Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ЗОСТЕРОФИЛЛОФИТА БӨЛІМІ (ЗОСТЕРОФИЛЛОФИТЫ) - ZOSTEROPHYLLOPHYTA



бет85/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   215

ЗОСТЕРОФИЛЛОФИТА БӨЛІМІ (ЗОСТЕРОФИЛЛОФИТЫ) - ZOSTEROPHYLLOPHYTA


Бұл класқа девон дәуірінің бас және ортаңғы кездерінде өмір с‰рген өсімдіктердің аздаған тобы жатады. Кейбір ботаниктер зостерофиллопсидтерді риниофиттермен жақындас-тырса, екінші біреулері тіптен плаун тәрізділерге жатқызады. Зостерофиллопсидтердің плаун тәрізділерге жақындығы мынада , олардың спорангийлері бұтақтың төбесіне емес, б‰йіріне орналасқан және ксилемасы сабақтың ортасына қарай өсіп дамиды. Бірақ плаун тәрізділерден зостерофиллопсидтер жапыраққа ұқсас органдарының м‰лдем болмауымен айқын ажыратылады. Мұндай жапыраққа ұқсас орган әдетте тек риниофиттер мен м‰к тәрізділерге тән болған. Сондықтан кейбір ботаниктер, мысалы Д.Брихорст (1971) жойылып кеткен өсімдіктердің бұл тобын жеке бөлім ретінде қарастырады.


Олар мынадай жорамал айтады, зостерофиллопсидтер плаун тәрізділерге бастама берген өсімдіктердің тобы болуға тиісті. Бұл жорамалда ‰лкен негіз бар және оны келешектегі зерттеулер дәлелдеп беруі м‰мкін. Екінші бір көзқарас бойынша зостерофиллопсидтер плаун тәрізділермен екеуіне ортақ, бір тектен шыққан, эволюцияның б‰йірлік бұтағы болып табылады. Девон дәуірінің өсімдіктері жөніндегі біздің қазіргі кездегі біліміміз екінші көзқарастың бұл мәселеге көп ұстамдылықпен қарайтындығын аңғартады. Сондықтан да жоғары сатыдағы өсімдіктердің бөлімдерінің бір-бірімен байланысын көрсететін сызба-нұсқада (1-сурет) зостерофиллопсидтер мен плаун тәрізділерді риниофиттерден бастау алатын, екеуіне де ортақ, бір тектен шығарады.
Зостерофиллофита бөліміне бір класс жатады.


ЗОСТЕРОФИЛЛОПСИДТЕР КЛАСЫ (ЗОСТЕРОФИЛЛОПСИДЫ)


ZOSTEROPHYLLOPSІDA

Зостерофиллопсидтер класы зостерофиллумдар (Zosterop-hyllales) деп аталынатын кішірек бір қатардан және екі тұқымдастан тұрады.


Бір деректер бойынша зостерофиллум туысы зостеролист деген атпен жер шарының солт‰стік және оңт‰стік ендіктерінде силури дәуірінің
‰стінгі қабаттарынан белгілі. Бұлар тамырсабақтарының құрылысы протостельді болып келетін су өсімдіктері (суға екінші рет оралған?) болған. Судың бетінен сорайып шығып, көрініп тұрған сабақтарының өстерінде масаққа жиналған спорангийлері жетілген (29;1-сурет). Екінші бір деректер бойынша, мысалы, 1892 жылы девон дәуірінің алғашқы кезіндегі қабаттарынан табылған зостерофиллум (Zosterophyllum) туысы Европада, Батыс Сібірде, Қытайда, Солт‰стік Америкада және Австралияда кеңінен таралған өсімдіктер болған. Бұлар кішкентай, дихотомиялық бұтақтанған, жіңішке ризомоидтары бар өсімдіктер. Протостелі риниофиттерге қарағанда анақұрлым жақсы жетілген. Зостерофиллумдардың ксилемасының айырмасы сол, ол өткізгіш шоқтарының сыртқы бөлігінде жататын прокамбийдің клеткаларынан (экзоархно) пайда болады және көлденең кесіндісі эллипс тәрізді.
Тік өскен сабақтары қалың кутикуламен қапталған, ал қабықтың сыртқы бөлігі қабықшасы қалың болып келетін субэпидермальды клеткалардан тұрады. Ол дегеніміз бұл өсімдіктің біршама, құрғақ жерде (ксероморфты) өсетіндігін көрсетеді. Ксероморфты болуының өзі зостерофиллумның галофит екендігін, яғни тұзды жерлерде өсетіндігін дәлелдейді. Мұндай өсімдіктердің қазіргі кезде ксероморфты белгілерінің жиі байқалатыны белгілі. Бұл белгілі бір бағытта дамыған өсімдік, оны спорангийлерінің орналасуынан байқауға болады.
Егер хедея-яровиялардың эволюциялық даму жолында спорангий т‰зетін бұтақтарының қысқаруы, оларда синангийдің т‰зілуіне әкеліп соқтырса, зостерофиллумде біздер спорангийлерінің орналасуының эволюциялық дамуының басқа жолын көреміз. Спорангий т‰зетін б‰йірлік бұтақтарының қысқаруының нәтижесінде, спорангийлері негізгі өске қысқа сағақтары арқылы жабысып, (б‰йірлік бұтақтарының қалдықтары) кейбір сабақтарының ‰стінде масақ т‰зеді. Спорангийлері б‰йрек тәрізді болып келген және ‰стіңгі саңлаулары арқылы тең емес екі бөлікке бөлінеді. Зостерофиллумдар қатарына бірнеше басқа туыстар жатады. Солардың бірі Оңт‰стік Уэльсте (Ұлы британия) девон дәуірінің соңғы қабаттарынан табылған госслингия туысы (Gosslіngіa) болып табылады (29;2-сурет). Оның негізгі спорангийлері шамамен негізгі өстің бойымен де, б‰йірлік бұтақтарында да тең орналасқан болып келеді. Спорангийлердің ашылуы шамамен зостерофиллумдердікімен бірдей болған. Жапырақсыз, негізінен дихоподиалды бұтақтанған госслингияның сабақтарының жуандығы 0,5-тен 4мм-ге дейін, ал биіктігі 50 см-дей болған. Дихотомиялы бұтақтанған ризомоидтан (“тамырсабақ”) ризоидтары кетіп жатқан. Тамыры болмаған. Бұл өсімдіктің сабақтарының бір ерекшелігі, олардың ‰стіңгі жас бұтақтарының ұшы аздап спираль тәрізденіп бұралған болып келген. Госслингияның сабағының анатомиялық құрылысын Англияның палеоботанигі Диане Эдвардс (1970) зерттеген. Негізінен ол зостерофиллумның анатомиялық құрылысына ұқсас болған: ксилемасының көлденең кесідісі эллипс тәрізді, шамасы экзоархты болса керек. Метоксилемасы баспалдақты және торлы
трахеидтерден тұрады. Госслингияның вегетативтік органдарының негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, оның өсінің бұтақтанатын жеріне жақын, кішкене буылтықтарының немесе т‰йіндерінің болуы. Әрбір буылтыққа өткізгіш шоқтары өтіп тұрады. Мұндай өскіндер девон дәуірінің басқа да өсімдіктерінде болғаны белгілі. Б‰л өскіндердің атқаратын қызметі белгісіз, бірақ олар сол кездегі өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбеюіне қажетті орган болуы м‰мкін.
Госслингияны госслингиялар (Gosslіngіaceae) тұқымдасына жатқызады. Бұл тұқымдасқа тағы да кренатакаулис (Crenatacaulіs) деген туыс жатады. Ол Канаданың Гаспе т‰бегінен девон дәуірінің төменгі қабаттарынан 1969 жылы табылып сипатталып жазылған. Сырт қарағанда ол госслингияға өте ұқсас. Өстері госслингияның өстеріндей буылтықтанған, сабағының ұштары спираль тәрізді оралған және анатомиялық құрылысы да соған ұқсас болып келеді. Айырмашылығы тек спорангийлерінің құрылысында, олар бір-біріне тең емес екі бөлікке ашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет