Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


СИФОНДЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (СИФОНОВЫЕ)- SІPHONOPHYCEAE



бет19/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   215

СИФОНДЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ (СИФОНОВЫЕ)- SІPHONOPHYCEAE


Бұл класқа жататын балдырлардың басқа жасыл балдырлар-дан айырмашылығы сол, олардың клеткалық құрылысы болмайды. Сифонда балдырлар өте ертеде, жасыл балдырлардың көбінен бұрын пайда болған. Олардың қазіргі кезде өмір с‰ретін т‰рлерінің саны онша көп емес (400-500 т‰рден аспайды). Сифонды балдырлардың 90% теңізде өседі.


Негізгі өкілдерінің бірі каулерпа туысы (Caulerpa). Бұл Жерорта теңізінде жиі кездесетін, талломының ұзындығы 0,5м., кейде оданда көптеу (1 метрге жететін) болатын балдыр. Сырт қарағанда оның субстратқа төселіп жататын "тамырсабағы", одан жоғары тік өсетін "сабақшысы" ‰лкен "жапырақ" тәрізді жасыл пластинкалары және субстратқа бекініп тұратын "тамыр" тәрізді ризоидтары болады. Алайда бұл протопласты барлығына ортақ, көп ядролы, жасыл дән тәрізді хроматофорасы бар, аса ‰лкен бір клетка т‰рінде болатын балдыр. Талломының құысы ешбір перделермен бөлінбеген, яғни клеткаланбаған, бірақ оны целлюлозалы тіректер қиіп өтеді. Нағыз жыныссыз көбеюі жоқ, кейде талломының бөліктері арқылы вегететивтік жолмен көбейеді. Жыныстық процесі изогамиялы. Өмірлік циклының барлығы дерлік диплоидты фазада өтеді. Мейоз изогаметалар т‰зілердің алдында ғана ж‰реді.


ТІРКЕСПЕЛІ НЕМЕСЕ КОНЬЮГАЦИЯЛЫ БАЛДЫРЛАР КЛАСЫ


(КОНЬЮГАТЫ) - CONJUGATOPHYCEAE

Тіркеспелі балдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Т‰рлерінің жалпы саны 4700-дей болады. Олардың көбісін (4000-дай т‰р) десмидиялылар қатары т‰зеді.


Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немес бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы ж‰реді. Зооспораларымен гаметалары болмайды.
Негізгі өкілдерінің бірі көпклеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spіrogіra). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық-көк т‰сті матасқан жіптердің жиынтығы т‰рінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында ж‰зіп ж‰реді, немесе судың т‰бінде салынды т‰зеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған, лентаға ұқсас хромотофоры болады. Оның ортанғы бөлігінде бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан пиреноидтары болады. Оларды айнала крахмал дәндері қоршап тұрады. Крахмал дәндері пиреноидтардың айналасында ғана болып қоймай, сонымен бірге храматофораның барлық жерін тұтас жауып тұрады. Клетка қуысын ‰лкен вакуоля толтырып тұрады. Клетканың ортасында цитоплазманың тарамдалған жіпшелерімен қоршалған ‰лкен ядро орналасады. Оның бір немесе екі ядрошығы болады. Спирогира вегетативтік және жыныстық жолдармен көбейеді. Вегетативтік көбеюі жіптердің ‰зілуі арқылы ж‰зеге асады. Ал жыныстық көбеюі тіркесу (коньюгация) арқылы ж‰реді. Бұл жағдайда қатар жатқан екі жіптің клеткалары бір-біріне қарама-қарсы бағытталған өскіндер береді. Өскіндер бір-бірімен т‰йіскен кезде алдымен олардың ұштары кілегеймен қапталып бірігеді, содан соң қабықшалары еріп екі қатар жатқан клетканың арасын жалғастыратын канал (көпірше) пайда болады. Осы канал арқылы бір клетканың ішіндегі протопласт екінші клеткаға өтеді, сөйтіп олар қосылып зигота т‰зеді. Зигота дөңгелектеніп, ‰ш қабат қабықшаға орналасады да тыныштық қалпына көшеді. Зигота өскен кезде редукциялық бөлініс ж‰реді, сөйтіп төрт гаплоидты ядро пайда болады. Оның ‰шеуі өледі де, біреуі ғана тіршілік қабілетін сақтап қалады. Одан жаңа особь дамиды.
Жасыл балдырлардың табиғатта маңызы аса зор. Жасыл балдырлар фотосинтез процесінің негізінде органикалық заттар т‰зіп,

судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бғліп шығрады. Онымен суды мекендейтін жануарлар тыныс алады. Сонымен бірге жасыл балдырлар, әсіресе оның бірклеткалы және жіптәрізді т‰рлері балықтардың және басқада су жануарларының қорегі болып табылады.


Егістікті суғаратын каналдарда және балық өсіретін көлшіктерде балдырлардың шамадан тыс көбейіп кетуі шаруашылыққа зиян келтіруі м‰мкін. Сондықтанда оны болдырмас ‰шін каналдарды және көлшіктерді оқтын-оқтын балдырлардан тазартып тұру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет