Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Хризоподалылар класы – Chrysopodophyceae



бет28/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

2. Хризоподалылар класы – Chrysopodophyceae


Бұл класқа 30-дан аса туыс жатады Хризоподалылардың клеткасының жұқа қабығы болады –пеллинула. Ол өсімдіктің денесінің өзгеруіне және жалған аяқтар т‰зуіне м‰мкіндік береді. Бұл нәзік организмдер, сырт қарағанда жануарларға өте ұқсас корненожкаларға (Rhizopoda), бірақта олар хромотофорасының болуымен, ал т‰ссіз формалары мен хризоминарин және цисталардың болуымен ажыратылады.

Ризохризидалылар қатары – Rhisochrydales.


Торф т‰зетін батпақтарда және басқада ақпайтын тұщы суларда хризамеба (Chrysameba) туысының т‰рлері кездеседі. Кейбіреулерінің жалған аяқтарынан басқа қысқа және нашар қозғалатын талшықтары болады. Хризоамеба автотрофты және гетеротрофты қоректенеді. Қоректік заттардың қатты т‰йіршіктерін ұстап алып сіңіреді. Вегетативтік жолмен клеткалардың екіге бөліну арқылы көбейеді.


Пирофитті балдырлар бөлімі -Pyrrophyta


Бұл бөлімге негізінен монада құрылысты сиректеу амебоидты, кокоидты, пальмелойдты және жіп тәрізді балдырлар жатады. Бұлардың құрылысы ерекше болып келеді, өйткені оларда өсімдіктердің де, жануарлардың да белгілері болады. Бұлардың клетка қабықшалары қатты болады. Клетканың жақсы жетілген ядросы, негізінен қоңыр-қызыл, қара- қоңыр, қызғыштау және сарғыштау (оливковые) т‰ске боялған хроматофорасы болады. Ассимиляцияның өнімі ретінде крахмал жиналады. Кейбір т‰рлерінің қармалауыштары (шупольцы) жалған аяқтары, стрекательные капсуласы болады. Омыртқасыз жануарлар секілді қоректенеді. Барлығына тән ортақ белгілері мынадай болады: монада құрылысты клеткалары дорзовентральды болып келеді, олардың ‰стінде бароздалары және жиырылғыш вокуолясы болады.
Бұл бөлім екі кластан т‰рады: криптофиттер (Cryptophyceae) және динофиттер (Dinophyceae).
  1. Криптофиттер класы- Cryptophyceae


Бұл кластың өкілдері әдетте су тұндыратын жерлерде (отстойниках), қалдық суларда, бөгеттерде, көп жағдайда лас суларда, сиректеу су қоймаларында және көлдерде кездеседі.
Кластың өкілдері т‰гелдей дерлік бір клеткалы, монада құрылысты формалардан тұрады. Сиректеу коккоидты және палмелоидты типтері де кездеседі. Клеткасының құрылысы дорзовентральді болып келеді, сырты перипластпен қапталған және бір бороздиасы болады. Ол клетканың алдыңғы жағындағы кішілеу ойықтан, қиғаш немесе көлденең, кейде тіпті спиральдің бойымен кетеді. Кейбіреулерінің жұтқыншағы болады. Клетканың алдыңғы жағынан немесе б‰йірінен ұзындығы мен құрылысы бірдей екі лента тәрізді талшықтар кетеді.
Хроматофорының саны біреу, екеу немесе көп болады. Олардың т‰сі алуан т‰рлі, өйткені құрамында хлорофильдің "а" және "с" пигменттеріне басым олар каратиндер, ксантофильдер, кейбіреулерінде фикобилиндер (фикоцианин және фикоэритрин) болады. Олар тиллокоидтың ішінде орналасады.
Хроматофорларының ламеллдарының, балдырлардың басқа топтарының ламеллдарынан айырмашылығы сол, олар екі тығыз орналасқан тиллокоидтан тұратын пачкалар, ал орап тұратын тиллакоидтары болмайды. Клеткадағы қор заты ретінде крахмал, ал көпшілік теңізде тіршілік ететін т‰рлерінде май тамшылары және хризоламинарин жиналады. Клетканың бір ғана ядросы болады. Көзшесі пластидтердің ішінде орналасқан. Стрекательные структурасы - эджектосомолары болады. Әр эджектосома тығыз болып оралған бір лентадан тұрады және камераның ішінде орналасады. Тітіркенген кезерде камера ашылады да, эджектосома жазылып, поралары арқылы сыртқа атылады. Ұсақ эджектосомалары перипласта клетканың барлық жерінде орналасады, ал ‰лкендері жұтқыншаққа жанасып жатады.
Криптомонадалар клетканың бөлінуі арқылы көбейеді. Ең көп тараған және т‰рлерге бай туысы криптомонас (Cryptomanas).


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет