Бактериялар секілді актиномицеттердің таксономиясында да морфологиялық сипаттамасынан басқа культурада өсу қабілеті, физиологиялық және биохимиялық белгілері (т‰рлердің әрт‰рлі көмірсуларды және азотты негіздерді пайдалануы, антибиотиктердің пайда болуы, пигменттері, клетка қабықшасының химиялық құрамының ерекшелігі, геносистематикасының ерекшеліктері және басқалар) есепке алынады.
Актиномицеттердің негізгі морфологиялық белгілері мыналар. Спора т‰зетін аппаратының құрылысы, спорангияларының склероциларының, қозғалғыш сатысының пайда болуы т.б.
Актиномицеттер класы мынадай 3 қатардан тұрады: 1) Actinomyctales; 2)
Actinoplanales; 3) Mycobacteriales.
Actinomyctales қатары.
Бұл қатарға жататын актиномицеттердің мицелийлері жақсы жетілген, әрі бұтақталған болып келеді. Споралары формасы жағынан әрт‰рлі болып келетін (т‰зу, қисық немесе спираль) спора т‰зетін жіпшелерінде (спороносцы) пайда болады. әрбір спора т‰зетін жіпшеде (спороносцах) бірден 50-ге дейін моншақ тәрізді тізбектелген споралар болады. Қозғалмалы стадиясы (сатысы) болмайды.
Actinomycetaceae тұқымдасы.
Бұл тұқымдастың өкілдерінің жақсы жетілген спора т‰зетін жіпшелері (спороносцах) болады. Онда экзоспораның тізбегі пайда болады. Спороносцылардың формасы әрт‰рлі болып келеді. Колониялары көбіне
пигменттелген болып келеді (көк, қызғыш, қара т.б.). Негізгі өкілі - Actinopycnidium деген т‰рінде кәдімгі спора т‰зуден басқа пикнид тәрізді жемісті денесі пайда болады. Олар дөңгелек немесе сопақша формада болып келеді және әрі матасқан, әрі тығыздалған вегетативті гифалардан тұрады. Пикнидтің ішінде пикнеспоралар жетіледі, олар әдетте вегетативтік гифалардың бірнеше бөліктерге бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Пикнидтен споралар сыртқа шығады, өсе келе жаңа колония т‰зеді. Chainia туысының мицелийінде склероции – деп аталынатын ерекше денешік (тельца) пайда болады. Олар гифалардың тығыздалып матасуынан пайда болады және ешқандай қуыссыз тұтасқан дене т‰рінде болады. Белгілі бір жағдайда склероциилар мицелийлерімен өсіп колония т‰зеді. Proactinomyces және Nocardia туыстарының өкілдерінің мицелийлері жас кездерінде жақсы жетілген болады, ал қартайған культураларында ол таяқша тәрізді фрагменттерге (бөліктерге) бөлінеді. Нағыз споралар бұл туыстарда болмайды.
Актиномицеттердің ішінде ауыру туғызатын т‰рлері бар. Олар адамдар мен жануарлардың актиномикозы (Actinomycetes bovis, Nocardia т‰рі және басқалар).