Андреялар класс тармағы (андреевые) – Andreaeіdae
Бұл класс тармағына бір қатар (Andrealales) жатады, онда бір тұқымдас
(Andreaeaceae) бар.
Андреялар қатары (андреевые) - Andrіales
Андреялар м‰ктерінің сфагнумдардан айырмашылығы сол, олар әрі ұсақ, әрі қатты және морт болып келеді. Т‰стері қызыл-қоңырдан қара- қоңырға дейін болады. Олар тастың бетінде және жартастарда кішкентай жастықша тәрізді, жатаған болып көрінеді.
Андрея м‰ктерінің көп жылдық сабағы симподиальды бұтақтанады, жапырақтары көп қатар т‰зіп орналасқан, орталық шоғы жоқ және біртектес қабықшалары қалың клеткалардан тұрады. Сабақтың төменгі жағындағы ризоидтары көп клеткалы, цилиндр пішінді, тасты субстратқа еніп тұрады, ал пластинка пішінді ризоидтары тастың бетінде төселіп жатады.
Андрея м‰ктерінің жапырақтары ұсақ, ж‰йкелері жоқ немесе бар, формалары әрт‰рлі болып келеді.
Бұл қатарға бір ғана Andreaeaceae деген тұқымдас жатады. Оған андрея (Andreaea) және неуролома (Neuroloma) деген екі туыс, 120-дай т‰р жатады. Соңғы туысқа бір ғана т‰р жатады, ол тек Отты Жер (Огненная Земля) деген жерде өседі. Кейбір кітаптардағы мәліметтер бойынша бұл қатарда ‰ш туыс, 92-дей т‰рі бар.
Ең көп тараған туысы андрея (Andreaea), оған жер шарының екі бөлігінде де кездесетін 120-дай т‰р жатады. Андрея аса өзгергіш туыс. Оның т‰рлері негізінен тауда кездеседі, Арктикадан Антарктикаға дейін таралған.
Қалған екі туысының өкілдері Антарктикада, Оңт‰стік Американың Андасында, Отты Жерде (Огненная Земля) кездеседі.
Andreaea -ның сабағы көп және бірнеше рет бұтақтанған болып келеді (18-сурет), субстратқа жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді ризоидтары арқылы бекінеді. Жапырақтары бір қабат клеткалардан тұрады, олардың ортаңғы ж‰йкесі болады. Антеридийі мен архегонийлері әрт‰рлі бұтақтардың ұшында пайда болады. Құрылысы және дамуы жағынан олар келесі Bryales қатарының жыныс органдарына ұқсас болып келеді. Спорогоны көп жағдайда сфагнумның спорогонына ұқсас болады. Ол
қорапшадан және тірсектен тұрады. Қорапшаның ортасында бағанасы және к‰мбез тәрізді спорангиі болады. Бағана қорапшаның жоғарғы ұшына дейін жетпейді. Сфагнумдар сияқты сабағының ұшы спорогон пісіп жетілген кезде, ұзарып жалған тірсек береді.
Қорапшаның ашылуы аса ерекше жағдайда төрт жақтауы арқылы ж‰реді. Бұдан соң споралары сыртқа шашылады. Алайда жақтауларының төбелері бір-бірімен біріккен бойынша қалады. Қақпақшасы мен перистомасы болмайды (18,1-сурет). Кішкентай қалпақшасы қорапшаның
‰стіңгі жағында дамиды және ерте т‰сіп қалады.
Споралары өсіп, пластинка тәрізді төселіп жататын, тастың бетінде өсуге жақсы бейімделген протонемалар береді. Протонемалар қалың болып бұтақтанады, онда көптеген б‰ршіктер пайда болады. Осы б‰ршіктерден келешегінде жапырақтары бар сабақтар жетіледі.
Andreaeales қатары Sphagnales пен Bryales қатарларының арасындағы ерекше бір буын. Sphagnales-пен оларды спорогонының құрылысы мен жалған тірсегі, ал Bryales-пен сыртқы т‰рі және антеридийі мен архегонийлерінің даму ерекшеліктері жақындастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |