Тұқымдас бір ғана азолла туысынан (Azolla) тұрады, оған Солт‰стік Американың тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында өсетін 6- т‰р жатады.
Бұлда суда қалқып ж‰ретін ұсақ әрт‰рлі споралы папоротниктер. Азолланың көбеюі мен ұрығының дамуы жалпы сальвинияға (Salvіnіa) ұқсас. Жоғарыда айтылғандай сальвиниялар қатары тең споралы папоротниктерден, оның ішінде гименофиллдер тұқымдасының (Hymenophyllaceae) арғы тегінен шыққан. Олардың трихоманес (Trіchomanes) туысымен көп белгілері ұқсас. Сальвинияның (Salvіna) қазба қалдықтары бор дәуірінен және палеогоннің қабаттарынан, ал азолла (Azolla) антропогендік қабаттан (Европада мұз дәуірі аралығында) табылған.
Жоғарыда біз көргендей, жоғары сатыдағы өсімдіктердің спорофиті барлық уақытта жыныстық көбеюдің барысында аталық пен аналық гаметалардың қосылуынан т‰зілетін, зиготадан пайда болады. Спорадан т‰зілетін гаметофитпен салыстырғанда, спорофиттің ‰лкен бейімделушілік қабілетіне ие болатындығын осымен т‰сіндіруге болады. М‰к тәрізділердің спорафиті (спорогоний) редукцияға көп ұшыраған. Өзімен физиологиялық байланыста болатын, гаметофиттен қоректік заттарды қабылдай отырып спорогоний к‰рделі бөліктерге бөлінбейді. Алайда ол негізгі міндеттерін тамаша орындайды, көп мөлшерде спора т‰зеді және әрт‰рлі тетіктерінің арқасында олардың шашылуын қамтамасыз етеді.
Гамефитінің басым болуы және ұрықтану кезінде судың қажет болуы, м‰к тәрізділердің құрлықта таралуын шектейді. Көп жағдайда олар дымқылдау немесе ылғалы мол жерлермен байланыста болады. Папоротник тәрізділердің спорофиті дербес өмір с‰реді. Ол ‰лкен мөлшерге дейін жетеді, сабағы, жапырағы болады, тамырларының ішкі құрылысы к‰рделі. Папоротник тәрізділердің осы ерекшелігі, олардың құрлықта м‰к тәрізділерге қарағанда кең таралуына м‰мкіндік береді. Папоротник тәрізділердің жер бетіндегі өсімдіктер жабынының қалыптасуына ‰лкен әсері болған және бола да береді. Алайда папоротник тәрізділердің гаметофиті (өскіншесі) әліде сулы ортамен тығыз байланысты. Олардың жыныстық көбеюі, ұрықтану кезінде судың қатысуы арқылы ж‰зеге асады. Бұл папоротник тәрізділердің құрлықты жаулап алу м‰мкіндігін тежейді. Олар өзінің таралуында ылғалы мол және көлеңкелі жерлермен байланысты болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрлықты одан әрі жаулап алуына, олардың жыныстық көбеюі судың қатынасынсыз қамтамасыз еткен жағдайда ғана м‰мкіндік болады. Мұндай м‰мкіндік тұқымды өсімдіктерде ж‰зеге асты. Тұқымды өсімдіктердің даму циклінде, папоротник тәрізділердегі секілді спорофиті басым болып келеді. Сонымен, олар барлық уақытта әрт‰рлі споралы өсімдіктер. Бұл жерде спорофиттің даму жолының жалпы эволюциялық бағыты жалғасады. Басқаша айтқанда спорофиттің прогрессивтік бағытта дамуы жалғаса береді, ал гаметофит болса одан әрі редукцияға ұшырай т‰седі. Жабық тұқымды өсімдіктерде спорофиттің құрылысы ең к‰рделі деңгейге жеткен.