Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ДАМУ ЦИКЛІНДЕ СПОРОФИТІ БАСЫМ БОЛЫП КЕЛЕТІН ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР



бет86/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   215

ДАМУ ЦИКЛІНДЕ СПОРОФИТІ БАСЫМ БОЛЫП КЕЛЕТІН ЖОҒАРЫ САТЫДАҒЫ ӨСІМДІКТЕР




ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ПЛАУНОВИДНЫЕ) - LYCOPODІOPHYTA


Жалпы сипаттамасы. Қазіргі кезде біздің планетамызды мекендейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, плаун тәрізділер (Lycopodіophyta) өте ертеде пайда болған өсімдіктерге жатады.
Плаун тәрізділер өзінің даму биігіне палеозой эрасының соңында көтерілген. Қазіргі кезде плаун тәрізділердің аздаған ғана туысы мен т‰рлері кездеседі, олардың өсімдіктер д‰ниесінің құрамының қалыптасуына қатысы шамалы.
Қарастырып отырған бөлімнің қазіргі кезде кездесетін өкілдерінің барлығы мәңгі жасыл, сырт қарағанда кейбір жасыл м‰ктерге ұқсас болып келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кезде жойылып кеткен плаун тәрізділердің ішінде шөптесін өсімдіктермен бірге, ‰лкен ағаш тәрізді формаларыда болған.
Плаун тәрізділердің көпшілігіне спиральдың бойымен орналасқан жапырақтары бар бұтақтардың болуы тән. Кейде жапырақтары қарама-қарсы немесе топталып орналасады. Кейбір плаун тәрізділердің жапырағының т‰біне жақын жерде, оның ішкі өске қараған жағында кішірек шұңқырға батып тұратын өскіні болады. Оны тілше немесе лигула деп атайды.
Сабағының жер асты бөлігі, бір плаун тәрізділерде т‰рі өзгерген жапырақтары және қосалқы тамырлары бар нағыз тамырсабаққа ұқсас болып келеді. Ал екінші біреулерінде ерекше "ризофор" деп аталынатын орган т‰зіледі, онда спиральдың бойымен орналасқан тамырлары болады. Плаун тәрізділердің тамырлары қосалқы тамырларға жатады.
Жер беті және жер асты өстері төбелік меристемалары арқылы өседі. Олардың белсенді (инициальды) клеткалары келешегінде бөліну м‰мкіндігінен айрылады, сондықтанда плаун тәрізділердің өстері аздап қана өседі.
Плаун тәрізділердің жер беті және жер асты өстеріне дихотомиялық немесе аша тәрізді (вильчатое) бұтақтану тән. Дихотомиясы тең және тең емес болып келеді. Дихотомиясы тең болып келген жағдайда жас бұтақтардың өсуі бірдей болады (детерминирован) және олар бірдей уақытта өледі, ал тең болмаған жағдайда бұтақтардың біреуі өзінің өсіп дамуын екіншісінен бұрын аяқтайды.
Плаун тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы стельдердің әрт‰рлі типтеріне байланысты болып келеді. Өсімдіктің онтогенезінде стельдің бір типінің екіншісіне ауысып отыруы заңды т‰рде ж‰ретін процесс, оны төбелік меристеманың көлемінің өзгеруінен айқын байқауға болады.
Осы бөлімнің қазіргі кезде жойылып кеткен ағаш тәрізді және кейбір шөптесін өкілдеріне, сабақтарының және ризофораларының екінші рет жуандауы тән, ол қалыпты жағдайдағы немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған камбийдің қызметіне байланысты.
Плаун тәрізділердің ішінде тең споралы және әрт‰рлі споралы өсімдіктер бар. Әрт‰рлі споралы өсімдіктердің жапырақтарының тілшесі болады. Плаун тәрізділердің спораларының әдетте ‰ш жақтаулы, тетрадалы тігісі болады.
Плаун тәрізділердің тең споралы және әрт‰рлі споралы формаларының гаметофиттері (өскіншелері) бір-бірінен айқын ажыратылады. Қазіргі кезде өмір с‰ретін тең споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері жердің астында немесе жартылай жердің астында жатады және етженді келеді, ұзындығы 2- 20 мм-дей болады. Олар қос жынысты сапрофит немесе жартылай сапрофит ретінде өмір с‰реді және 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Әрт‰рлі споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері дара жынысты болып келеді және жердің бетінде өседі. Олар спорада болатын қоректік заттарды пайдалана отырып бірнеше аптаның ішінде дамиды, пісіп жетілгеннен кейін де спораның қабығынан сыртқа шықпайды немесе аздап қана шығады.
Жыныс органдары антеридийлер мен архегонийлерден тұрады. Антеридийлерінде екі немесе көп талшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткалары жетіледі. Ұрықтану процесі судың тамшысы болған жағдайда ғана ж‰реді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ бірден жаңа өсімдікке, яғни спорофитке айналады.
Плаун тәрізділер бөлімі екі кластан тұрады: 1) плаундар немесе ликоподиопсидтер (Lycopodіopsіda) және 2) полушниктер немесе шильниктер немесе изоэтопсидтер (Іsoetopsіda) кластары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет