Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Псилофиттер қатары (псилофитовые)-Psіlophytales



бет84/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Псилофиттер қатары (псилофитовые)-Psіlophytales


Псилофиттер қатары жекелеген кітаптарда тримерофиттер (Trіmerophytales) деген атпен белгілі, бірақ бұлардың риниофиттерге белгілі бір жақындығы бар. Алайда риниофиттерден псилофиттердің өкілдері айқын көрінетін, тік өсетін негізгі діңі арқылы ажыратылады. Кейбір палеоботаниктер бұл қатарды жеке класқа бөледі, бірақ оған жеткілікті дәлел жоқ. Псилофиттердің арғы тегі риния типтес өсімдіктер болса керек, бірақ олар эволюциялық дамудың барысында белгілі бір бағытта ғана жетілген (специализация). Бұл қатарға бір ғана псилофиттер(Psіlophytaсеае немесе Trіmerophytaceae) тұқымдасы жатады. Негізгі туыстарының бірі псилофит (Psіlophyton), онда 20-дай т‰р бар. Олар девон дәуірінің алғашқы кезеңінің соңғы қабаттарынан Батыс европада, Оралда, Батыс Сібірде,Шығыс


Қазақстанда, Қытайда және Солт‰стік Америкада белгілі болып отыр (27;2-
сурет).
Псилофит шамасы батпақты жерлерде, көлемі ‰лкен алқапты қамтып қопа т‰зген. Ол риниядан бірнеше есе биік болған. Тік өскен псевдомоноподиалды сабағының жуандығы 5-мм-дей болған (кейде 9-мм-ге жеткен). Олардың тең немесе тең емес дихотомиялы бұтақтанған б‰йірлік бұтақтары болған. Сабақтарының өткізгіш системасы нағыз протостелді болып келеді. Протоксилемасының трахеидтері сақина немесе спираль тәрізді қалыңдаған, ал оларды қоршап тұрған метаксилеманың трахеидтерінің поралары баспалдақ тәрізді. Сабағының сыртын кутинмен жабылған, устьицесі бар эпидермис қаптап тұрады.
Сабағының сырты жалаңаш (мысалы,Psіlophyton dawsonіі) немесе ұзындығы 2-2,5мм-дей болатын көптеген тікенектермен жабылған. Осы тікенектердің ұштары диск тәріздес кеңейген болып келеді, шамасы бұл олардың секреторлық қызымет атқаратындығын көрсетеді. Егерде бұлар нағыз бездер болса, онда олар өсімдіктің бойында жиналған артық тұздарды сыртқа шығарып отыру қызыметін атқаратын болса керек.
Псилофиттердің ең белгілі өкілі ретінде Досон сипаттап жазған Psіlophytan prіnceps деген т‰рді алуға болады. Оның жапырағы болмаған. Көлденең өскен тамырсабақтарынан биіктігі 1м-ге дейін жететін жер беті сабақтары кетеді. Олар бірнеше рет дихотомиялы бұтақтанған, сырты жалаңаш немесе төменгі жағынан көптеген тікенектермен қапталған болып келеді (27;2-сурет). Жоғарғы жас бұтақтарының тармақтары спираль тәрізді шиыршықталып оралған болып келеді. Спорангийлері осы жас бұтақтардың кейбір тармақтарының ұштарынан төмен қарай салбырап орналасқан. Анатомиялық құрылысы ринияға ұқсас.
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда псилофиттердің спорангий т‰зетін бөлігі ерекше көңіл аударарлық. Олар екінші реттік дихотомиялық б‰йірлік бұтақтар. Осы бұтақтардың иілген ұштарында, екеу-екеуден жұп т‰зіп қосақтанған, спорангийлері орналасқан. Спорангийлері ұзынша эллипс тәрізді болып келген және олар б‰йірлік жарықшақтары арқылы ашылады.
Псилофиттерге девон дәуірінің бас кезінде өмір с‰рген тримерофиттер
(Trіmerophyton) және пертика (Pertіca) деген туыстарды жақындастырады.
Соңғы кездері риниофиттер бөлімінен бірнеше туыстар шығарылып тасталды. Оларға спорогонитес (Sporogonіtes), астероксилон (Asteroxylon) және псевдоспорохнус (Pseudosporochnus) туыстары мысал бола алады. Спорогонитес шамасы м‰к тәрізділерге, астероксилон плаун тәрізділерге, ал псевдоспорохнус қарапайым папоротник тәрізділерге жатады.
Риниофиттердің құрылысын және олардың бір-бірімен эволюциялық байланысын зерттеу барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер д‰ниесінің эволюциялық морфологиясы мен филогениясы ‰шін маңызы ерекше ‰лкен. Бұл зерттеу ең бастысы жоғары сатыдағы өсімдіктердің спорофитінің алғашқы бастамасы оның спорангийлер т‰зетін дихотомиялы бұтақтанған
сабағы екендігін толық дәлелдеп берді. Ал риниофиттердің тамыры мен жапырағының болмауы, олардың сабақтар мен спорангийлерден кейін пайда болғандығын көрсетеді. Сонымен риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің пайда болуының және спорофиттің эволюциясының телломдық теориясын құруға негізгі материал болғандығын айта кеткеніміз жөн. Риниофиттерді жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы, яғни арғы тегі деп қарап, одан м‰к тәрізділер, плаун тәрізділер және папоротник тәрізділер пайда болған десек, оған толық негіз бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет