Қызыл балдырлардың басым көпшілігі теңіздерде, мұхиттарда өсіп, су астында орман құрайды. Олар көп клеткалы к‰рделі құрылысты организмдер. Хроматофорасында хлорафилдің "а" және "d" пигменттерінен басқа қызыл-сары - каротин, сары - ксантофилл, көк - фикоциан және ерекше
қызыл - фикоэритрин дейтін пигменттер болады. Осы пигменттердің орайласып келуі таломға сарғыш, көкшіл, көбінесе алқызыл, немесе қызыл- қоңыр т‰с береді, сол себепті бұларды қызыл балдырлар деп атайды. Хлорофилдің "d" пигменті тек қызыл балдырларға ғана тән.
Балдырлардың қызыл т‰сті болуы - тіршілік жағдайына биологиялық бейімделуі болып табылады. Судың терең қабаттарында болатын балдырлардың қызыл т‰сті хлорофорлары тереңге өтетін көк және көгілдір сәулелерді өте жақсы ұстайды. Мұндай сәулелерде фотосинтез құбылысы жақсы ж‰реді.
Талломдарының пішіндері жай немесе бұтақталған жіп тәрізді және лента тәрізді, пластинкалы болып келумен бірге "сабақ", "жапырақ" тәрізді органдарға бөлінген к‰рделі құрылыстылары да кездеседі. Олар жақсы дамыған ризойдтары немесе төменгі жағындағы жалпақ сорғыштары арқылы субстратқа бекінеді. Талломның анатоиялық құрылысы да әр т‰рлі. Қарапайым құрылысты т‰рлерінде талломдары бір не екі қатар клеткадан т‰зілген пластинкадан тұрады. Көпшілігінің талломдарының құрылысы көп қабатты клеткалардан т‰зіледі, мұндай жағдайда тканьге бөліну байқалады, ішкі қабат т‰ссіз ірі клеткалардан т‰зілген мұнда қор заты жиналады және оның механикалықта маңызы бар. Сыртқы клеткалары ұсақ, хроматофоралары көп, олар ассимилятор қызметін атқарады және қабықты құрайды. Клеткаларының целлюлозалы қабығы болады, алайда көбінесе сыртқы қабаттарында пектинді заттардың орналасып келуіне байланысты, қампиып клегейленіп тұрады. Клетка ішіндегі заты протоплазма және орталық вакуолиядан құралады. Протоплазмада көбінесе бір ядро, пластинка, дөңгелек және қалақ пішінді көптеген хроматофоралары бар, пиреноидтары болмайды. Кейбір қарапайым өкілдеріндеғана жұлдыз тәрізді бір ірі хроматофорасы және орталық бөлімінде пиренойды болады. Көк фикоциан мен қызыл фикоэритриндер суда жақсы ериді. Сол себепті қызыл балдырлардың тіршілігі жойылғанда қызыл т‰с беретін пигменттері суда еріп жойылып кетіп, талломның т‰сі жасылға ауысады, клеткада қор заты ретінде
иодпен әсер еткенде қызыл т‰ске боялатын ерекше крахмал дәндері, кейде май жиналады.
Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Судың толқындары арқылы ‰зілген бөлімдері көбінесе шіріп кетеді. Қызыл балдырлардың басты бір ерекшелігі- талшықты қозғалысты кезеңінің болмауы, сондықтан қозғалмайтын моноспоралары немесе тетраспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Қарапайым т‰рлерінде моноспорангияда жалаңаш дене т‰рінде бір моноспора т‰зіледі. Көпшілік т‰рлерінде тетраспорангияда жалаңаш тетраспора дамиды. Спорангия талломның өзінде не б‰йірлік өсінділерінде, ал кейде оның ойықтау келген жерінде орналасады. Тетраспора т‰зілуден бұрын тетроспорангияда редукцилық бөліну болады. Бұл балдырларда изоморфты ұрпақ ауысу байқалады. Гаплоидты тетраспорадан хромосома саны гаплоидты жыныс органдары бар гаметофит дамиды. Ұрықтанған жұмыртқа клеткадан сыртқы құрылысы гаметофитке ұқсас, бірақ өзінде тетраспорангия өсіп жетілетін диплойдты өсімдік (спорафит) дамиды. Қызыл балдырлардың моноспорасы бар т‰рлерінде ұрпақ ауысу болмайды. Диплойдты болып зигота ғана есептеледі, одан редукциялы бөліну арқылы жыныс органы мен моноспора дамитын гаплоидты өсімдік өседі.