Қазіргі кезде д‰ние ж‰зі бойынша хара балдырларының 300-дей т‰рі сипатталып жазылған. Олар мынадай 6 туысқа жатады: нителла (Nіtella),
толипелла (Tolypella), нителлопсис (Nіtellopsіs), лампротамниум
(Lamprothamnіum), лихнотамнус (Lychnothamnus) және хара (chara).
Бұлардың алғашқы екеуі нителлалар тұқымдасына (Nіtellaceae), ал қалған төртеуі харалар тұқымдасына (Characeae) жатады.
Талломы к‰рделі тарамдалған болып келетін ‰лкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі (көлдерде, өзендердің ескі арналарында), кейде су астында ну болып жиі өседі. Жыныс-
сыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоид-тарында пайда болатын т‰йнектері немесе талломы-ның төменгі бөліктері арқылы ж‰зеге асады.
Жыныстық көбею органдары - оогоний мен антеридийлері көп клеткалы. Хара балдырлары эволюциялық тұрғыдан қарағанда жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендеріне жатады.
Хара туысы-(Chara). Талломының ұзындығы бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Оның тік тұратын "сабағы" буынға және буын аралықтарына бөлінген. "Сабақтың" буындарынан "жапырақ" деп аталынатын б‰йірлік бұтақтардың шоқтары кетеді. Талломның өстік бөлігі ортаңғы ‰лкен клеткадан тұрады, оны ұсақ клеткалар қоршап жатады. Талломы ризоидтары арқылы судың т‰біндегі субстратқа бекініп тұрады.
Вегетативтік көбеюі ризоидтарында т‰зілетін т‰йнектері арқылы ж‰зеге асады. Жыныстық көбейгенде кейбір бір клеткалы б‰йірлік бұтақшаларының қолтықтарында оогоний мен антеридий жетіледі. Оогоний сопақша формалы болып келеді. Оның қабырғалары спираль тәрізді болып бұралған ұзынша клеткалардан тұрады. Осы клеткалардың жоғарғы ұшы тәж (коронка) деп аталынатын 5 қысқа клеткадан тұратын өсіндіге айналады. Оогонийдің ішінде жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридийі оогонийіне қарағанда кішілеу және формасы шар тәрізді болып келеді. Пісіп жетілген кезінде олар қызғыш- сары т‰ске боялады. Антеридийдің қабырғасы қалқанша (щит) деп аталынатын сегіз ‰шбұрышты клеткалардан тұрады. Қалқаншадан антеридийдің ішіне қарай ерекше с‰йеніш немесе тұғыр кетеді, оларға шұмақталып оралған спермаген жіпшелері бекінеді. Әрбір жіпше 100-300-ге дейін диск тәрізді жалпақ клеткадан тұрады, олардың әрқайсысында бір- бірден спираль тәрізді бұралған екі талшықты сперматозоид жетіледі.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота (ооспора) т‰зіледі. Осыдан кейін ооспора тынштық қалыпқа көшеді. Ооспора өсер алдында, оның диплоидты ядросы редукциялық жолмен бөлінеді. Нәтижесінде қысқа тарамдалмаған гаплоидты жіпше- өскіннің бастамасы жетіледі, одан жаңа өсімдік пайда болады. Өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді, зигота ғана диплоидты.