Сальвиниялар класс тармағы (сальвинииды) - Salvіnіdae Сальвиниялар қатары (сальвиниевые) - Salvіnіales Сальвиниялар тұқымдасы (сальвиниевые) - Salvіnіaceae
Қазіргі кезде кездесетін сальвиниялар (Salvіnіa) бір кездердегі, шамасы мезозой эрасында пайда болған ‰лкен туыстың қалдықтары болып саналады. Сальвиниялар (туыстың аты XVІІ ғ. Италия ғалымы А.Сальвинидің құрметіне берілген) ұсақ су папоротниктері, олардың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі әрт‰рлі споралылығында. Көп жылдар бойы сальвинияларды марсилеялармен жақындастырып келді және оларды жалпы, жасанды бір су папоротниктері (Hydropterіdales) қатарына топтастырады. Шындығында сальвиниялар марсилеялардан қашық жатады. Қазіргі кездегі көзқарас бойынша оларға гименофиллдер мен циатеялар тұқымдастары жақын болып саналады, осылардың ортақ тегінен, шамасы сальвиниялар
шыққан болса керек.
Сальвиниялардың басым көпшілігі тропикалық және субтропикалық елдердің тұщы суларын мекендейді. Тұқымдаста бір ғана сальвиния туысы бар, оған 8-т‰р жатады. Қалқыма сальвиния (S.natans) қоңыржай климатты ендікте өмір с‰руге бейімделген және БОР-дың европалық бөлігінің оңт‰стігінде, Кавказда, Орта Азияда, Сібірде Қиыр Шығыста әдеттегідей көп кездесетін өсімдіктердің бірі. Қалқыма сальвиния ақпайтын және жай ағатын суларда, кейде қалың қопа т‰зеді, сөйтіп судың бетіне к‰ннің т‰суін нашарлатады.
Бір жылдық қалқыма сальвиниядан басқа т‰рлерінің барлығы жіңішке, бұтақталған және қосалқы тамырлары жоқ тамырсабақты судың бетінде ж‰зіп ж‰ретін көпжылдық өсімдіктер (86-сурет). Сальвинияның тамырсабағында тығыз орналасқан ‰ш м‰шелі жапырақтардың тобы орналасады. Әрбір топ тамырсабақтың жоғарғы жағында бір жұп қалқып ж‰ретін жапырақтардан және ‰шінші суға батып тұратын жапырақтан тұрады. Соңғы жапырақ көптеген жіп тәрізді бөліктерден тұрады, олардың сырты қалың т‰ктермен жабылған және тамырдың қызметін атқарады. Сальвинияның нағыз тамыры болмайды (86-сурет).
Сабағының және жапырағының анатомиялық құрылысынан сальвинияның суда өмір с‰руге бейімделген өсімдік екендігі айқын байқалады: ауа қуыстары ‰лкен, әрі көп, механикалық элементтері нашар жетілген, өткізгіш ұлпасы редукцияға көп ұшыраған.
Сабақтың ортасында шеңберлі өткізгіш шоғы болады (86,3-сурет); оның ксилемасы нашар жетілген және 1-3 кішкентай баспалдықты немесе спиральды трахеидтерден тұрады.
Ксилеманы електі т‰тіктерден және тін (луб) паренхимасынан тұратын флоэма қоршап жатады. Перициклы мен эндодермасы нашар байқалады. Одан әрі қабық орналасады, онда ‰лкен ауа қуыстары болады. Қабықтың
ішкі қабатының шоққа жанасып орналасқан клеткаларының қабықшасы қалың болады.
Жапырақта да екі қабатпен орналасқан көптеген ауа қуыстары (камеры) болады. Олар көлденең перделер арқылы бөлінген, бұлардың клеткаларында хлорофилл дәндері болады.
Жапырақтың жоғарғы бетінде қабықшалары балауызбен жабылған дөңгелек клеткалардан тұратын ерекше б‰ршіктері жетіледі. Бұл б‰ршіктер жапыраққа ашық-жасыл (ақшылдау) т‰с береді және жапырақтың бетінен суды кетіруге м‰мкіндік береді.
Сабақтағы секілді, жапырақтыңда астыңғы бетінен көп клеткалы қоңырлау т‰сті т‰ктер кетеді.
Су асты жапырақтарының т‰п жағындағы, қысқа б‰йірлік бұтақшаларында шар тәрізді сорустары пайда болады, бұл жерде олар спорокарпийлер деп аталынады. Спорокарпийлерінің барлығының мөлшері бірдей, бірақта олардың ішіндегі спорангийлері әрт‰рлі болады. Спорокарпийлерінің бірінде, көп мөлшерде ұсақ шар тәрізді микроспорангийлері (микроспоро-карпийлері), ал екіншісінде аздаған сопақ жұмыртқа тәрізді ірілеу мегаспорангийлері (мегаспорокарпийлері) (86,5- сурет) жетіледі.
Спорангийлерінің плацентаға бекініп тұратын аяқшасы болады, олар өзіне тиісті спорокарпийдің ішкі қуысында орналасады. Спорокарпийдің сыртын екі қабат қабықша (индузий) қаптап тұрады. Сыртқы және ішкі индузийлері жоғарғы және төменгі жағынан біріккен, қалған жерінің ұзына бойында олар бос жатады және арасында ауа қуысы болады. Индузийлері жапырақтың т‰п жағынан пайда болады және біртіндеп спорангийді қаптай өседі.
Спорангийі бір қабат қабықшамен қапталған. Одан әрі бір қабат төселгіш қабаттың (тапетум) клеткалары орналасқан. Спорангийдің ортасында археспорий клеткалары жетіледі. Олар бөліне келе спораның аналық клеткаларына бастама береді. Соңғылары редукциялық жолмен бөлініп, төрт спора береді. Микроспорангийде әдетте 64 микроспора т‰зіледі. Бұл жағдайда тапетумның клеткалары еріп кетеді, содан соң олардың ішіндегі заттарынан қатты масса т‰зіледі (массула-көбік тәрізді зат), оған споралар батып жатады.
Мегаспорангийде көптеген мегаспоралар пайда болады, бірақ олардың біреуі ғана толық жетіледі, ал қалғандары жойылып кетеді. Пісіп-жетілген спорангийде тек бір ғана мегаспора болады. Мегаспораның сыртын қалың, көбік тәрізді зат (периспорий) қаптап тұрады, ол тапетумның еріген клеткаларынан пайда болады. Жеңіл периспорий мегаспорангийдің су бетінде қалқып тұруына м‰мкіндік береді.
Спорокарпийлер к‰зде ‰зіліп т‰седі де, судың т‰бінде қыстап шығады. Көктемде олардың қабықшалары шіріп т‰скен соң, микро- және мегаспорангийлері судың бетіне қалқып шығады. Микроспора редукцияға көп ұшыраған аталық өскіншеге (гаметофитке) өнеді, ол микроспорангийден шықпайды (87,1-сурет). Микроспораның бірінші бөлінуінен кейін, оның
ішінде ‰ш клетка пайда болады (87,1б-сурет). Оның төменгісі екі клеткаға бөлінеді; ұсақ ризоидтық және ‰лкен вегетативтік клеткаларға.
Вегетативтік клетка ‰лкейіп өсіп микроспорангийдің жарылған қабықшасынан сыртқа екі клетканы шығарады (87,1-сурет). Жоғарғы клетканың екеуіде бөлінеді және олардың әрқайсысы бір-бірден өте қарапайым т‰рдегі антеридий т‰зеді. Антеридий екі клеткадан тұрады, қабықшадан және бір сперма т‰зетін (спермагендік) клеткадан тұрады. Сперма т‰зетін клетка одан әрі бөлініп, төрт көпталшықты сперматозоид береді. Сонымен өскіншеде барлығы екі антеридий, сегіз сперматозоиды пайда болады. Ұлғайып өскен өскіншелер микроспорангийдің қабықшасын жарып сыртқа шығады. Сперма т‰зетін клетканың қабықшасы ериді де, сперматозоидтары сыртқа ж‰зіп шығады. Суда ж‰зіп ж‰ріп, олар аналық өскіншеге қарай бет алады.
Мегаспора (мегаспорангийде жалғыз) өне келе аналық өскінше береді, ол да спорангийдің қабықшасын тастап шықпайды. Мегаспора өскен кезде, оның ядросы бөлініп екі клетка т‰зеді, кішкентай ‰стіңгі клетканы және
‰лкендеу астыңғы (базальдық) клетканы. Одан әрі ‰стіңгі клеткадан өскінше пайда болады, ал астыңғы клетка ұлғайып өседі, оның ядросы бөлінеді, бірақ олардың арасында көлденең перде пайда болмайды. Қатты ұлғайған клетка ұрыққа қажетті қоректік заттарға толы болады.
Өскінше жасыл клеткалардан тұрады. Ол мегаспорангийдің қабықшасын жоғарғы жағынан жыртып шығады және сыртқа дөңгелек
‰шбұрышты табақша т‰рінде көтеріліп көрініп тұрады. Онда 3-5
архегонийлер пайда болады, олар ұлпаның ішіне еніп жатады (87,2 а-сурет).
Ұрықтанғаннан кейін зиготадан кішкентай ұрық пайда болады. Ол көп уақыттар бойы өскіншемен байланыста болады. Ұрықтан сабақша және жапырақшалар пайда болады. Ұрықтың алғашқы жапырағы қалқан тәрізді, келесі жапырақтары дөңгелек; одан әрі ‰лкен өсімдікке тән сопақша жапырақтар пайда болады. Сальвинияда тамыр болмайды. Өсімдіктің сыртын т‰гелімен т‰ктер жауып тұрады (87,2в-сурет). Біртіндеп ‰лкен өсімдік қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |