Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Марсилеидтер класс тармағы (марсилеиды) -Marsіleіdae



бет122/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Марсилеидтер класс тармағы (марсилеиды) -Marsіleіdae


Бұл кластармағы бір ғана марсилеялар қатарынан тұрады, онда бір ғана марсилеялар тұқымдасы бар.




Марсилеялар қатары (марсилеевые) - Marsіleales


Марсилеялар тұқымдасы (марсилеевые) Marsіleaceae

Марсилеялар тұқымдасын марсилия (Marsіlea), пилюлария (Pіlularіa) және регнеллидиум (Regnellіdіum) туыстары құрайды. Бұл осы марсилеялар қатарындағы жалғыз тұқымдас. Папоротниктердің бұл тобының негізгі ерекшелігі, олардың әрт‰рлі споралығымен, суда немесе суда да, құрғақта да өмір с‰ре алатындығынан басқа, тек осыларға ғана тән органдарының споракарпийлерінің болуында (84-сурет). Осыдан 200- дей жыл бұрын Карл Линней марсилея туысын сипаттап жазып, оны Италия ботанигі граф Л. Марсильидің (1658-1730) құрметіне атаған.


Марсилея ең белгілі су папоротниктерінің бірі, ол д‰ние ж‰зінің барлық жылы аудандарында кең таралған. Негізінен туыс солт‰стік жарты шарда көп кездеседі, алайда тропикалық Африка мен Австралия оның т‰рлеріне аса бай. Туыста 60-тай қазіргі кезде кездесетін т‰р бар. Ал қазба т‰рінде табылған 10 т‰р олардың тізімін толықтыра т‰седі. Қоңыржай климатты зонада марсилеяның т‰рлері онша көп болмайды, ал БОР-дың
территориясында оның бары-жоғы 3-ақ т‰рі бар. Оның ‰шеуіде Қазақстанда кездеседі.
Марсилея қос мекенді өсімдік. Олардың өмірінің жартысы суда, жартысы құрлықта өтеді. Марсилеяның біреулері өмірінің көп бөлігін судың астында, ал екіншілері ауада өткізеді. Марсилеялардың ішінде, негізінен құрғақта өсетінде т‰рлері бар. Австралияда кездесетін қаттыт‰кті марсилея (Marsіlea hіrsuta) деген т‰р суда да және құрлықтада да жақсы өседі.
Марсилея кішкентай шөптесін өсімдік, жіңішке бұтақталған сталон тәрізді тамырсабақтары болады, олар не жердің бетінде төселіп, не болмаса аздап ұйыққа батып жатады. Суда өсетін т‰рлерінің буынаралығы ұзын, ал құрғақта өсетіндерінде ол көп қысқа болады. Кейбір марсилеялардың, мысалы кішкентай марсилеяның (марсилея маленькая – M.mіnuta) тамырсабақтарының негізгі бұтақшаларында кейде т‰йнек тәрізді өсінділер пайда болады. Олардың сыртын ұсақ жапырақшалар жауып тұрады және өздерінің қабығында көп мөлшерде май жинайды (артық қор заттары). Бұл “т‰йнектер” буынаралықтары ылғида ұзын болып келетін жаңа тамырсабақтың бастамасы болып табылады. Жасамал (ересек) тамырсабақтарының өткізгіш системасы сифоностельді, ал т‰йнек тәрізді өсінділерінде – диктиостельге ұқсас болады.
Т‰йіндерінен төмен қарай бұтақталған, немесе бұтақталмаған тамырлары кетеді. Тамырларының саны және олардың ұзындығы әрт‰рлі т‰рлерінде әрқилы болады. Ең ұзын тамыр кішкентай марсилеяда (марсилея маленькая –M.mіnuta) болады (ұзындығы 13см-ге жетеді.).
Төрт жапырақты марсилея (марсилея четырехлистная –M.quadrіfolіa) деген т‰р сулы-батпақта өсетін өсімдік, ол Волга бойында және Солт‰стік Кавказда кездеседі. Марсилеяның бұл т‰рінің төселіп өсетін тамырсабағы жердің астында жатады. Тамырсабақтың астыңғы жағынан төмен қарай тамырлары, ал жоғарғы жағынан жапырақтары кетеді, соңғылары жердің (судың) бетінде көтеріліп көрініп тұрады. Марсилеяның ұзын, жіңішке сабақтары төрт жапырақшамен аяқталады. Марсилеяның жапырағы беденің (клевер) жапырағына ұқсас. Марсилеяның “су бедесі” деп аталуының өзі, папоротниктің осы ерекшелігімен тікелей байланысты болса керек. Бір қарағанда марсилеяның төрт жапырақшасы екі-екіден қарама-қарсы орналасқан секілді. Шындығында оның тек жоғарғы екеуі ғана қарама-қарсы орналасқан, ал қалған екеуі бір-біріне жақын тұрғанымен, олардың өткізгіш шоқтарының іздері көрсеткендей кезектесіп орналасқан. Кейде әдеттегідей 4 жапырақшаның орнына 5 немесе 6 жапырақшасы бар өсімдіктерде кездеседі. Бұл т‰рлердің төменгі жапырақшаларының кезектесіп орналасқандығы айқын байқалады. К‰ндіз жапырақтары жайылып жатады, ал т‰нде б‰ктеліп жабылып қалады. Тамырсабақтарының құрылысы соленостельді болып келеді (амфифлоилық сифоностель).
Тамырсабағының ортасын стель алып жатады. Тамырсабақтың көлденең кесіндісінен (84,5-сурет) стельдің қабықтан сыртқы эндодерма арқылы бөлініп тұрғандығы көрінеді. Одан әрі шетке қарай ішкі, содан соң сыртқы қабық орналасады. Ішкі қабық негізінен қабықшалары қалың болып келетін
склеренхималық клеткалардан тұрады. Сыртқы қабық паренхималық клеткалардан тұрады және оның ауа қуыстары болады (аэренхима). Қабықтың сыртын эпидермис қаптап тұрады. Стельдің құрылысы к‰рделі болады. Стельді қабықтан бөліп тұратын сыртқы эндодерманың астында бір қабат перицикл орналасады. Перициклдің астында шеңбер т‰зіп, алдымен флоэма, содан соң ксилема орналасады. Тереңірек ішкі перициклды және стельді өзектен бөліп тұратын ішкі эндодерма орналасады.
Өзек көп жағдайда т‰гелімен механикалық клеткалардан тұрады, немесе олар паренхималық клеткалармен аралас орналасады.
Стельде жапырақтың жарықшақтары болады, олар жапырақтың іздері жойылған соң пайда болады. Сорустары 1-3-тен жапырақтың сағақтарының төменгі ‰штен бір бөлігінде орналасады, олардың құрылысы к‰рделі болып келеді және спорокарпий деп аталады.
Пісіп жетілген спорокарпийдің сыртын, оны кеуіп қалудан жақсы сақтайтын, қалың, аса мықты қабықша жауып тұрады. Спорокарпийдің ішкі дөңес қабырғасын бойлай, шеміршек тәрізді ұлпадан сақина орналасады (84,2-4-сурет), оған сорустары бекіп тұрады. Әрбір сорус сыртынан екі қабат индузиймен қапталған. Сорустың ішінде жатын болады, оның ‰стіңгі жағында, саны онша көп болмайтын, ұсақ микроспорангийлері және біршама
‰лкендеу мегаспорангийлері орналасады. Спорангийлердің қабықшалары жұқа болады. Сақинасы болмайды.
Микроспорангийде көптеген микроспоралар пайда болады. Пісіп жетілген мегаспорангийде бір ғана мегаспора пайда болады. Әдетте мегаспоралар көптеп пайда болады, бірақта олардың біреуінен басқасы өліп қалып отырады. Пісіп жетілген спорокарпий топыраққа ‰зіліп т‰седі. Спорокарпийдің ішіне біртіндеп су енеді, оның әсерінен шеміршек тәрізді сақина ісінеді. Ісінген сақинаның көлемі ұлғаядыда, спорангийдің қабырғасына қатты қысым т‰сіреді. Нәтижесінде спорокарпийдің қабырғасы төменгі жағынан қақырап сөгіледі, осы кезде сақина жазылып спорокарпийден тыс қалады. Жазылған сақинада екі қатар болып сорустары орналасады (84,4-сурет).
Микро және мегаспоралары индузий мен спорангийдің қабырғалары жыртылғаннан кейін суға т‰седі де өне бастайды. Бір тәуліктің ішінде олар толық жетіледі. Микроспора өсіп редукцияға көп ұшыраған аталық өскінше (гаметофит) береді. Спора өне келе кішкентай проталиальдық (ризоидтық) клетканы және б‰йірлік клетканы береді, соңғысының бөлінуінің нәтижесінде екі антеридиальдық клетка пайда болады. Оның әрқайсысы қабықшаның екі клеткасынан және бір спермагендік клеткадан тұратын, редукцияға көп ұшыраған бір-бірден антеридий береді. Сперматогендік клетка келешегінде екі сперматозоидқа бастама береді. Осы сатысында өскінше 7 клеткадан тұрады (85,1-сурет). Әрбір антеридийде көпталшықты 6- 8 сперматозоидтар т‰зіледі.
Бұл кезге дейін қабықшаның клеткаларыда, проталиальдық клеткада бұзылады, сөйтіп сперматозойдтар жалпы шырыштың ішінде қалады. Содан
соң, микроспораның клеткасының қабықшасы жарылады да сперматозоидтары сыртқа шығады.
Мегаспора мегаспорангийдің ішіде өніп аналық өскінше береді. Өну мегаспораның жоғарғы жағынан басталады, өйткені сол жерде іші цитоплазмаға толы б‰ртік тәрізді кішкентай томпағы болады. Осы жерге мегаспораның ядросы ауысады. Мегаспораның қалған бөлігі қоректік заттарға толы болады (85,2а-сурет).
Мегаспораның ядросы бөлінеді де, көп ұзамай пайда болған клетканы мегаспорадан бөліп тұратын көлденең перде т‰зіледі.
Жоғарғы клетка одан әрі бөлінеді, нәтижесінде одан жалғыз ғана кішкентай архегоний жетіледі. Ол жұмыртқа клеткасынан, құрсақ канал клеткаларынан және бір ғана мойынның канал клеткасынан тұрады. Архегонийдің сыртын аздаған қабықшаның клеткалары жауып тұрады. Архегоний өсе келе мегаспораның қабықшасын жыртып шығады және оның
‰стінен бір шама көтеріліп көрініп тұрады. Архегоний пісіп жетілген соң, жоғарғы жағынан ашылады (85,2е-сурет). Сперматозоид архегонийдің ішіне еніп, жұмыртқа клеткасымен қосылады.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы (зигота) тез бөлінеді. Біртіндеп ұрық т‰зіледі. Оның дамуы алғашқы кезде мегаспораның қоректік затының есебінен ж‰реді. Ол өзіне қажетті заттарды ұрықтың аяқшасы арқылы сорады. Сонымен алғашқы тамыр, алғашқы сабақ және алғашқы жапырақ пайда болады. Одан әрі тамыр жерге енеді, сабақша т‰зуленеді және жаңа жапырақшалары пайда болады. Марсилеяның алғашқы жапырақтары біз тәрізді, содан соң екі телімді жапырақтары және ең соңында ересек өсімдікке тән жапырақтары пайда болады.
Батпақты жердің шетінде, батпақты сайларда, суы саяз өзендерде және Еділдің төменгі сағасы көктемгі тасқын суына толған кездерде, сонымен бірге Орта Азияның суқоймаларында тікенекті марсилея (марсилея щетинистая –M.strіgosa) өседі. Бұл т‰рдің жапырақшалары кері жұмыртқа тәріздес, ал т‰п жағы сына тәрізді болып келеді. Спорокарпийлері эллипс тәрізді қысыңқы, сырты т‰ктермен (тікенектермен) қапталған және жалғыздан орналасады.
БОР-дың территориясын мекендейтін ‰шінші т‰р египет марсилеясы (M.aegyptіca). Ол Оңт‰стік Заволжьяның суларында, Іле өзенінің су алабында, Ертістің, Амурдарияның жоғарғы сағасында, Балхаш, Зайсан көлдерінде және басқа жерлерде өседі. Жапырақшалары жіңішке, керісінше сопақ, ойыс жиекті.
Спорокарпийлері төртбұрышты, оның арқа жағында және аяқшасында тілімделген сайлары болады.
Марсилеяның практикалық маңызы жоқтың қасы. Орта Азияда және басқа жерлерде бұл папоротниктер к‰ріш өсірілетін тақталарда (рисовых чеках) өседі, сондықтанда оларды арамшөп ретінде жояды. Еділдің су алабында және Орта Азияның суларында, марсилея басқа су өсімдіктері секілді қалың қопа т‰зеді, ол жерлерде балықтар уылдырық шашады және олардың шабақтары (мальки) жетіледі.
Марсилеялар тең споралы папоротниктерден, оның ішінде қазіргі кездегі схизеялар (Schіzaeaceae) тұқымдасының арғы тегінен шыққан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет