Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


ПРОТОКОКТЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (ПРОТОКОККОВЫЕ)- PROTOCOCCOPHYCEAE



бет18/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

ПРОТОКОКТЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (ПРОТОКОККОВЫЕ)- PROTOCOCCOPHYCEAE


Протококты балдырлар класына негізінен бірклеткалы, ценобиальды, сиректеу колониялы организмдер жатады. Тек қарапайым жіп тәрізді және пластинкалы формалары ғана көп клеткалы болып келеді.
Бірклеткалы жасыл балдырлардың ішінде кең тарағандарының бірі хлорелла (Chlorella). Ол тұщы суларда және топырақта көптеп кездеседі. Хлорелланың клеткалары ұсақ,шар тәрізді, тек микроскоппен қарағанда ғана жақсы көрінеді. Хлорелланың клеткасының сыртын жылтыр қабықша қаптап тұрады, оның астында цитоплазмасымен ядросы орналасады, ал цитоплазмасында - жасыл хроматофоры болады.
Хлорелла қозғалмайтын автоспоралары арқылы өте тез көбейеді және өзін қоршаған ортадан органикалық заттарды белсенді т‰рде сорып отырады. Хлорелла жыныстық жолмен көбеймейді. Сондықтанда оны лас суларды биологиялық жолмен тазартуға жиі пайдаланады. Космос кораблдеріндегі және с‰ңгуір қайықтардағы ауаның тұрақты және қажетті құрамын сақтап тұруға да аса қажет. Хлорелланы лабораториялық жағдайда оңай өсіруге болады. Хлорелланың жарықтың энергиясының 10-12 % (жер бетіндегі өсімдіктер 1-2% ғана сіңіреді) сіңіретіндігі анықталды. Хлорелланың клеткасында көп мөлшерде қоректік заттар болады. Сол себептенде оны омыртқасыз жануарлардың тамағы (қорегі) ретінде көптеп өсіреді. Соңғы кездері хлорелланы өндірістік мақсатта өсіруге бағытталған тәжірибе жұмыстары ж‰ргізіліп жатыр.


УЛОТРИКСТІ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (УЛОТРИКСОВЫЕ)- ULOTHRІCHOPHYCEAE


Улотриксті балдырлар класына талломының құрылысы жіп тәрізді немесе пластинкалы болып келетін көптеген жасыл бал-дырлар жатады.


Ағын сулы өзендердің астындағы тастарда және шіріген ағаштардың қалдықтарында (коряга) жабысып тұрған ашық-көк т‰сті жіптердің жиынтығын көруге болады. Ол көп клеткалы, жіп тәрізді жасыл балдыр- улотрикс (Ulothrіx). Оның жіптері қысқа, цилиндр тәрізді клеткалардың тізбегінен тұрады. Осы клеткалардың әр- қайсысында бір-бірден ядро және ұштары қосылмаған сақина тәрізді хроматофоры болады. Улотрикстің клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жіптері ұзарып өсіп отырады. Улотриксте хламидомонада секілді фотосинтез процесінің нәтижесінде қажетті қоректік органикалық заттарды (қантты) өзі синтездейді және судан онда еріген органикалық заттарды сорып қабылдайды. Улотрикстің базалды клеткасы т‰ссіз сопақша болып келеді. Ол арқылы жіпше субстратка бекініп тұрады.
Жыныссыз көбеюі сопақша болып келген төрт талшықты, сиректеу екі талшықты зооспоралары арқылы ж‰зеге асады. Зооспоралары қолайлы жағдайларда базалды клеткадан басқа кез-келген
клеткадан 2-4-тен (макрозооспоралар), немесе көптен (микрозооспоралар)
пайда болады. Олар аналық клеткадан босап шығып, біраз қозғалып
ж‰ргеннен кейін талшықтарын тастап, су т‰біндегі тастың бетіне, не топыраққа бекініп бөліне бастайды. Олардан келешегінде улотрикстің жаңа жіпшесі дамиды.
Қолайсыз жағдайларда балдырдың кейбір клеткаларынан көптеген ұсақ екі талшығы бар қозғалғыш гаметалар (4)-8-32(64) пайда болады. Гаметалардың мөлшері бірдей (изогаметалар), олар суға шығып екеу-екеуден қосылады. Әдетте әрт‰рлі жіптерден пайда болған гаметалар қосылады (оны гетеротализм деп атайды). Одан зигота т‰зіледі. Ол қалың қабықпен қапталып ұзақ уақыттар бойы тыныштық к‰йінде тұра алады. Қолайлы жағдайда зигота бөлініп одан төрт қозғалмайтын клетка – спора (автоспора) т‰зіледі. Олардың әрқайсысы су астына шөгіп жаңа жіп тәрізді балдыр улотриксқа айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет