Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет30/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107
Телофазада профазаға қарама- қарсы процестер жүреді: хромосомдар спиральсіз қалыпқа келеді, митотикалық ұршықша (веретено) жойылады, ядроның қабықшасы мен ядрошықтар түзіледі. Телофазаның бастапқы кезінде, клетканың полюстерінде, хромосомдар екі қоюланған қара түсті қойыртпақ түрінде көрінеді, осы фазаның соңында олардың контуры толығынан жойылады. Осы кезде клетканың экваториалдық бөлігінен, оған перпендикуляр орналасқан талшықтар (фрагмопласт) пайда болады. Фрагмопластың ортасына Гольджи көпіршіктері жиналады, оларда пектинді заттар болады. Гольджи көпіршіктері клетка табақшасына (пластинкасына) бастама береді. Осы клетка табақшасы орталықтан шетке қарай ұлғайып өсіп және фрагмопласты ығыстырып, аналық клетканың қабықшасына дейін жетеді. Сонымен цитокенез процесі жүреді, ол митозды аяқтайды. Кейіндеу клетка табақшасының екі жағынан бірдей алғашқы қабықша пайда болады.
Митотикалық циклдың нәтижесінде екі клетка пайда болады. Бұл клеткалар-дың хромосомдары формасы, мөлшері, саны және ДНК-ның структурасы жағынан аналық клетканың хромосомдарына ұқсас болады. Яғни жаңа пайда болған жас клеткалардың аналық клетка-лармен тұқым қуалаушылық тұрғысынан біртектестігі қалыптасады.
Амитоз - бұл соматикалық клеткалардың бөлінуінің басқа жолы. Оның мәні мынада, клетканың ядросы алдын ала қандайда бір структуралық өзгерістерге ұшырамастан екіге немесе одан да көп бөліктерге бөлінеді. Ядроның қайтадан түзілуінен кейін цитоплазманың бөлінуі жүреді. Амитозда жаңа пайда болған жас клеткаларға хромосомдар теңдей бөлінбейді, сондықтанда олар биологиялық тұрғыдан бірдей болмайды. Бірақта жаңа пайда болған клеткалар өзінің структуралық құрылымын жоғалтпайды. Амитоз жас, жақсы жетілген клеткаларда, мысалы пияздың баданасының түбіршегінде (донце), тамырдың ұлпаларында байқалады. Ядроның бөлінуінің бұл түрі әсіресе жоғары дифференцияланған клеткаларда және біршама ескі ұлпаларда жиі кездеседі.
Мейозда - митоз секілді ядроның бөлінуінің универсалды түрі, бірақта ол клеткалардың аздаған тобына тән, дәлірек айтқанда жыныстық клеткаларда жүретін процесс. Мейоздың мәні хромосомдардың редукцияға ұшырап (қысқарып), санының екі есе азаюы болып табылады. Бұл процестің биологиялық мәнінің ашылғанына көп уақыттар болды. Гаплоидты жыныс клеткалары - гаметалар (n) жыныстық процестің нәтижесінде бір- бірімен қосылып зигота түзеді. Бұл жағдайда хромосомдардың саны екі есе артады (2n), ал зигота ұрпаққа берілетін мәліметтерді (информацияны) гаметалардың екеуінен де алады. Сонымен, көбею кезінде мейоз арқылы хромосомдардың санының тұрақтылығы сақталып отырады. Мейоз бірінен соң бірі тұрақты түрде жүріп отыратын екі бөлінуден тұрады. Олардың әр қайсында митоздағыдай төрт фаза болады, бірақ бұлардың принциптік айырмашылықтары бар. Алғашқы бөлінуі әрі күрделі, әрі ерекше болып келеді және хромосомдарының санының қысқаруымен жалғасады.Оны гетеротипті деп атайды. Бұл бөлінудің профазасында гомолокты хромосомдардың арасында хромотидтердің бөліктерімен (участкілерімен) алмасу жүруі мүмкін. Анафазада клетканың полюстеріне митоздағыдай хроматидтер емес, гомологты хромосомдар ажырайды. Екінші реттік бөлінуі гомотипті деп аталынады және ол митоздағыдай болып жүреді. Нәтижесінде бір диплоидты клеткадан хромосомдар саны гаплоидты төрт (тетрада) жас клетка түзіледі. Олардың хромосомаларының жиынтығының әрқилы болуы, түрдің эволюциясының негізі болып саналатын келесі ұрпақтарының белгілерінің әртүрлі болатындығын көрсетеді.
Кейбір жағдайларда жыныс клеткасы түзілгенде олардың хромсомдарының саны редукцияға ұшырайды және диплоидты қалпында қалып отырады. Нәтижесінде зиготадан пайда болған өсімдікте хромосомдардың 3-4, кейде оданда көп жиынтығы болады. Мұндай клеткаларды және олардан пайда болған өсімдіктерді полиплоидты деп атайды. Полиплоидты өсімдіктердің мөлшері (размері) үлкен болады. Помидордың, жүгерінің, бидайдың және көптеген екпелі (мәдени) өсімдіктердің түсімділігі жоғары сорттары полиплоидты болып келеді. Полиплоидияны рентген сәулесімен, әртүрлі химиялық заттармен және тағы басқалармен әсер ете отырып қолдан туғызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет