Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Ксантомонадалылар класы - Xanthomonadophyceae



бет32/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   215

Ксантомонадалылар класы - Xanthomonadophyceae


Гетерохлоридалар қатары - Heterochlozidales. Бұл осы класқа жататын жалғыз қатар. Қатардың өкілдері тұщы және ащы суларда кездесетін бір клеткалы балдырлар. Олардың құрылысы дорзовентральды болып келеді. Клеткасының сыртын тығыз периплает қаптап тұрады. Олар денесінің алдыңғы жағында орналасқан, ұзындығы әлт‰рлі болып келетін, екі екі талшығы арқылы қозғалады. Кейбір т‰рлерінде талшықтарының бірі редукцияға ұшыраған.
Негізгі өкілі - гетерохлорис (Heterochloris). Олар жалған аяқтар (псевдоподиялар) т‰зу арқылы т‰рлерін (формаларын) өзгертіп отырады. Бұл осы қатардың көптеген т‰рлеріне тән. Бұл қатардың өкілдері жануарлар секілді қоректенеді. Гетерохлористің клеткасында бірнеше хроматофоралары, қозғалғыш вакуолиялары (денесінің алдыңғы жағында), май тамшысы және хризоламинарин, бір ядросы (клетканың ортасында) болады. Гетерохлорис клеткасының екіге бөлінуі арқылы вегетативті жолмен көбейеді.
    1. Ксантоподалылар класы - Xanthopodaphyceae


Ризохлоридалылар қатары - Rhizochloridales. Бұл да осы класқа жататын жалғыз қатар. Өкілдері бір клеткалы және клониялды организмдер. Негізінен тұщы суларда еркін ж‰зіп ж‰реді, не болмаса жіп тәрізді балдырларға жабысып тұрады. Олардың жалған аяқтары болады, солардың көмегімен өзіне қажетті қатты қоректік заттарды қармалап ұстайды. Кейбіреулерінің клеткалары цитоплазмалық жіпшелері арқылы байланысып к‰рделі торлар т‰зеді. Кейбіреулері кілігейлілерге өте ұқсас болады. Өйткені олардың вегетативтік денесі ұсақ амебоидтардың бір-бірімен қосылуы арқылы плазмодий т‰зеді.
Прудтарда ризохлорис (Rhizochloris) тусының т‰рлері кездеседі. Көбейер кезінде (көлденеңінен бөлінгенде) жас клеткалар ажырап кетпей псевдоподиялармен байланысқан клеткалардың тобын құрайды.
Сфагнум м‰ктерінің жапырақтарының клеткаларында ‰лкен көп ядролы плазмодий т‰рінде Миксохлорис (Myxochloris) өмір с‰реді. К‰зде олар цисталар т‰зеді. Цисталар көктемде өседі. Олардан зооспора немесе амебалар шығады. Олар жапырақтың бос клеткаларынан өтіп, плазмодийға айналады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет