Липидодендрондар қатары (лепидодендровые) -Lepіdodendrales
Лепидодендрондар т‰гелімен жойылып кеткен өсімдіктердің тобы. Ең алғаш олар девон дәуірінің басында пайда болып, тас көмір дәуірінде дамудың аса жоғарғы деңгейіне жеткен, ал осы дәуірдің соңына таман көптеген өкілдері жойылып кеткен. Аздаған формалары перм дәуірінің бас кезіне дейін өмір с‰рген, ал бір туысы (Pleuromeіa) мезозой эрасының триас дәуірінен белгілі.
Ең көп тараған туыстары лепидодендрон және сигиллярия, олардың қалдықтарынан тас көмірдің қалың қабаттары пайда болған.
Бұл қатарға ‰ш тұқымдас жатады. Лепидодендрондар (Lepіdodendraceae)
тұқымдасы.
Аса кең тараған туысы лепидодендрон (Lepіdodendron), олар биіктігі 40 м.-ге дейін жететін, ал диаметрі 2 м-ге дейін болатын ағаштар. Лепидодендрондардың 100-ден аса т‰рлері белгілі.
Лепидодендрондардың тік өсетін діңдері жоғарғы жағында дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Бұтақтарының ұшындағы тарамдары ұзын спираль тәрізді орналасқан жапырақтарымен жабылып тұрады. Жапырақтарының ұзындығы әрт‰рлі т‰рлерінде 1-ден 50 см-ге дейін жеткен. Жапырақтарының тілшелері болған (36-сурет).
Жапырақтары т‰скен кезде лепидодендронның бұтақтарында және діңінде жапырақ жастықшалары деп аталатын олардың т‰п жағы қалып қояды. Жастықшаның формасы ромба тәрізді болып келеді. Ол лепидодендронның діңінің жоғарғы жағынан көтеріліп көрініп тұрады және сабақпен бірге ұлғайып өсіп, дұрыс орналасқан қатарлар т‰зеді (36,2-сурет).
Жапырақ жастықшасында т‰сіп қалған тілшесінің ізі, жапырақтың ж‰йкесінің ізі және парихнос деп аталынатын екі пар ұлпаның ізі айқын байқалып тұрады (36,3-сурет).
Көптеген т‰рлерінің сабақтары, екінші рет қалыңдап отырған. Діңі және бұтақтары бұл жағдайда сифоностельді, ал жіңішке бұтақтары протостельді
болып келген. Сабақтарының қабық қабаты қалың болған, ол сабақтың кесе көлденеңінің 90 %-ін алып жатады.
Сабақтың ортасын өзек алып жатыр. Өзектен шетке қарай метаксилема мен протоксилема (сабақтың алғашқы құрылысынан) және баспалдақ тәрізді т‰тіктерден тұратын, соңғы ксилема орналасқан. Әрі қарай камбийдің жіңішке сақинасы, оның сыртында флоэманың сақинасы (соңғы және алғашқы) содан соң перицикл орналасады. Соңғы ксилемада көптеген жіңішке өзектік сәулелер көрінеді.
Қабықтың құрылысы к‰рделі - ол ішкі (паренхималық клеткалардан тұратын) және сыртқы (негізінен механикалық, қабықшасы қалың элементтерден тұратын) болып екіге бөлінеді. Одан әрі шетке қарай феллогеннен пайда болған, ішкі перидерманың аса қалың қабаты орналасады. Одан сыртқа қарай сыртқы перидерманың қабаты т‰зіледі. Перидерма механикалық клеткадан тұрады (36,4-сурет).
Сонымен діңнің механикалық беріктігін қазіргі кездегі ағаштардағыдай ксилема емес перидерма қамтамасыз еткен, сондықтанда лепидодендрондарды қабықты ағаштар деп атаған.
Қабығында және перидермасында жапырақтардың іздері, шоқтары байқалады. Олар орталық стельден бастау алып, оны бұзып жармайақ (без прорыва) жапыраққа өтеді.
Қабықтан паренхималық тяждарда бастау алады. Олар сабақтың сыртқы қабаттарында тарамдалып екі топқа бөлінеді, содан соң екі жұп паренхималық қуыстар т‰рінде (парихнос) жапыраққа өтеді. Осы паренхималық ұлпа арқылы сабақтың ішкі ұлпалары ауамен қамтамасыз етіледі. Лепидодендрондардың стигмариялар деп аталынатын ризафорлар береді. Стигмарияларында олардан кететін тамырлардың іздері айқын байқалады.
Сабақтың жоғарғы тармақталған бұтақтарының ұштарында масақтары жетіледі. Олардың мөлшері әрт‰рлі т‰рлерінде әрт‰рлі болады. Көпшілігінің масақтарының ұзындығы 2,5 см-ден 30 см-ге дейін, ені 1 см-ден 7,5 см-ге дейін болған. Масақтың өсіне спиральдың бойымен спорофильдері бекінеді.
Спорофиллдерінің ‰стіңгі жағында, оларға өзінің төменгі жағымен бекінген, микроспорангийлері (көп жағдайда масақтардың жоғарғы бөлігінде) және мегаспорангийлері орналасқан. Спорофиллдерінде спорангийлерінен жоғарылау тілшелері бекінген (37,1-сурет). Көптеген т‰рлерінде масақтары дара жынысты болады.
Микроспорангийлерінде көптеген ұсақ споралары, ал мегаспорангийлерінде 8-ден 16-ға дейін мегаспоралар жетіледі. Мегаспоралары өсіп жақсы жетілген аналық өскінше (заросток) береді. Өскіншенің жоғарғы жағында архегонийлері жетіледі (37,3-сурет).
Сигилляриялар тұқымдасы (Sіgіllarіaceae). Бұл тұқымдастың негізгі туысына сигиллярия (Sіgіllarіa) жатады. Оның көптеген т‰рлері лепидодендрондармен өмір с‰рген. Сигилляриялар биік діңдері бар (30 м-ге жететін) т‰зу тік өсетін ‰лкен ағаштар болған. Әдетте м‰лдем бұтақтанбаған немесе ең ұшында аздап бұтақтанған болған (38-сурет).
Жіңішке және ұзын болып келетін жапырақтары т‰скенде сабақтарында аласа жапырақ жастықшалары қалып отырған, немесе жапырақтың іздері (рубцы) тікелей қабығында орналасқан болады.
Жапырақ іздерінің формасы мен көлемі сигиллярияның әрт‰рлі т‰рлерінде бірдей емес және мөрге (печатқа) ұқсайды. Сол себептенде бұл өсімдік өзінің атын алған (Sіgіlla деген сөзді қазақшаға аударғанда "мөр" деген ұғым береді).
Жапырақ жастықшаларында немесе іздерінде өткізгіш шоғының ізі (жапырақтың ортаңғы ж‰йкесі) және парихностың екі тармағы (оңынан және солынан) байқалады. Одан жоғарылау кішкентай щұңқыр орналасқан - ол тілшенің ізі. Сигиллярия әрт‰рлі споралы өсімдік болған, масағы (ұзындығы 16-20 см) көп жағдайда дара жынысты болып келген. Сондықтанда ол не микроспорангийлерден не мегаспорангийлерден тұрады (соңғысында 5-12 - дейін мегаспоралар болған).
Плевромейялар тұқымдасы (Pleuromeіaceae). Бұл тұқымдасқа жататын жалғыз плевромейя (Pleuromeіa) туысы мезозой эрасының триас кезеңінің бастапқы кезінен белгілі. Плевромейяның діңі онша ‰лкен болмаған, оның биіктігі 2 м-ден, ал диаметрі 10 см-ден аспаған. Сырт қарағанда сигиллярияға ұқсас болған. Сабағы төменгі жағынан бір ғана ‰лкен ризофорға айналады (41-сурет). Одан жан-жаққа көптеген тамырлары кетеді. Осы жағынан плевромейялар полушниктерге өте ұқсас.
Діңінің ‰стіңгі жағында жапырақтары орналасқан. Жапырақтары т‰скен кезде діңде олардың іздері қалып отырған. Сабақтың ‰стіңгі ұшы масақпен аяқталады. Масақтың өсіне көптеген спорофиллдері орналасқан. Олардың
‰стіңгі жағында бір-бірден қапшық тәрізді спорангийлер орналасқан. Плевромейялар шамасы Іsoetales қатарына бастама берсе керек.
Достарыңызбен бөлісу: |