Қазіргі кезде өмір с‰ретін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде кішкентай псилот тәрізділер (Psіlotophyta) бөлімі бөлектеу тұрады. Оған бір ғана псилотопсидтер (Psіlotopsіda) класы жатады. Класқа бір қатар (Psіlotales) және бір тұқымдас (Psіlotaceae) жатады. Онда псилот (Psіlotum) және тмезиптерис (Tmesіpterіs) деп аталынатын екі туыс бар.
Псилот тәрізділер тамырлары болмайтын кішілеу өсімдіктер. Олардың риниофиттермен жақындастыратын бірқатар белгілері болады. Псилот тәрізділер жер шарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропикалық облыстарында таралған.
Псилот туысының екі т‰рі бар: P.trіquetrum және P.flaccіdum. Олар тропикаға жақын жерлерде кеңінен таралған, солт‰стік ендікте Жапонияға, Кореяға және Флоридаға (АҚШ) өтеді, ал оңт‰стік ендікте - Жаңа Зеландияға дейін жетеді. P.trіquetrum топырақта тік өсетін өсімдік, ал P.flaccіdum ағаштардың діңінде, әсіресе ағаш тәрізді папоротниктерде өсетін эпифиттер.
Тмезиптерис (Tmesіpterіs) туысының да 2 т‰рі бар. Олар Шығыс Индияда, Филиппин аралдарында, Австралияда және Жаңа Зеландияда таралған өсімдіктер. Ең көп таралғаны T.tannensіs деген эпифит т‰рі.
Туыстың екеуінің де т‰рі жапырақсыз дихотомиялы бұтақтанған тамырсабағы топыраққа еніп жатады. Жер бетінен жоғары ол жапырақты сабаққа ауысады. Мұндай сабақтар не жердің бетінен көтеріліп тұрады немесе ағаштардың діңінен төмен қарап салбырап тұрады. Псилоттың жер беті сабағының ұзындығы 20-100 см, тмезиптеристе 5-40 см жетеді. Тамырсабақтары тамыр т‰ктерімен жабылған және құрылысы қарапайым протостельді болып келеді. Тамыры болмайды. Олар ұрықтың жағдайында да байқалмайды.
P.trіquetrum -нің жер беті сабағы ‰ш қырлы, ал P.flaccіdum-тіке жалпақ болып келеді (42,1-сурет). Оларда жер асты сабақтары секілді дихотомиялы бұтақтанған болып келеді. Сабақтың жоғарғы ұшындағы айырықтарында, жапырақтары және спорофиллдері спорангийлерімен орналасады. Псилоттың жапырағы ұсақ қабыршақ тәрізді болып келеді. Жапырақтарында ж‰йкелері болмайды, бірақ P.flaccіdum-ның сабағында жапырақтың ізі болады. Оның өзі псилоттың жапырағының редукцияға ұшырағандығын көрсетеді. Ассимиляциялық қызыметті негізінен сабақтары атқарады.
Сабағының құрылысы актиностельді болып келеді. Орталық шоқтың, баспалдақты трахеидтерден тұратын бес, он сәулелі ксилемасы болады, бірақ өзегі склеренхималық клеткалардан тұрады. Ксилеманы флоэма қоршап жатады. Шоқтың сыртын эндодерма алып жатады. Одан әрі сабақтың шетіне қарай қабық қабаты орналасады. Сабақтың сыртын эпидермис жауып тұрады.
Эпидермистің астында бірнеше қабат клеткалардан тұратын ассимиляциялық ұлпа орналасады (42,2-сурет). ‡ш ұялы спорангийлері- синангийлері (біріккен спорангийлер) кішкентай аша тәрізді тармақталған спорофиллдердің жоғарғы жағында орналасады (42,1б,в). Спорангийлердің әрқайсысы әдетте жеке-жеке пайда болады, содан соң барып бірігеді. Олардың қабырғалары көп қабатты болып келеді. Спорангийлерінде көптеген мөлшері жағынан бірдей споралар жетіледі. Пісіп жетілген соң спорангийлері радиальды жарықшақтары арқылы жоғары жағынан қақырап ашылады, нәтижесінде споралары сыртқа шашылады. Осы споралардан өскіншілер жетіледі. Өскіншілер жердің бетінде өседі және оның клеткаларының ішіне өтетін саңырауқұлақтардың гифасымен бірге селбесіп өмір с‰реді. Псилоттың өскіншелері цилиндр тәрізді, оны ‰ш жағы дихотомиялы бұтақтанған болып келеді және ұзындығы 1,8-2 см жетеді, ал диаметрі 1-1,25 мм аспайды. Өскіншіден көптеген ризоидтары кетеді (43,2- сурет). Өскіншенің қызық ерекшеліктерінің бірі сол, одан қарапайым, аздаған сақина тәрізді және спираль тәрізді трахеидтерден тұратын стельдің қалдықтарының табылуы. Мұның өзі Psіlotales-тің арғы тегінің гаметофиттерінің (өскіншілерінің) жақсы жетілгендігін және оларда стельдік құрылыстың болғандығын көрсетеді. Сырт қарағанда өскінше жас спорофитке ұқсас болады. Өскіншелері қос жынысты. Антеридийлері жоғарғы жағында болады және өскіншенің ұлпасына енбей тұрады. Оларда көп талшықты сперматозоидтар жетіледі. Архегонийлері т‰п жағымен өскіншенің ұлпасына еніп жатады (43,2-сурет). Ұрықтанудың нәтижесінде жетілген ұрық, сабақтан және өскіншенің ұлпасына еніп тұратын аяқшадан тұрады. Ұрықта тамырда, ұрықтың алғашқы жапырағы да болмайды.
Ұрық өскен кезде бірден жер асты сабағы (тамырсабағы) пайда болады, оның сыртын тамыр т‰ктері жауып тұрады. Одан әрі жер беті сабағы мен жапырақтары пайда болады. Тмезиптеристің жер беті сабақтары кезектесіп орналасатын жапырақтарымен жабылған. Сабақтың төменгі жағының жапырақтары қабыршақ тәрізді, ал жоғарғы жағының жапырақтарының жақсы жетілген жасыл т‰сті, көн тәрізді қалыңдау тақтасы болады. Жапырағының жақсы жетілген орталық ж‰йкесі болады. Сабағында жапырақтың ізі болады. Оның сабақтан кеткен жерінде (әсіресе спорофиллдерінде) жапырақ жарықшақтары айқын байқалады. Сабағының құрылысы псилоттың сабағының құрылысына ұқсас, бірақ шоқтың ортасын өзек алып жатады.
Спорофиллдері аша тәрізді. Олар сабақтың жоғарғы жағының жалпы цилиндр тәрізді бөлігінен (сағағынан) кететін екі жапырақ тақтасының
‰стінде орналасады (42,2а). Олардың арасында тірсекке беки отырып екі қабат спорангийлері (синангийі) орналасады. Олар көлденең перделері арқылы екі ұяға бөлінеді. Спорангийлердің әрқайсысы пісіп жетілген соң, тіке жарықшақтары арқылы қақырап ашылады (42,2б), сөйтіп олардан споралары сыртқа шашылады.
Спораларының барлығы бірдей, қарапайым олар қос жынысты өскіншілерге бастама береді. Өскіншелердің формасы жауын құртына ұқсас
болып келеді және жердің астында саңырауқұлақтардың гифаларымен селбесіп өседі.
Антеридийлері мен архегонийлері өскіншенің б‰ткіл ұзына бойында шашыраңқы орналасады. Антеридийлерінде көп талшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткасы жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін пайда болатын ұрық сабақтан және өскіншенің ұлпасына еніп тұратын аяқшадан тұрады. Ұлғайып өсетін сабақ кішілеу денешік т‰рінде жетіледі, ол екі жағынан бірдей дихотомиялы бұтақтанады. Жас спорофит ұзақ уақыттар бойы өскіншемен байланысты болады және сырт құрылысы жағынан да оған ұқсас болып келеді (44- сурет). Спорофиттің одан әрі бұтақтануының нәтижесінде сабақтың жоғарғы жағынан жер беті бұтақтары кетеді, оларда жапырақтары пайда болады. Спорофиттің жер асты бөлігінің бұтақтануының нәтижесінде тамырсабақтары қалыптасады. Псилоттардың қазба қалдықтары белгісіз. Олардың басқа споралы өсімдіктермен байланысы белгісіз. Бұрын оларды – Lycopsіda-мен және Sphenopsіda-мен жақындастырған. Бірақ олар плаундардан тамырларының болмауымен, сперматозоидтарының көп талшықты болуымен, стелінде жапырақ жарықшақтарының (листовых прорывов) болуымен ажыратылады. Олардың жапырақтары, сонымен микрофилді болмайды. Олар Sphenopsіda-ға біршама жақын, бірақ олардан жапырақтарының топтасып орналасуымен, синангийлерінің болуымен және басқада белгілерімен айқын айырмасы болады. Сонымен бірге псилоттардың риниофиттермен көптеген ортақ белгілері болады (тамырларының болмауы, стельдік құрылысының қарапайым болуы және т.б.). Псилоттар шамасы риниофиттердің тікелей ұрпағы болса керек. Оған мынадай нәрсе негіз болғандай. Жапонияда мәдени жағдайда өсірілетін жалаңаш псилоттың клондарының ішінде бір “Бунриу-заң” деген атпен белгілі т‰рі бар, ол м‰лдем жалаңаш, яғни жапырақтарының белгісі де жоқ. Ал синангийлері (‰штен көп спорангийлерден тұратын) дихотомиялы бұтақтанған бұтақтарының жоғарғы ұштарында орналасады. Егерде “Бунри-заң” девон қабаттарынан табылғанда онда палеоботаниктер ешбір к‰мәнсіз оны риниофиттерге жатқызып, шамасы яравиямен қатар қойған болар еді.