Гапломитриялар қатары (гапломитриевые) - Haplomіtrіales
Бұл қатар тармағына жапырақты м‰ктердің аздаған тобы жатады. Олардың тік өсетін сабағы, төменгі жағы “тамырсабаққа” айналады. Жапырағы бір қабат клеткалардан тұрады, ортаңғы ж‰йкесі болмайды, ‰ш қатар болып орналасады. Жапырақтары-ның барлығы бірдей немесе кей жағдайда астыңғы жапырақтары (амфигастрий) ұсақтау болып келеді. Ризоидтары болмайды. Бұған 2 туыс жатады- калобриум (Calobryum) және гапломитриум (Haplomіtrіum).
Калобриум туысына бес т‰р жатады, олар ағаштардың шіріндісінде өседі. Кездесетін жерлері Шығыс Азия, Жаңа Зеландия, Орталық және Оңт‰стік Америка болып табылады. Бұл акрогинді бауыр м‰гі. Оның антеридийлері мен архегонийлері (әр т‰рлі особьтарда), сабақтың ұшында топтасып дамиды, өсу н‰ктесі олардың дамып жетілуіне жұмсалады. Соған байланысты сабақтың одан әрі өсуі тоқталады (13,3-сурет).
Гапломитриумның H.Hookerі деген бір ғана т‰рі бар, ол Батыс Европаның батпақты жерлерінде өседі. БОР-дың территориясында тек Карпат тауында кездеседі. Екі ‰йлі өсімдік. Антеридийлері 2-3-тен жапырақтың қолтығында дамиды. Архегонийлері 3-4-тен сабақтың ұшына жақын орналасқан жапырақтардың қолтығында орналасады. Бұл сабақтар архегонийлердің дамуына жұмсалмай, өз өсуін әрі қарай жалғастыра береді (13,4-сурет). Бұл екі туысқа жататын өсімдіктердің қорапшаларында споралар мен пружинкалар жетіледі. Гапломитриялар бауыр м‰ктерінің ішінде жеке дара тұрады (изолированно).
Акрогинді және анакрогинді юнгерманниялардың пайда болуын атап өтуге тұрарлық қызық жағдай. Көптеген ірі ботаниктер (Лейтгеб,Гебель) Haplomіtrіales -ті акрогинді және анакрогинді юнгерманнияларды байланыстырып тұратын аралық топ (буын) ретінде қарастырады. Сонымен бірге бұларды ерекше дараланған немесе маманданған топ деп т‰сінген жөн. Олардың ризоидтарының болмауы, шіріген ағаштың діңінде өсуі, шамасы сапрофиттік өмір с‰руіне байланысты болса керек (калобриумның ерекше бұтақталған тамырсабағы болады).
АНТОЦЕРОТТАР КЛАСЫ (АНТОЦЕРОТОВЫЕ) - ANTHOCEROTOPSІDA
Антоцероттар класы өз атын гректің anthos -г‰л және keros- м‰йіз деген сөздерінен алған. Б‰лардың жертаған (розетка) т‰зетін қара-көк т‰сті, табақша (пластинка) пішінді, жерге жабысып өсетін талломында, ұзынша және аздап қисықтау болып келген м‰йіз формалы спорогондары дамиды.
Бұл кластың өкілдері басқа м‰к тәрізділерден гаметофитінің қарапайымдылығымен және спорофитінің құрылысының өте к‰рделі болып келуімен ерекшеленеді. Б‰лардың спорофиттері ерекше меристемалық клеткалардың көмегімен ұзақ уақыттар бойы өсуге бейімделген.
Гаметофитінің құрылысының көптеген белгілері антоцероттарды балдырлармен жақындастырады, ал спорого-нының құрылысында керісінше жапырақты сабақты м‰ктерге тән белгілер бар.
Антоцероттар класына жер шарының негізінен тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған 300-дей т‰р жатады.
