ПЛАУНДАР КЛАСЫ (ПЛАУНОВЫЕ) -LYCOPODІOPSІDA
Плаундар класына мынадай ‰ш қатар жатады: 1) астероксилондар қатары (Asteroxylales); 2) плаундар қатары (Lycopodіales); 3)
протолепидодендрондар қатары (Protolepіdoden-drales). Бұлардың біріншісі мен ‰шіншісі т‰гелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатарына ертеде жойылып кеткен дреланофикустар тұқымдасы (Drepanophycaceae) және осы кластың ішіндегі қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасы (Lycopodіaceae) жатады.
Астероксилондар қатары (астероксиловые)- Asteroxylales
Плаун тәрізділердің ішіндегі ең қарапайым және ең ерте пайда болған тобына астероксилондар қатары (Asteroxylales) жатады. Жақын уақытқа дейін бұл қатарды риниофиттерге жатқызып келген. Бірақта сабағының құрылысының сифоностельдік болып келуі, жапырақтарының болуы және басқа да белгілерінде біршама ілгері дамығандық байқалады, оларды толық сеніммен плаун тәрізділер бөліміне жатқызуға м‰мкіндік береді.
Бұл қатарға бірғана астероксилондар (Asteroxylaceae) тұқымдасы жатады. Осы тұқымдаста астероксилон (Asteroxylon) және схизоподиум (Schіzopodіum) деп аталынатын екі туыс бар. Аталған туыстардың екеуіде осыдан шамамен 400 млн. жыл бұрын жойылып кеткен өсімдіктер. Оның біріншісі астероксилон (Asteroxylon) жер шарының көптеген жерлерінен (Шотландиядан, ФРГ-ден, БОР-дан және КНР-ден) тек девон дәуірінің ортаңғы кезіндегі қабаттарынан, екіншісі схизоподиум (Schіzopodіum) осы жоғарыда айтылған дәуірдің ортаңғы кезінде Австралиядан, ал соңына таман АҚШ-нан табылған. Бізге осы өсімдіктердің тастың бетіне т‰скен таңбалары да, тікелей тасқа айналған қалдықтары да белгілі. Астероксилон туысы риниямен және хорнефитонмен Шотландияның Райни деген елді мекеніне жақын жерден, девон дәуірінің ортаңғы кездеріндегі кремнийі мол қабаттарынан табылған.
Астероксилон биіктігі 1 м-ден аспайтын шөптесін өсімдік болған, оның жер беті және жер асты бөліктері, сонымен бірге сабағы және жапырағы (филлоиды) бір-бірінен айқын ажыратылады. Астероксилонның бұл ерекшеліктері риниофиттерге тән емес (30,1-сурет).
Астероксилонның жер беті бөлігі тік өскен, сиректеу аша тәрізді немесе дихоподиальды бұтақтанған сабақтан тұрады. Әсіресе сабақтың б‰йірлік бұтақтары бірнеше рет дихотомияланған болып келеді. Жапырақтары ұсақ, ұштары ‰шкір, біз тәрізді және ж‰йкеленген болып келеді. Оларды сабақтың қысқа өскіндері (энаций деп атаған) ретінде қарастырған. Ж‰йке жапырақтың т‰п жағына еніп тұрғанымен, оның ұшына дейін жетпеген. Жапырақтары қазіргі кезде өмір с‰ретін плаундардың жапырақтары секілді сабақтың сыртын қалың жауып тұрған. Устьицелері тек жапырақтарында ғана емес, сонымен бірге сабақтарында да болған.
Сабақтары көлбеу бағытта өсетін, дихотомиялы бұтақтанған, барлық плаун тәрізділердегі секілді тамыр т‰ктері болмайтын, ризомоида деп аталынатын жер асты бөлігінен кетеді.
Сабақтың стелі экзоархты немесе мезоархтыға ауысатын актиностельден тұрады. Ал актиностель сабақтың т‰п жағында өзегі нашар жетілген сифоностельге ауысады.
Бұл ерекшелігі астероксилонды бір жағынан риниофиттерден алшақтататын болса, екінші жағынан оларды плаун тәрізділермен жақындастырады. Ксилемасы айқын байқалатын жұлдызша формалы болып келеді. Asteroxylon туысының ғылыми аты осыған байланысты қойылған (гректің aster - жұлдыз және xylon - ағаш, бұл жерде с‰рек деген ұғым береді) (30,2-сурет).
Орталық шоқ жоғарыда айтылғандай сабақтың көлденең кесіндісінде жұлдызша формалы ксилемадан және оны қоршаған флоэмадан тұрады (30,2-сурет). Ксилемасы сақиналы және спиральды трахеидтерден, ал флоэмасы ұзынша қабырғалары қиялау болып келген, тесіктері (с‰згілері) жоқ клеткалардан тұрады. Қабығы сыртқы және ішкі болып бөлінеді (30,2- сурет). Ішкі қабықта ауа қуыстары болған. Сыртқы қабыққа жапыраққа өтетін шоқтардың ізі көрініп тұрады.
Сабақтың негізгі бөлігін (шамамен оның диаметрінің 4/5) бөлігін қабық қабаты алып жатады. Қабық қабаты стельдің диаметрімен салыстырғанда көп қалың болады. Қабықтың ортаңғы бөлігі борпылдақ болып келеді; ол ауа ж‰ретін кең каналдардан (қуыстардан) тұрады. Каналдар бір-бірінен паренхималық клеткалардан тұратын перделері арқылы бөлініп тұрады.
Ауа ж‰ретін қуыстарының көп болуы, ғалымдардың тұжырымдауы бойынша астероксилонның суда да, құрғақта да (қосмекенді) немесе жартылай суға батып тұрып та өсе беретін өсімдік екендігін дәлелдейді.
Ризомоидтың анатомиялық құрылысы өте қарапайым және ринияның ризамоидының құрылысына ұқсас болған. Бір қызығы сабақтың да, ризамоидтың да қабығынан саңырауқұлақтардың гифалары мен споралары табылған. Шамасы олармен астероксилон симбиоз т‰зіп өмір с‰рген.
Астероксилонның спора т‰зуі туралы, б‰гінгі к‰нге дейін толық дерек жоқ. Астероксилонның спорангилері жапырақсыз, дихотомиялы бұтақтанған өстердің жоғарғы ұштарында дамыған. Спорангийлерінің (ұзындығы 1 мм- дей) қабырғалары көп қабатты және ‰стіңгі жағынан ашылатын болған. Ал спораларына келсек, олардың барлығының мөлшері бірдей, яғни тең споралы (30,3- сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |