Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет27/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Лейкопластар. Лейкопластарда пигменттер болмайды. Мөлшері жағынан олар хлоро-пластардан кіші және белгілі формалары болмайды. Лейкопластар көпшілігінде өсімдіктің, күннің жарығы түспейтін ұлпаларынын және органдарының клеткаларында - тамырларында, түйнектерінде, дәндерінде және басқаларда кездеседі.
Лейкопластардың ішкі мембраналық системасы хлоропластарға қарағанда нашар жетілген. Стромасында ДНК-ның, рибосомалардың, пластоглобулдердің молекулалары болады.
Лейкопластардың негізгі атқаратын қызметі артық қоректік заттарды, бірінші кезекте крахмалды, кейде белокты, сиректеу майды синтездеу және жинау болып табылады. Крахмал жинайтын лейкопластарды амилопластар деп атайды. Оларда фотосинтез процесі жүретін органдардан келіп түсетін қанттан өлшемі мен формасы әртүрлі болып келетін крахмал дәндері пайда болады. Бұларды екінші реттік крахмал деп атайды. Артық белок кристалдар түрінде, немесе аморфты гранул, май- пластоглобул түрінде жиналады.
Хромопластар. Хромопластарда каратиноидтар тобына жататын түсі қызғыш - сары, сары пигменттері болады.
Хромопластардың мөлшері хлоропластардан кіші, ал формасы жағынан олар алуан түрлі болып келеді. Олардың ішкі мембраналық системасы көп жағдайда болмайды.
Каротиноидтардың жиналуының формасына қарай хромопластарды глобулярный, фибриллярный (трубчатый) және кристалды типтер деп бөледі. Хромопластардың ең көп кездесетін глобулярный типінің пигменттері пластоглобулаларда еріген. Фибриллярный типіне жататын хромопластардың каратиноидтары пластоглобулаларда кездесіп қана қоймайды, сонымен бірге олар стромдарда параллель орналасқан жіпшелердің, немесе түтікшелердің тобын түзеді. Кристалды типке жататын хромопластардың каратиноидтары негізінен әртүрлі формадағы кристалдар түрінде кездеседі және осы пластидтердің өзінің формаларын айқындайды (орақ тәрізді, ромб тәрізді, ине тәрізді және т.б. Хромопластар кейбір өсімдіктердің гүлінің күлте жапырақшаларында, піскен жемістерінде, күзгі жапырақтарында болады. Олардың зат алмасуындағы атқаратын қызметі белгісіз. Хромопластардың қосымша биологиялық маңызы сол, айқас тозаңдануға қажетті насекомдарды және осы өсімдіктердің дәндерін таратуға қажетті жануарларды шақырады.
Эволюцияның барысында осы пластидтердің ең алғашқысы болып хлоропластар пайда болған. Кейіндеу өсімдіктердің денесі органдарға бөлінген кездерде хлоропластардан лейкопластар мен хромопластар жетілген. Онтогенезде пластидтердің барлық түрлері бір - біріне ауысып отырады. Лейкопластардың хлоропластарға айналуы жиірек кездеседі (мысалы, ұрықтанғанда жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болған кездерде) және хлоропластардың хромоластарға ауысуы жиі кездеседі (мысалы, жапырақтардың күзде сарғаюы). Тек хромопластар табиғи жағдайда басқа пластидтерге айналмайды. Пластидтердің клеткадағы саны олардың созылып барып бөлінуінің нәтижесінде артады.
Ядро. Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алады. Ол тұқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын және түзетін орын болып саналады. Ядро осы клетканың және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу процесін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін бақылайтын орталық. Егер клеткадан ядроны алып тастар болсақ, онда ол клетка көп кешікпей өледі.
Әдетте клеткада бір ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда көп ядролы клеткалар болады. Бактерия мен көк - жасыл балдырлардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бірақ оның құрамына кіретін заттар олардың цитоплазмасында болады. Яғни ядро шашыраңқы жағдайда (диффузном) болады.
Ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте клетканың формасына сәйкес келеді: паренхималық клеткаларда ядро көп жағдайда шар тәрізді, ал прозенхималық клеткаларда линза тәрізді немесе ұршық тәрізді болып келеді.
Жабық тұқымды өсімдіктердің вегетативтік органдарының клеткаларының ядросының диаметрі әдетте 10-25 мкм.-ге тең. Зең саңырауқұлақтарының ядросының диаметрі 1-2 мкм.-ден аспайды, ал қара балдырларында ол 2,5 мкм.-ге дейін жетеді. Онтогенез процесінің барысында ядроның формасы, мөлшері және клеткада орналасқан жері өзгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, жас клеткаларда ядроның көлемі мен протопластың жалпы ара салмағы 1:4- тен 1:5- ке дейін, ал толық жетілген және қартайған клеткаларда 1:20- дан 1:200 дейін барады. Мұндай ара салмақтың бұзылуы не клетканың бөлінуіне, не оның өлуіне әкеліп соғады.
Оптикалық микроскоппен қарағанда ядро 1-3 қара дақтары, яғни ядрошықтары бар көпіршіктер түрінде көрінеді.
Ядроның құрылысы (структурасы) жөніндегі қазіргі кездегі көзқарас, оны фазалық контраст тәсілін қолдануға және электронды микроскоппен қарап зерттеуге негізделген. Ядроның құрылысының жалпы жоспары барлық клеткаларда (өсімдіктердің де, жануарлардың да) бірдей болады. Ол мынандай органелдерден: ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан, ядрошықтан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет