Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Перидиналар қатары - Peridiniales



бет30/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Перидиналар қатары - Peridiniales


Перидиналар жылы теңіздерде тіршілік ететін т‰рлерінің аса көп болуымен сипатталады. Жалпы олар теңіздерде және ағын суларда кең таралған. Бір жағдайларда өсімдіктердің симбионты ретінде (зооксантеллы), ал екінші жағдайда тіптен рак тәрізділер мен құрттардың (червей) паразиттері ретінде кездеседі. Кейде олардың шамадан тыс көбейетіндігі сонша, суды сары немесе қызыл т‰ске бояйды. Планктондарға бай салқын сулардың, 1л-інде кейде 200 000 -дай перидинилер болады.
Теңіздерде кездесетін кейбір формалары көп жағдайда тітіркендіру туғызатындардың әсерінен жарық шығарады.
Теңіздерде, сиректеу тұщы суларда гимнадиниум туысының (Gymnadinium) т‰рлері планктонынды тіршілік етеді. Олардың клеткаларының қабықшасы мен сауыты болмайды (сыртқы перипластпен жабылған) сан жағынан көп храмотафоралары ұсақ т‰ске боялған қоңыр болады. Айқын байқалатын көлденең жолағы (бораздасы) клетканың
экваторалдық бөлігі арқылы өтеді. Онда талшықтардың бірі (сығылған және сынған) орналасады, бірақ ол жолақтың деңгейінен аспайды, ал талшықтың екіншісі тігінен кеткен жолақтарының бойында жатады және оның ұзын ұшы бос салбырап тұрады.
Клетка қабықшасы (ночесветка - Noctilica miliaris) негізінен жылы теңіздерде кездесетін Noctilica -ларда да болмайды. Оның аса ‰лкен, диметірі 2мм дейін жететін, т‰ссіз клеткалары басқа перидинарға м‰лде ұқсамайды. Олардың жолақтары (бороздки) болмайды және бір ғана өте қысқа талшығы болады, ал оның жанында клеткадан ұзын құйрық тәрізді көлденең жолақты өсінді кетеді. Ночесветканың (Noctilica) цитоплазмасының құрылысы, к‰рделі денешігі болады, ол клетканың жарық шығаруын қамтамасыз етеді. Ночесветка көп болып дамыған кезде, т‰нде ашық жарық беретін н‰кте т‰рінде жай көзге көрінеді, ал бұл жағдайда теңіз суы қатты фосфорланады, жарық к‰містей-ақ немесе аздап көкшілдеу т‰сті болады және ол механикалық жолмен тітіркену туғызғанда және аэрация кезінде, мысалы ескекпен жұмыс істегенде байқалады. Ночесветка бөліну арқылы немесе өзінің денесінен бөлініп шығатын зооспорасы арқылы көбейеді. Зооспорасы Gymnadinium-ға ұқсас болады және оның айқын көрінетін көлденең жолағы (бороздкасы) талшықтары болады.
Теңіз суларында және ағын суларда, әсіресе перединиум (Peridinium) мен церациум (Ceratium) туыстарының т‰рлері ерекше жиі кездеседі. Бұл туыстардың өкірдерінің клеткалары айқын дорзовентральды болып келеді. Арқа жағынан қарағанда олар дөңес, ал бауыр жағынан қарағанда ойыс болып келеді. Перидиниум туысының т‰рлері арқа жағынан да, құрсақ жағынан да сәл сопақтау немесе дөңгелек болып келеді, ал б‰йір жағынан қарағанда б‰йрек немесе асбұршағының тұқымы тәрізді болады. Олардың жақсы жетілген, қалқаннан тұратын сауыты болады. Кейбіреулерінің сауыттарының сыртында б‰йректері (сосочки), поралары, тікенектері және тағы басқа өсінділері болады. Сауыттарының сыртында көлденең және тігінен кеткен бороздалары айқын байқалады. Олардың біріншісі клетканың
дөңес болып келетін арқа жағынан орап тұрады. Олардың ұштары клетканың құрсақ жағында т‰йісуіде, т‰йіспеуіде м‰мкін. Клеткасы белдеуше т‰зетін қалқаншадан тұрады, ол клетканы тең екі бөлікке бөледі: ‰стіңгі немесе апикальды, сауыттың жоғарғы (эпивальво) жақтауын бөлігін және төменгі немесе антиапикальді, сауыттың төменгі жақтауын иемденген гиповальво деген бөлігінен тұрады, көлденең жолақ, тік жолағына перпендикуляр орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет