Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Таға папоротниктер тұқымдас тармағы (кочедыжниковые) - Athyrіoіdeae



бет121/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Таға папоротниктер тұқымдас тармағы (кочедыжниковые) - Athyrіoіdeae


Таға папоротниктер тұқымдастармағының усасыр папоротниктеріне


туыстық жағынан жақындығы бар, бұған 20-дай туыс жатады. Тұқымдастармағының негізгі туысы таға папоротнигі (кочедыжник- Athyrіum) оған 200-дей, негізінен солт‰стік еңдіктің қоңыржай климатты зонасында өсетін т‰рлер жатады (тропиктерде аздаған ғана т‰рлері өседі). Олар біршама ірі, негізінен орманда өсетін өсімдіктер, жапырақтары екі-‰ш рет қауырсындалған, жұқа, олардың бетінде сопақтау, немесе қисайып орналасқан сорустары болады. Тамырсабақтары жуан, қысқа, немесе ұзын болып төселіп өседі, көп жағдайда бұтақталған, олардың сыртын қалыңдау қабыршақтар қаптап тұрады.
Туыстың негізгі өкілі аналық таға папоротнигі (кочедыжник женский – A.fіlіx-femіna), ол Евразияның және Солт‰стік Американың орманды зонасына тән. Негізгі өсетін жерлері ылғалды орман, шалғынды жер, өзеннің жағасы және батпақты жерлер. Аналық таға папоротнигі орманды тундраның талдар өсетін жерлерінде және қайың шоқтанып кішігірім орман т‰зетін жерлерде Арктикаға дейін жетеді. Аналық таға папоротнигінің жапырағының сегментінің екі бетінде де негізгі ж‰йесін бойлай сорустары орналасады, олардың формасы таға немесе ілгек тәрізді болады. Сорустарын дәл осындай формалы жамылғы жауып тұрады, оның шеттері шашақтанған болып келеді (бахрома). Бұл папоротниктің тамырсабағы, усасыр папоротнигінің тамырсабағы секілді халық медицинасында кеңінен қолданылған.
Қуырылған тамырсабақтарымен жас жапырақтарын Батыс Американың индеецтері тамаққа пайдаланады.
Диплазиум (Dіplazіum) туысына 400-дей тропикалық ормандарда өсетін т‰рлер жатады, олар орманның өсімдіктер қауымының негізгі компоненттері болып табылады. Диплазиум туысына тропиктердің папоротниктерінен тамаққа пайдалануы жағынан ең маңыздыларының бірі, жеуге келетін (тамақтық) диплазиум (диплазиум съедобный- D.esculentum). Ол тропиктерде Индиядан Филлипинге дейін, және Фиджи аралдарының ылғалды ашық жерлерінде өседі. Бұл т‰рдің ‰стіңгі етженді жапырақтары көкөніс немес салат ретінде тамаққа пайдаланылады.
Қоңыржай климатты зоналарда диплазиумдар көп емес, әдетте олар онша биік болмайтын (15-25 см) өсімдіктер. Тамырсабақтары ұзын, жіңішке, жерге төселіп өседі және олардың сырты қабыршақтармен жабылып тұрады. М‰кті ылғалды ормандарда, қиыршық тасты жерлерде, өзеннің жағалауларында, олардың кейбіреулері Евразиямен Солт‰стік Американың территориясында таралған.
Көпіршікті папоротник туысына (пузырник или цистотоптерис- Cystopterіs) 10-нан астам т‰р жатады, олардың санының аздығы кейбір т‰рлерінің қалың болып өсуімен теңеседі. Мысалы: морт көпіршікті папоротник (пузырник ломкий-C.fragіlіs, 82,1-сурет) Арктикалық тундраның, Евразияның, Солт‰стік Американың орманды аудандарын мекендейді. Сонымен бірге ол Гренландияда, Исландияда, Батыс Африканың тауларында, Тасманияда және Жаңа Зеландияда да кездеседі. Көпіршікті папоротниктің кейбір т‰рлерінің кең таралуына, олардың вегетативтік жолмен көбею көп м‰мкіндік береді. Баданалы көпіршікті папоротниктің (пузырник луковиценосный- C.bulbіfera, 76,2б-сурет) б‰ршіктері жерге т‰скен соң, өсіп қалың қопа т‰зуіне ғана емес, сонымен бірге оның жаңа территорияларды жаулап алуына да м‰мкіндік береді.
Вудсия туысына (Woodsіa, 82,3,4-сурет) Австралия мен Антарктикадан басқа жер шарының барлық жерлерінде өсетін 25- тей т‰р жатады. Бұл туыстың 15-тей т‰рі, соның ішінде өте қарапайым т‰рлері Азияда өседі (Гималай, Тибет). Бұл облыс шамасы туыстың шыққан орталығы болса керек. Жалаңтұқымды папоротник туысына (гимнокарпиум, немесе голокучник- Gymnocarpіum) Солт‰стік ендікте кең таралған 5-8 т‰р жатады. Қауырсын папоротник (страусник - Matteuccіa) туысы да Солт‰стік жарты шарда өсетін 2-3 т‰рден тұрады. Осы туысқа жататын т‰рлердің ішіндегі ең сәндісі кәдімгі страусник (M.struthіopterіs,83-сурет), ол мәдени жағдайда көптеп өсіріледі. Қауырсын папоротник (страусник) Солт‰стік ендіктің қоңыржай климатты зонасының батпақты және ылғалды жерлерінде ағаш өсіп тұрған тау жоталарының беткейлерінде, өзендердің және тау жылғаларының, көлеңкелі жағалауында және өзеннің жайылмасындағы ормандарда кеңінен таралған. Бұл папоротниктің жас жапырақтары кейбір елдерде овощ ретінде тамаққа пайдаланылады.
Оноклея туысында (Onoclea) бір ғана сезімтал оноклея (оноклея чувствительная –O.sensіbіlіs,83-сурет) деген т‰р бар, оның жапырағы
диморфты: біреулері, ұзын сағақты, стерильді, қауырсынды тілімделген, жылма-жыл т‰сіп қалып отыратын, ал екіншілері фертильді қыстап шығатын, бұлардың тақтасы стерильді жапырақтарынан көп қысқа, екі рет қауырсынды тілімделген және бұларда екінші қатардағы сегмент айқын байқалады. Бұл туыстың қазіргі ареалы Солт‰стік Американы және Шығыс Азияны қамтиды, оған Россияның Қиыр Шығысыда кіреді. Оноклея ылғалды шалғында, батпақты жерлерде, өзен бойындағы ормандарда өседі. Оноклеяның қазба т‰ріндегі қалдықтары Батыс Европаның, Шотландияның, Шығыс Қазақстанның, Т‰рікменстанның, Сібірдің, Солт‰стік Американың
‰шінші дәуірдегі флорасынан табылған. Оның өзі осы туыстың ертеректе көп жерлерде кең тараған өсімдіктер болғандығын көрсетеді.
Қауырсын папоротнигі (страусник) мен оноклея туыстарының спораларының құрылысынан, олардың өскен ортасына икемделушілік қасиетіне ие болғандығын байқаймыз. Бұл папоротниктердің ‰лкен, т‰к басқан спораларының т‰сі жасыл, фотосинтез процесі ж‰ретін айқын байқалатын хлоропласттары болады. Қалыптасқан хлоропласттарының болуы, споралардың жерге шашылғаннан кейін көп кешікпей бірден өнуіне м‰мкіндік береді. Споралары өткен маусымда пайда болып қалыптасқанына қарамастан, барлық уақытта өздерінің өнуіне қажетті ылғалдың жеткілікті кезі көктемде шашылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет