Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Динафиттер класы - Dinophyceae



бет29/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Динафиттер класы - Dinophyceae


Бұл класқа жататын балдырлар клеткасының ядролық апараты бар құрылысының мезакариотты типті болып келуімен және бірқатар қарапайым белгілерінің сақталуымен ерекшеленеді. Бұл белгілерге хромасомының химиялық құрамы (гистондарының болмауы), олардың митоз кезіндегі фазаларының әдеттегідей жағдайда өтпеуі жатады. Мысалы, хромасомдары центромерлерінің болмауына байланысты (т.е. вторичных перетяжек), ұзындыққа нашар дифференцияланады, ‰немі қоюланған (конденсированном) жағдайда және интерфазалық ядроның жағдайында болады. Олардың көпшілігінің формасы монада құрылысты болады, ал кей біреулері біршама жоғары деңгейде жетілген болып келеді. Мұндай жоғары деңгейде жетілген формаларының Dinophyceae класына жататындығы еш к‰мән келтірмейді. Өйткені олардың зооспораларында, осы кластың өкілдеріне тән белгілердің бәрі бар. Вегетативтік к‰йінде қозғалыста болатын т‰рлеріндегідей, Клеткалары дорзовентральды, екі бороздиасы болады. Олардың біреуі клетканы шеңбердің бойымен орап көлденең немесе спиралдың бойымен орналасқан, ал екіншісі клетканың төменгі жағында тігінен орналасқан болады. Ұзындықтары мен құрылысы әр т‰рлі болып келетін (ұзындауының мастигонемалары, яғни ұсақ қауырсындалған т‰ктері болады) екі талшығы болады. Талшықтарының біреуі (сырты жылтыры) көлденең борозданы (жолақты), ал екінші (лента тәрізді, ұсақ т‰ктері бары) тік борозданы бойлай жатады. Клеткасы тека деп аталынатын жабынмен жабылған болады. Бұл көп компонентті система, оның құрамына белоктардан басқа глюкоза, арабиноза және галактуронды кислата кіреді. Теканың негізін жалпайған көпршіктер т‰зеді. Көпіршіктердің сыртын жекелеген мембраналар қоршап тұрады. Олар қабықшаға мықтылық, иілгіштік қасиет береді. Кейбіреулерінде көпіршіктің төменгі жағынан, оған пробка т‰рінде қосымша құрылымдар қабысып жатады, ал екінші
біреулерінің көпіршіктерінде пластинкалар (табақшалар) жатады. (әрбір көпіршікте бір-бірден). Көп жағдайда олар қатаң тәртіппен орналасады және шеттері арқылы жабысып тұрады. Соның нәтижесінде әрі қатты, әрі мықты сауыт (панцырь) т‰зеді.
Клетканың цитоплазмасында ‰лкен ядоросы болады, оның хормасомалары боялмаған препараттардың өзінде айқын байқалады. Ол ядроға гранулярлық т‰р береді. Ядросы өзінің құрылысы және сыртқы т‰рі жағынан ерекше болады. Мұндай ядроны динокарион деп атайды. Хроматафорасының т‰сі де, формасы да алуан т‰рлі болады және ‰ш қабат қабыршақтармен қапталған болып келеді. Хорматофорасының тиллакоидтары екіден, ‰штен байланысып тұрады. Қор заты ретінде клеткада крахмал, хризоламинарин, кейде гликоген және басқа заттар жиналады.
Балдырлардың тек осы тобына ғана пузулдер тән. Ол дегеніміз вокуольдерге ұқсас аймақтар. Пузулдер жіңішке каналдары арқылы өзін қоршаған сумен және вакуольдердің системасымен байланысып тұрады. Олар әдетте талшықтардың кететін жерлеріне жақын орналасады. Пузулдердің клеткада атқаратын қызметі әзірге белгісіз. Көптеген т‰рлерінің құрылысы аса к‰рделі болып келеді, стигмасы немесе көзшесі болады. Көзше клетканың алдыңғы жағында, хроматофордың сыртында, талшықтарына жақын жерде орналасады. Бір т‰рлерінде стигманың екі мембраналы қабықшамен қоршалған, глобулдың екі қатарынан басқа эндоплазматикалық тормен жалғасқан, сығылып жалпайған, бір-бірімен қарым-қатынаста болатын қапшықшалардың серияларынан тұратын пластикалық денесі болады. Екінші т‰рлерінде де стигма (көзше) сол жерде орналасады. Митохондридің шеңбері мен қоршалған болады және пигментті т‰зетін глобулдан басқа, линза тәрізді денесі және ретиноиды бар к‰рделі система т‰зеді.
Кейбіреулеріне трихоцисталар деп аталатын ерекше стрекательдық структуралар тән. Олар сауыттың ішкі мембранасына, тікелей пораларының астынан бекініп тұрады және осы поралар арқылы сыртқа шығарылып
(лақтырылып) отырады. Трихоцисталар шиыршықталуға және жазылуға қабілетті келеді. Олар ұзын, көлденең созылған жіптер және поралар арқылы сыртқа шығарылып, атылып отырады.
Бұл кластың өкілдері 1) клетканың екіге бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Клетка қозғалыс кезінде де, тыныштық кезінде де бөліне алады. 2) зооспоралары және автоспоралары арқылы жыныссыз көбейеді. 3) жыныстық көбеюі аздаған т‰рлерінде ғана белгілі, ол изогаметалардың бір- бірімен капуляциялануы арқылы ж‰реді.
Қолайсыз жағдайларда қабықшасы қалың целлюлозадан тұратын цисталар т‰зеді.
Талломдарының т‰зілуі (құрылуы) деңгейіне қарай бұл класты бірнеше қатарларға бөлуге болады: 1) перидиналар (Peridinales) 2) динамебидилар (Dinamoebidiales) 3) глеодинилар (Loeodiniales) 4) динококкалар (Dinococcales) 5)динотрихалар (Dinothrichales)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет