Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ГИЕНИЯЛАР НЕМЕСЕ ГИЕНИОПСИДТЕР КЛАСЫ



бет95/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   215

ГИЕНИЯЛАР НЕМЕСЕ ГИЕНИОПСИДТЕР КЛАСЫ


(ГИЕНИЕВЫЕ ИЛИ ГИЕНИОПСИДЫ) - HYENІOPSІDA

Класқа бір ғана гиениялар қатары (Hyenіales) жатады. Бұл т‰гелдей жойылып кеткен өсімдіктер, өмір с‰рген уақыты девон дәуірі болған (осыдан 415-370 млн. жылдар бұрын). Бірақ олардың қырықбуындар бөліміне жатқызылуы, бірқатар ботаниктердің арасында талас-тартыстар туғызып келеді.


Гиениялар қатарына екі тұқымдас жатады: Hyenіaceae және Calamophytaceae. Гиениялар тұқымдасына гиения туысы (Hyenіa) жатады. Қазіргі кезде гиенияның 4 т‰рі сипатталып жазылды. Олардың барлығы биіктігі бірнеше дециметрдей болатын кішігірім бұташықтар болған. Ең жақсы зерттелген т‰ріне H.elegans (45- сурет) жатады. Ол тамырсабақты өсімдік болған. Тамырсабағынан жоғары қарай тік бағытта айқын байқалатын буындары мен буынаралықтары болмайтын бұтақтары кетеді.
Гиенияның сабақтары дихотомиялы бұтақтанған және екі -‰ш рет дихотомиялы тілімделген жапырақтарымен жабылған болып келеді. Бұтақтың жоғарғы жағында жапырақтары топтасып, ал төменгі жағында спиральдің бойымен орналасады (45,1б-сурет).
Гиенияның спорофиллдерінің жиынтығы сирек масақ т‰зеді. Ол ерекше жеміс беретін бұтақшалардың басында орналасады.
Спорофиллдерінің жоғарғы ұшы дихотомиялы бұтақтанған болады. Оның әрбір айырығында 2-3-тен төмен қарай салбырап тұратын спорангийлері орналасады (45,1в- сурет).
Каламофитон туысы (Calamophyton) сырт құрылысы жағынан гиенияға ұқсас, бірақ одан сабақтарында айқын байқалатын буындары мен буынаралықтарының болуымен және жапырақтарының бірақ рет дихотомиялы тілімделуімен ажыратылады. Жапырақтарының ұзындығы 1 см-дей болады. Олар бұтақтың төменгі бөлігінде кезектесіп, ал жоғарғы бөлігінде топтасып орналасады (45,2- сурет). Спорофиллдерінің жиынтығы гиениялардағы секілді сирек масақ т‰зеді. Спорофиллдерінің айырығында екіден спорангийлері орналасады.
Гиениялар риниофиттерден шыққан (Psіlophyton тектес).


СЫНА ЖАПЫРАҚТЫЛАР НЕМЕСЕ СФЕНОФИЛЛОПСИДТЕР КЛАСЫ (КЛИНОЛИСТОВЫЕ, ИЛИ СФЕНОФИЛЛОПСИДЫ) -




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет