана метцгерия туысынан (Metzgerіa) тұрады. Онда негізінен тропикалық аймақтарда кеңінен таралған 120-дан астам т‰р бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында метцгерия туысының 45 т‰рі кездеседі. Олар Кавказда, Карпат тауларында, ағаштың шіріген діңдерінде өседі. Антерийдилер мен архегонийлері қысқа жанама бұтақтарда пайда болады.