Бұл класс антоцероттар (Anthocerotales) деп аталатын бір ғана қатардан тұрады. Антоцероттар қатары 2 тұқымдастан тұрады: Anthocerotaceae және Notothylaceae. Anthocerotaceae тұқымдасына 3 туыс жатады. Олардың ішіндегі ең көп тарағаны антоцерос (Anthoceros). Бұл туысқа жер шарының қоңыржай климатты облыстарында және тропикалық аудандарда кездесетін 200-дей т‰рі жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында антоцерос туысының 3-4 ғана т‰рі өседі.
Басқа екі туыстың өкілдері тропикалық аудандарда және жер шарының оңт‰стік бөлігінде таралған. Notothylaceae тұқымдасына тек бір ғана нототилас (Notothylas) туысы жатады. Бұл туысқа тропикалық облыстарда кездесетін 10 т‰р және Батыс Европа мен солт‰стік Америкада кездесетін N.orbіcularіs дейтін бір т‰р жатады.
БОР- дың территориясында Anthoceros туысының тек екі т‰рі ғана кездеседі: A.punctatus A.laevіs.
Бұлар батпақты жерлерде, егістіктерде және ылғалы мол жыралардың бойында өседі. Антоцеростың талломдары жертаған тәрізді, көлемі 0,5-3 см- ден аспайтын, шет жағы тілімделген қоңыр-жасыл т‰сті болып келеді. Олар өзінің ортаңғы бөлімі арқылы жерге жабысып бекінетін 6-10 қабат клеткалардан тұрады. Талломдарының шеті бір қабат клеткалардан тұрады және көп жағдайда олар жоғары қарап қайырылған болып келеді (A. punctatus). Жерге талломдар қарапайым ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломдар өз телімдерінің (лопасть) арасында орналасқан төбе клеткалары арқылы өсіп отырады (4,1; 15-суреттер).
Талломның анатомиялық құрылысы өте қарапайым болып келеді. Ол біртектес паренхималық клеткалардан тұрады. Эпидермисі нашар жетілген. Талломның клеткаларында балдырлардағыдай ішінде пиреноиды бар пластинка тәрізді хромотофорлары (әр клеткада бір-бірден) болады.
Талломның сыртқа қарай ашылып тұратын шырышты қуыстары болады. Осы қуыстарда носток (Nostoc) деп аталынатын көк-жасыл балдырдың жіпшелері өседі. Ностоктың колониясы өсе келе көлемі ұлғаяды, онымен бірге қуыста кеңейеді. Қуыстың ішкі қабырғасынан т‰к тәрізді көптеген өсінділер пайда болады. Осы қуыстың ішкі қабырғаларында устьицелері орналасады. Қуыстар шырышқа толы болады. Шырыш сыртқа шығып талломның өсу н‰ктесін құрғап қалудан сақтайды.
Антоцеростың вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз ететін өнім б‰ршіктер (выводковые почки) болады. Олар балдырлардың
апланоспоралары секілді талломның клеткалары-ның ішінде пайда болады. Бұл жағдайда кейбір клеткалардың ішіндегі заттары клетканың қабырғаларынан біртіндеп қашықтап,бөлініп шығады да, қабықшамен қапталады. Осындай жолмен жаңа пайда болған клеткаларда бірінен соң бірі келетін, бірнеше бөліністерден кейін, кішкентай бір денешіктер пайда болады. Осы денешіктер өздерін т‰зетін клеткалардың қабықшалары шырыштанғаннан кейін, одан босап шығады. Содан соң, олар ұлғайып өсіп жаңа талломдар береді.
Антеридийі мен архегонийі бір өсімдікте пайда болады және олар талломның ұлпаларының ішіне еніп жатады. Антерийдилері талломның ерекше қуыстарында бір-бірден немесе топтасып орналасады. Антерийдилері пісіп жетілген кезде қуыстың қақпағы жарылып, антеридийлері ашылады, олардан екі талшығы бар сперматозоидтар сыртқа ж‰зіп шығады. Архегонийлері талломның ұлпаларының ішінде орналасады. Олардың өз қабықшалары болмайды және төрт клеткалы мойыннан, құрсақ канал клеткаларынан және жұмыртқа клеткасынан тұрады. Архегонийлерді сыртынан талломның ‰стіңгі клеткалары жауып тұрады. Бұл клеткалар архегонийлер пісіп жетілген кезде шырышпен қапталады (15,1г-сурет). Канал клеткалары (мойын және құрсақ) еріп шырышқа ж‰зіп кетеді, осы кезде сперматозоид жұмыртқа клеткасына өтіп, оны ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан өзіндік ерекшелігі бар спорогон (спорофит) дамиды. Пісіп жетілген спорогон жуандау қылшық тәрізді талломның ‰стінен 2-3 см көтеріліп көрініп тұрады. Спорогонның төменгі бөлігі жалпайып гаусторияға айналады, ол талломның ұлпаларына еніп жатады (15,д,в-сурет). Спорогон жоғарыдан төмен қарай екі жақтау арқылы тікесінен жарылып ашылады, осы кезде оның орталық бағанасы (колонка) көрінеді. Ол ұрықсыз ұлпалардан тұрады және қылшықты бойлай өседі. Бағана мен жақтаулардың арасында споралар мен пружинка тәрізді тарамдалған клеткалар орналасқан. Пружинка тәрізді тарамдалған клеткалар басқа бауыр м‰ктерінің элатерасымен шығу тегі бір (гомологті) (15,1ж-сурет). Спорогонның төменгі жағы тығыз орналасқан, оны жоғарыдан төмен қарай бақылайтын болсақ, біртіндеп спора мен пружинкалардың пайда бола бастағаны анық байқалады.
Қылшықтардың гаусториға айналатын жерінде, спорогонда меристемалық ұлпалар пайда болады. Осы ұлпалардың белсенділігінің арқасында қылшықтар жоғары қарай ұлғайып өседі және жаңа қылшықтар пайда болады (15,1е-сурет).
Спорогонның жақтауларының клеткаларында екі-екіден хромотофоралар болады. Жақтаулардың клеткаларының эпидермисінде кәдімгідей қызмет атқара алатын көмкерме (т‰йістіргіш) клеткалары бар устьице болады. Жақтауларда ассимиляциялық ұлпалар жетілген, осыған байланысты антоцеростың спорогоны белгілі бір мөлшерде өзін қоректік заттармен қамтамасыз ете алады.
Жаңа пайда болып келе жатқан спорогонның айналасында талломның ұлпалары астау тәрізді ұлғайып, жіңішке, ұзынша келген жамылғыға (обветрка) айналады (15,1д-сурет). Споралар өскен кезде олардан жіңішке
пластинка пішіндес протонема пайда болады, онда көптеген өсу н‰ктелері болады. Осы өсу н‰ктелері арқылы протонема ұлғайып, антоцеростың бұйраланған жақтаулары бар талломына айналады.
Антоцеростың кейбір т‰рлерінде (мысалы, америкада өсетін A.fuscіformіs) спорогондары өте ‰лкейіп өсіп, ұзындығы 6-16 см дейін жетеді. Мұндай спорогондар жерге еніп, одан су және минералды заттарды бойына сіңіріп, біраз уақыт дербес өсімдіктерге айналады.
Notothylas (Notothylaceae тұқымдасынан) деген туыстың спорогонының құрылысы ерекше болып келеді. Оның қорапшасы жамылғыдан (обвертка) биік болмайды. Ол екі жақтауымен немесе тіке жарықшақтары арқылы ашылады. lшінде қысқа бағанасы байқалады. Спорогоны Sphagnum-ның қорапшасына ұқсас. Қорапшаның қабырғаларында устьицелері болмайды, элатерасы тарамдалған (15,2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |