ЖАПЫРАҚТЫ М‡КТЕР КЛАСЫ
(ЛИСТОСТЕБЕЛЬНЫЕ МХИ) - BRYOPSІDA, MUSCІ
Жапырақты м‰ктердің вегетативтік денесі барлық уақытта сабаққа және жапыраққа бөлінеді. Сабағының құрылысы радиальді болып келеді, онда тығыз спиральдің бойымен жапырақтары орналасқан. Қорапшасында тек споралары жетіледі, пружинкалары (элатералар) болмайды. Протонемасы жақсы жетілген және ұзын тарамдалған жіпше т‰рінде, сиректеу пластинка пішіндес болады. Көптеген м‰ктердің қорапшасында споралардың шашылуына м‰мкіндік туғызатын перистом деп аталынатын ерекше аппарат жетіледі (перистом Sphagnum -мен Andreaea -да болмайды).
Жапырақты м‰ктер класы м‰к тәрізділер бөлімінің ішіндегі ең ‰лкені. Оған 700 туыс, 14500-дей т‰р (оданда көптеу болуы м‰мкін) жатады. Бұл кластың өкілдері құрлықтың барлық жерлерінде, Арктикадан бастап Антарктиканың мұздарының арасындағы ашық жерлерге дейін кездеседі.
Жапырақты м‰ктер класын мынадай 3 класс тармағына бөледі: Sphagnіdae, Andreaeіdae және Bryіdae.
Сфагнумдар класс тармағы (сфагновые) – Sphagnіdae
Сфагнумдар класс тармағына бір ғана Sphagnales қатары жатады.
Сфагнумдар немесе шымтезек (ақ) м‰ктер қатары (сфагновые) -
Sphagnales
Бұл қатарға бір тұқымдас Sphagnaceae, 350-дей т‰рі бар жалғыз сфагнум туысы жатады (Sphagnum). Сфагнум м‰ктері солт‰стік ендіктің қоңыржай және суық климатты облыстарының батпақтарында және батпаққа айналған ормандарында т.б. жерлерінде топырақ бетін т‰гел жауып жатады. Олар Евразия мен Солт‰стік Американың көптеген кеңістігін қамтиды. Таулы облыстарда сфагнумдар ылғалы мол құздарда өседі. Сфагнум м‰ктері
оңт‰стік жарты шеңбердің қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған. Атап айтқанда Жаңа Зеландияның, Тасманияның, Отты жердің (Огненная Земля) және Патагонияның батпақтарында өседі.
Тропикалық облыстарда сфагнум м‰ктері тек таудың белгілі бір биіктігінде кездеседі, т‰рлерінің саны жағынан көп болғанымен олар жердің бетін кілем секілді т‰гел жауып жатпайды. Бұрынғы одақтас республикалардың (БОР-дың) территориясырда сфагнумдардың ең жақсы жетілген жері орманды белдеудің солт‰стігі болып табылады. Тундрада сфагнум м‰ктерінің ролі к‰рт төмендейді, құрамы өзгереді. Бұл жерлерде керісінше жасыл м‰ктер басым болып келеді де, ойпаттау жерлерде батпақ т‰зеді.
Сфагнум қалың тығыз шым т‰зіп өседі. Шымнан жеке бөліп алған өсімдіктен олардың жапырақты сабақты екендігі айқын байқалады. Сабақтың сыртын сабақ жапырақтары қаптап тұрады, олардың кейбіреулерінің қолтығынан 2-7 дейін шоқ болып біріккен бұтақтары кетіп жатады. Бұл бұтақтарда бұтақ жапырақтары орналасқан. Бұтақтар сабақтың әр бөлігінде әр т‰рлі болып келеді. Сабақтың ‰стіңгі ұшында қысқа, г‰л шоғырына ұқсас, тығыз шоқпарбасқа топтасқан бұтақшалары болады. Оларға жапырақтары тығыз болып орналасады. Шоқ болып біріккен, бұтақшалардың бір-бірінен ара қашықтығы өте қысқа болады, ‰стіңгі бұтақшалар. Ал сабақтың төменгі бөлігінде орналасқан шоқтардың бір- бірінен ара қашықтығы едәуір ұзын. Әрбір шоқта 2-4-тен сирек жапырақтары бар, көлденең орналасқан бұтақшалар болады, оларды шашыраңқы бұтақшалар деп атайды. Шоқтың қалған бұтақшалары ерекше ұзын, жапырақтары сирек орналасқан болып келеді. Олар төмен қарай сабақтың бойымен салбырап тұрады, әрі тығыз жабысып өседі. Мұндай бұтақшаларды иілгіш бұтақшалар деп атайды (4:5,6;16-суреттер).
Жаздың аяғына таман жоғарғы бұтақшалардың бірі сфагнумның өсуін одан әрі жалғастыра отырып жоғары қарай өсе бастайды. Ал сабақтың төменгі ұшы біртіндеп өледі.
Сабақтың анатомиялық құрылысы өте қарапайым. Сабақтың ортаңғы бөлігін жалпақ паренхималық клеткалардан тұратын өзек алып жатады. Одан әрі қабық қабаты орналасқан, ішкі қабық қабықшалары қалың болып келген бірнеше қатар клеткалардан тұрады. Олар қоңыр, немесе қызыл т‰ске боялған. Клетканың бұл қабаты, с‰ректік цилиндр деп те аталады. Ол сабаққа мықтылық береді. Сыртқы қабық бірнеше қабат жалпақ, т‰ссіз өлі клеткалардан тұрады. Олардың қабықшалары спираль тектес қалыңдайды және ‰лкен тесіктері немесе поралары болады (17,1- сурет). Сабақтың сырты эпидермиспен қапталған, олардың клеткаларының құрылысы, сол жоғарыда айтылған клеткалардың құрылыстарымен бірдей. Сыртқы қабықты және эпидермисті көп жағдайда көп қабатты эпидермис (гиалодермис) деп атайды. Поралар арқылы гиалодермистің қатар жатқан клеткалары өз ара қатысып тұрады.
Клеткалар суды оңай сорып алады, ал олар сабақтың бойымен жылдам ж‰ріп отырады.
Сфагнумның бұтақтарының жапырағы ланцетті немесе жұмыртқа тектес-ланцетті болып келеді. Олардың құрылысы ерекше. Жапырақ ортаңғы ж‰йкесі жоқ бір қабат клеткалардан тұрады, сол себепті олар сабақты және жапырақты юнгерманниялардың жапырағына өте ұқсас .
Сфагнумның жапырағы екі т‰рлі клеткалардан тұрады-хлорофилл дәндері бар және су жинайтын немесе гиалинді клеткалардан. Хлорофилл дәндері бар клеткалар жіңішке, жауын құрты тәрізді болып келеді. Олар жалпақ т‰ссіз гиалинді клеткалардың арасында қыстырылып тұрады. Соңғы аталған клеткалар суға толы болады.
Су жинайтын клеткалардың қабырғасы спираль тәрізді қалыңдаған және көптеген тесіктері немесе поралары болады. Поралардың ‰лкендігі және формасы әр т‰рлі болады-көзге зорға көрінетін ұсақтан, өте жалпақ т‰рлеріне дейін кездеседі. Поралар жай және көмкерілген (окаймленные) болып келеді . Олардың саны және клеткада орналасуы әрт‰рлі (клетканың б‰йірлік қабырғаларын бойлай, бұрыштарында және т.б.). Сфагнумның кейбір т‰рлерінде бұл белгілер тұрақты.
Бойына су жинайтын клеткалар жапырақтың 2/3 бөлігін алып жатады. Анатомиялық құрылысының осылай болуы сфагнумның топырақтан суды тез сорып, оны сабағына және жапырағына уақтылы өткізіп отыруына м‰мкіндік береді. Кейбір т‰рлерінің бойына суды өз салмағынан 37,5 есе артық жинайтындығы дәлелденген.
Сфагнумның аймаққа (территорияға) тез таралуы және олар пайда болған жерлердің батпаққа айналуы бұл өсімдіктердің бойына суды жинау қабілетінің жоғары болуына байланысты болса керек. Сфагнумның т‰сінің ақшылдау болуы да, оның жоғарыда суреттелген анатомиялық құрылысына тікелей байланысты. Өйткені жасыл клеткалардың ‰лесіне жапырақтың тек 1/3 бөлігі ғана т‰седі. Сфагнумның әрт‰рлі бұтақшаларының жапырағы формасы, көлемі, саны және пораларының орналасуы жағынан бір-бірінен айырмасы болады. Ассимиляциялық процесс сорайып шығып тұрған бұтақшалары мен ‰стіңгі бұтақшаларында ғана ж‰реді. Салбырап тұрған бұтақшалары сабақты айнала қоршап жамылғы, білте (фитиль) т‰зеді. Олар сабақтың бойымен судың ‰здіксіз тез ж‰ріп отыруына м‰мкіндік туғызады. Сфагнумның сабағында сабақ жапырақтары болады. Сыртқы т‰рі және құрылысы жағынан олардың бұтақшаның жапырақтарын біршама айырмашылығы болады. Бірақ олар да бір қабат болып келеді, ортаңғы ж‰йкесі болмайды, хлорофилл дәндері бар және гиалинді клеткалардан тұрады. Сабақтың, жапырақтардың белгілері әрт‰рлі т‰рлерінің өзінде, қатаң т‰рде тұрақты болып келеді және олардың сфагнум м‰гінің систематикасыда
‰лкен маңызы бар.
Толық жетіліп қалыптасқан сфагнум өсімдігінің ризоиды болмайды. Суды оның сабағы мен жапырақтары тікелей топырақтан сорады. Сфагнумның шымы жылма-жыл төменгі жағынан өліп отырады, ал ‰стіңгі жағынадағы бұтағының бірі сабақтың жоғары қарап өсуін жалғастырады. Сфагнумның өлген бөлігі, топырақта ылғалдың көбеюіне және оттегінің жетіспеуіне байланысты аяғына дейін шірімей шымтезек (торф) т‰рінде
жартылай шіріген қалдықтардың қабатын т‰зеді. Бұл жағдайда органикалық қышқылдар т‰зіледі, олар бактериялардың флорасын одан әрі азайтады да шымтезектің шіруін кешеуілдетеді.
Сабақтың жоғарғы жағында антеридийлері мен архегонийлері жетіледі. Антерийдилері жоғарғы бұтақтың өсінде пайда болады және олар жапырақшалар мен алма кезек орналасады. Мұндай артеридиалы бұтақтар жай көзге байқалады. Олар біршама ұзындау және қоңыр т‰ске боялған болып келеді. Антеридийлері құрылысы жағынан және ашылу ерекшеліктері бойынша жапырақты юнгерманниялардың антеридийіне ұқсас. Антеридийі ұзын тірсекке орналасқан, сопақша немесе шар тәрізді болып келеді. Олар жоғарғы жағынан қабырғаларының жарылып бірнеше бөліктерге бөлінуінің нәтижесінде ашылады, ал соңғылары сыртқа қарай қайырылып тұрады (17,2,3- сурет).
Антеридийінің ішінде көптеген екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі.
Архегонийлері қысқа бұтақшалардың ‰стінде (‰стіңгі және кейбір сорайған) 3-5 тен пайда болады (17,5 -сурет). Олардың құрылысы әдеттегідей болады. Ұрықтанған жұмыртқа қлеткасының одан әрі дамуының нәтижесінде спорогон пайда болады. Спорогонның құрылысы ерекше болады. Ол шар тәрізді қорапшадан тұрады. Қорапшаның астыңғы бөлігі аздап тартылып, тірсекке ауысады (17,6-сурет). Тірсек кезегінде сабақтың жоғарғы ұшына өтеді. Спорогон пісіп жетілген кезде сабақтың ‰стінгі ұшы ұзарып өседі де қорапшаны жабындық жапырақтардың ‰стінен жоғары көтеріп әкетеді. Сабақтың осы ұзарған бөлігін жалған тірсек деп атайды (өйткені ол гаметофитке жатады). Нағыз тірсек пен жалған тірсектің шекарасы айқын көрініп тұрады. (17,6-сурет).
Қорапшаның ‰стіңгі жағынан дөңгелек болып келген қақпақшасы жауып тұрады. Қақпақша қорапшаның бөліктерінен қабықшалары жұқа болып келетін бірнеше қабат ұсақ клеткалармен бөлінген. Қорапшаның ішінде, оның т‰п жағынан көтерілетін бағанасы болады. Бағана (колонка) жалпақ паренхималық клеткалардан тұрады. Бағананың ‰стіңгі жағында к‰мбез тәрізді спорангилері орналасқан. Оның ішінде споралары жетіледі. Қорапшаның қабықшалары бірнеше қабаттан тұрады. Эпидермисінде редукцияға ұшыраған, саңлауы жоқ екі көмкерме (т‰йістіргіш клеткалар) клеткалардан тұратын устьицасы болады. Эпидермистің устьице т‰зетін клеткаларынан басқа клеткаларының барлығында, жас кезінде хлорофилл дәндері болады. Сондықтан сфагнумның спорогоны кейде өз бетімен қоректене алады.
Жас спорогон архегонийдің т‰п жағында (құрсағында) байқалмай тұрады: оның әрі қарай өсуінің нәтижесінде архегонийдің т‰п жағы алдымен созылады, ал содан соң ортасынан жыртылады. Архегонийдің т‰п жағынан оның ‰стіңгі бөлігі, мойынның қалдығымен сыртқа көтеріліп шығарылады (қалпақша); астыңғы бөлігі кішілеу әдіп (оторочка) т‰рінде қорапшаның т‰бінде қалады. Осы кезде спорангидің қабықшасы мен бағанасы жарылады да, споралар қорапшаның қуысына т‰седі. Содан соң қақпақша қорапшадан
‰лкен к‰шпен ажыратылып, лақтырылып тасталады. Осыдан кейін барып споралар сыртқа шашылады.
Sphagnales-тің перистомы болмайды. Топыраққа т‰скен соң споралар өседі де, пластинка тәрізді протонемаға айналады. Протонемада ризодтары мен б‰ршіктері жетіледі (толығынан жетілген өсімдіктерде олар болмайды), сөйтіп ол келешегінде жапырағы бар сабаққа айналады. Жас өсімдіктің алғашқы жапырақтары бір қатар клеткалардан тұрады. Жапырақтың клеткаларының хлорофилл дәндері бар және су жинайтын болып бөлінуі кейіндеу басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |