Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет125/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ТҰҚЫМДЫ ӨСІМДІКТЕР


Тұқымды өсімдіктер мынадай екі бөлім құрайды: ашық тұқымдылар (Pіnophyta, Gymnospermatophyta, Gymnospermae) және жабық тұқымдылар (Magnolіophyta, Angіospermatophyta, Angіospermae). Олар тұқым б‰рінен тұқымдарының пайда болуымен сипатталады. Тұқым б‰рі дегеніміз - т‰рі өзгерген мегаспорангий.


Папоротник тәрізділер мен плаун тәрізділердің барлығының гаметофиттері спорофиттеріне қарағанда нашар жетілген. Гаметофиттің мөлшері ‰лкен болмайды, құрылысы қарапайым болып келеді және аз уақыт
өмір с‰реді. Әсіресе әрт‰рлі споралы плаун тәрізділер мен папоротник тәрізділердің өкілдерінің гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған. Әрт‰рлі споралы плаун тәрізділер мен папоротник тәрізділердің гаметофиттері микро - және мегаспорадан шықпай-ақ өнеді және көп жағдайда 1-2 вегетативтік клеткадан (мысалы, Selagіnella, Salvіnіa-лардың аталық өскіншелері), немесе олардың аздаған санынан (сол өсімдіктердің аналық өскіншелері) тұрады.
Тұқымды өсімдіктердің аталық және аналық гаметофиттерінің екеуіде плаун тәрізділер мен папоротник тәрізділерге қарағанда редукцияға көп ұшыраған. Селагинелладан бастап мегаспораның аналық өскіншеге айналғаны, онда архегонийдің дамығаны, тіптен мегаспорангийдің ішінде жас спорофиттің пайда болғаны байқалады. Селагинелланың кейбір т‰рлерінде өскіншенің пайда болуы және жаңа спорофиттің (ұрықтың) дамуы мегаспорангийде ж‰реді. Айта кеткен жөн, бұл кезде мегаспорангий әлі аналық өсімдікте болады. Бұл жерден тұқымның пайда болуына бірақ қадам бар.
Тұқымды өсімдіктерде мегаспораның өнуі, аналық гаметофиттің пайда болуы, ұрықтануы және жаңа спорофиттің бастамасының, басқаша айтқанда ұрықтың дамуы барлық уақытта мегаспорангийдің ішінде ж‰реді. Бұл кезде мегаспорангий әлі аналық өсімдікте болады.
Тұқымб‰рі (мегаспорангий) тұқымға айналады. Тұқым аналық өсімдіктің есебінен жетіледі.
Ұрықта әдетте ‰лкен өсімдіктің негізгі органдары: сабақтың, жапырақтың, тамырдың бастамасы болады. Ұрық сонымен бірге артық қор заттарымен қамтамасыз етілген, ол сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен (жағдайынан) тұқымның қабығы арқылы тамаша қорғалған.
Тұқым аналық өсімдіктен бөлініп, жерге т‰сіп, ұзақ уақыттар бойы тыныштық жағдайда сақтала береді. Қолайлы жағдай туысымен (жылудың, ылғалдың болуы және т.б.) тұқым өнеді. Ұрық алғашқы кезде тұқымның артық қор - заттарын пайдалана отырып өсе бастайды. Біртіндеп тұқымның қабығы т‰седі де, өскін көп ұзамай тамыр береді, сөйтіп өсімдік дербес өмір с‰ре бастайды. Редукцияға көп ұшыраған аталық гаметофит әрт‰рлі жолдармен тұқымб‰ріне келіп т‰седі. Ол өзінің вегетативтік бөлігімен негізінен тозаң т‰тігін т‰зуге бейімделген. Тозаң т‰тігі тұқымды өсімдіктердің көпшілігінде қозғалғыштығын жоғалтқан аталық гаметаларды мегаспорангийдің ішінде тұрған (орналасқан) аналық гаметаға тікелей жеткізеді (жұмыртқа клеткасына). Ұрықтану бұл жерде судың болуына байланысты емес.
Тұқымның пайда болуы тұқымды өсімдіктердің споралы өсімдіктерден көп артықшылығының болатындығын айқындады. Соңғыларының дамуы ылғалдың және жылудың жеткілікті мөлшерде болуымен тығыз байланысты. Өйткені споралардың басым көпшілігі қолайлы жағдайға тап келмей жойылып кетіп отырады. Споралар жеткілікті т‰рде жақсы қорғалмаған және оларда қоректік заттардың қорыда аз. Споралы өсімдіктердің гаметофитінің
дамуы, ұрықтану процесі белгілі бір жағдайды қажет етеді, бірақ ондай жағдай құрлықта ‰немі (барлық уақытта) бола бермейді.
Тұқымды өсімдіктердің таралуына споралары емес, тұқымдары м‰мкіндік жасайды.
Жер бетіндегі қазіргі қалыптасқан жағдайға тамаша бейімделген тұқымды өсімдіктер, олар споралы өсімдіктерді ығыстырып, құрлықта айқын басымдылық танытуда.
Тұқым т‰зуге ұмтылыс споралы өсімдіктердің әрт‰рлі топтарында бірнеше рет байқалған (Mіadesmіa мене Lepіdocarpon -да, Lіcopsіda-да; шамасы бұл Sphenopsіda -да болған) бірақта нағыз тұқым тек Pterіdopsіda -да ғана белгілі және бұл жерде оның даму процесін қадағалауға м‰мкіндік бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет