Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтар (Actinomycetes)



бет10/215
Дата04.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#121980
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   215
Байланысты:
СИСТЕМАТИКА раст

Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтар (Actinomycetes)


қатары
Актиномицеттер бактериялар сияқты жалған бұтақтанбай б‰йірінен өскен өсінділері арқылы шын бұтақтанады. Саңырауқұлақтар сияқты гифаларының жиынтығы мицелий деп аталады.
Бұлар мицелий ұштарының ‰зіліп т‰суі, 1) яғни вегетативтік жолмен және 2) споралар т‰зу арқылы көбейеді. Споралар ауаға көтеріліп тұрған мицелийлердің ұштарында т‰зіледі, мұндай жағдайда протоплазманың бір бөлімі шар сияқты, кейде сопақша пішінді бөліктерге бөлінеді, олардың арасында кейіннен кілегейленетін бос жерлер пайда болады. Екінші жағдайда спора сағақтары қысқа цилиндр пішінді бөліктерге бөлінеді. Актомицеттердің споралары қолайсыз жағдайларға төзімді келеді, бірақ бактерия спораларына керісінше – жай қайнатқанның өзінде тіршілігін жояды. Актиномицеттердің споралары саңырауқұлақтардың гифалары сияқты тармақтанып өседі. Олардың көбеюі ‰шін ең қолайлы температура 23-27.Актиномицеттер сілтілік ортада берік келеді, ал қышқылдық ортада тез жойылып кетеді. Көпшілік актиномицеттер аэробты ортада тіршілік етеді де өз денесінен иісті заттар және әрт‰рлі бояулар бөліп шығарады.Актиномицеттердің табиғатта және адам өміріне маңызы зор. Актиномицеттер топырақта жиі кездеседі. Актиномицеттер топырақта да жоғары температураларда өсе береді. Олардың көптеген өкілдері басқа микроорганизмдерге жетіле бермейтін целлюлозаны, хитинді және басқа да заттарды шірітеді. Актиномицеттердің кейбіреулерінен басқасы аэробты организмдер. Олардың көпшілігі басқаларды және басқа да
микроорганизмдерді уландыратын (токсичные) заттар бөліп шығарады. Алайда ол заттар адамға мен малға қауіпті болмайды. Бұндай заттарды антибиотиктер деп атайды, олар медицинада кеңінен қолданылады. Қазіргі кездегі белгілі антибиотиктердің жартысынан асығы осы актиномицеттерден алынады. Олардың ішінде мынадай белгілі антибиотиктер бар: стрептомицин, тетрациклин, хлоромицетин, әрт‰рлі ісіктерге қарсы қолданылатын антибиотиктер т.б. бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет