Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет37/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Классификациясы. Қоңыр балдырлар бөлімі ‰ш кластан тұрады: изогенераттылар класы (Іsogeneratae), гетерогенераттылар класы (Heterogeneratae) және цикласпоралар класы (Cyclosporeae). Алайда біздер тек гетерогенераттылар класының кейбір кең таралған өкілдеріне тоқталумен шектелуді жөн көрдік.


ГЕТЕРОГЕНЕРАТТЫЛАР КЛАСЫ (ГЕТЕРОГЕНЕРАТНЫЕ) - HETEROGENERATAE


Сонымен Ресейдің қиыршығысындағы теңіздерде және солт‰стік мұзды мұхиттың теңіздерінде аса ірі көпклеткалы қоңыр балдырлардың бірі
ламинария (Lamіnarіa) өседі. Оның талломасы су астында жатқан тасқа
немесе жартастарға ризоиды арқылы бекініп тұрады. Ризоид ұғымы ғылымға гректің "риза"- тамыр және "идос" - кескін деген сөздерінен енген. Ризоидтан жоғары қарай онша жалпақ болмайтын ұзындығы 50-100 см -ден аспайтын цилиндр формалы сағақ орналасады. Сағақтан саусақ салалы болып тілімделген немесе тұтас жапырақ тәрізді таллом кетеді. Сағақпен жапырақ тәрізді пластинканың арасында интеркалиарлық өсу зонасы орналасады
(басқаша айтқанда меристеманың участогі). Осы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде сағақта, жапырақ тақтасы да ұзарып өседі. Ламинария көп жылдық өсімдік, оның сағағымен ризоиды қыстап шығады, ал жапырақ тақтасы жыл сайын ‰зіліп т‰сіп шіриді (солт‰стік ендікте-қаңтар - ақпан айларында). Көктемде сағақтың ұшындағы меристеманың клеткаларының бөлінуінің нәтижесінде жаңадан жапырақ тақтасы пайда болады.
Ламинария жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею органы болып зооспорангиялар саналады. Жапырақ тактасы ‰зіліп т‰сер алдында, онда көптеген бір клеткалы зооспорангилардың тобы (сорустар) пайда болады. Әрбір зооспорангияда ядро редукциялық жолмен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде одан көптеген (16-64) зооспоролар жетіледі. Ал балдырдың әрбір особьінен миллиардтаған зооспоролар пайда болады. Зооспоролар біраз ж‰зіп ж‰ргеннен кейін қозғалысын тоқтатып, судың т‰біне шөгеді де ұсақ аталық және аналық өскіншелер (гаметофиттер) береді. Аталық өскінше тарамдалған жіпшелерден тұрады, одан аталық жыныс органы антеридийлер пайда болады. Аналық өскіншеде бірнеше клеткадан тұратын қысқаша жіпшелер. Олардан аналық жыныс органы оогонилер жетіледі. Әрбір оогониде бір-бірден жұмыртқа клеткасы болады. Пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы жалаңаш к‰йінде оогониден сыртқа шығып, оның ‰стіне бекініп тұрады. Осы жерде оны антеридийден босап шыққан аталық жыныс гаметасы (сперматозоид) келіп ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота т‰зіледі. Зигота тыныштық кезеңіне ауыспайақ өсіп диплоидты өсімдік (спорофит) береді. Әдетте ламинария к‰н сәулесі жақсы т‰сетін, судың онша терең болмайтын қабаттарында өседі.
Қоңыр балдырлардың орман т‰зетін ерекше ‰лкен т‰рлеріне макроцистис (Macrocystіs, 60-100м), нереоцистис (Nereocystіs,25м), лессония (Lessonіa, 4м) және тағы басқалар жатады. Мұндай аса ірі балдырлар оңт‰стік және солт‰стік Американың тынық мұхит жағалауында, оңт‰стік Африканың батыс жағалауында, Алясканың, Алеут, Командор және Куриль аралдарының жағалауларында өседі.
Қоңыр балдырлар су астында аса көп мөлшерде фитомасса беретін шалғын т‰зеді. Оларды жем-шөптік, азық -т‰ліктік, дәрілік және техникалық өсімдіктер ретінде маңызы жыл санап арта т‰суде. Әсіресе тамаққа ламанария жиі пайдаланылады, оны теңіз капустасы деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет