Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет206/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Майсаумалық, қосжапырақты қоянжем (майник двулистый- Majanthemum bіfolіum) меруертг‰лмен бір мезгілде гілдейтін, кішкентай орман өсімдігі. Ақ т‰сті, жұпар иісті, ұсақ г‰лдері, екі м‰шелі типпен орналасқан, шашақ т‰зеді.


Кірпішөптер тұқымдасы (иглецевые) – Ruscaceae


Бұл тұқымдастың негізгі өкілінің бірі понтий кірпішөбі (иглица понтийская - Ruscus pontіcus). Ол екі ‰йлі тамырсабақты бұта, бұтақтары параллель ж‰йкелері бар филлоклодиларға айналған, дәрілік өсімдік.


Қасқыржемдер тұқымдасы (спаржевые) - Asparagaceae


Тұқымдаста 2 туыс және 300 т‰р бар, олардың басым көпшілігі солт‰стік ендікте, тропикалық және оңт‰стік Африкада және Мадагаскарда таралған. Қасқыржем тұқымдасының аздаған өкілі Орталық Америкада, Малай архипелагының аралдарында, сонымен бірге Австралияда және Тасманияда кездеседі.
Қасқыржем туысы (cпаржа -Asparagus). Д‰ниеж‰зінің барлық құрлықтарының құрғақшылық болып тұратын облыстарында өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дың территориясында 24 т‰рі, Қазақстанда 11 т‰рі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, онда формасы ине тәрізді болып келетін топтасқан филлокладий жетіледі. Олар редукцияға ұшыраған қабыршақ (чешуя) тәрізді жапырақтарының қолтығында орналасады. Екі ‰йлі өсімдік, дара жынысты, г‰лдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығында жиналады. Жемісі шырынды. Ең кең тараған өкілі дәрілік қасқыржем (спаржа лекарственная - A.offіcіnalіs ) ол шалғынды жерлерде, БОР-дың европалық бөлігінің шөлейт аймақтарында, Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Деликатесті овощ, жас сабақтары ‰шін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор. Екі Солт‰стік Африкалық т‰рін - қауырсынды қасқыржемді (спаржа перистая - A.plumosus) және шпренгер қасқыржемін (спаржа шпренгера - A.sprengerіі ) бөлменің ішінде сәндік өсімдік ретінде өсіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет