Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет49/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107
Өсудің бағыты. Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін өркендер тік өсетін, жабысып өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді. Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды (стелющиеся). Егер жатаған өркен қосалқы тамырлар берсе, онда оны сұлама өркен деп атайды (ползучий). Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгертіп отыруы мүмкін, онда оларды көтеріңкі (приподнимающимися), жоғары қарай өсетін (восходящими) өркендер деп атайды.
Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі. Өркендердің түрлене өзгеруі көп жағдайда олардың атқаратын қызметімен: өз бойына артық қор заттарын жинауымен, жылдың қолайсыз мезгілін басынан өткеруімен, вегетативтік жолмен көбеюімен тікелей байланысты болады.
Тамырсабақ. Бұл горизонталь бағытта, жоғары қарай немесе вертикаль бағытта өсетін көпжылдық жер асты өркен. Ол өз бойына артық қор заттарын жинауға қабілетті, өсімдіктердің қайта қалпына келуін реттейді және вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз етеді.
Тамырсабақтың редукцияға ұшыраған қабыршақтар, бүршіктер, қосалқы тамырлар түріндегі жапырақтары болады. Артық қор заттары оның сабақтық бөлігінде жиналады. Тамырсабақтың ұзарып өсуімен, бұтақтануы кәдімгі өркендегідей жүреді. Тамырсабақ жапырақтарының болуымен және ұшында тамыр оймақшасының болмауымен, тамырдан айқын ажыратылады. Тамырсабақ ұзын және жіңішке (бидайық-пырей) немесе қысқа және жуан (құртқашаш- ирис) болуы мүмкін. Жыл сайын төбелік және бүйірлік бүршіктерден бір жылдық жер беті өркендері пайда болады. Тамырсабақтың ескірген бөліктері біртіндеп өліп отырады. Ұзын, горизонталь бағытта өсетін, көптеген жер беті өркендерін беруге қабілетті, тамырсабақты өсімдік, тез арада көптеген жерді алып кетеді. Егер ол арамшөп болса (бидайық- пырей), онда олармен күресу өте қиынға түседі. Мұндай өсімдіктерді құмды бекітуге пайдаланады (қияқ- волоснец, ақселеу- триостница). Шалғындық тануда, ұзын горизонталь бағытта өсетін, тамырсабағы бар астық тұқымдасын тамырсабақты (суоты - полевица, қоңырбас - мятлик), ал тамырсабағы қысқа болып келетіндерін- түптенген немесе түптеніп өсетін өсімдіктер деп атайды (аққылтан- белоусник, атқонақ- тимофеевка). Тамырсабақ негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктерде, кейде бұталарда (берескелет) және бұта тектес өсімдіктерде болады (ит бүлдірген- брусника, нағыз қаражидек- черника).
Түйнектер. Бұлар сабақтың жуандаған бөліктері, оларда артық қор заттары жиналады. Түйнектер жер беті және жер асты болып бөлінеді. Жер беті түйнектері негізгі сабақтың (кольраби, немесе бүйірлік өркеннің (тропикалық архидейлер) жуандаған бөлігі болып саналады және олардың жақсы жетілген жапырақтары болады. Жер асты түйнектері гипокотильдің (цикламен) немесе ұзақ өмір сүрмейтін жер асты өркенінің- сталонның (картофель) жуандаған бөлігі болып табылады. Жер асты түйнектерінің жапырақтары редукцияға ұшыраған, олардың қолтықтарында бүршіктері болады. Мұндай бүршіктерді көзшелер деп атайды.
Жер беті сталоны. Бұл ұзақ өмір сүрмейтін, горизонталь бағытта өсетін сұлама өркен. Ол негізінен өсімдіктің таралуын (территорияны көбірек қамтуын) және вегетативтік жолмен көбею қызметін атқарады. Оның буынаралықтары ұзын болып келеді және жапырақтары болады. Буындарынан төмен қарай әдетте қосалқы тамырлары, ал төбелік бүршіктерінен- қысқарған өркен (розетка) кетеді. Ол сталон өлгеннен кейін де өз бетінше өмір сүре алады. Жер бетіндегі сталон симподиалды бұтақтанып өседі. Фотосинтездік қабілетін жоғалтқан және негізінен вегетативтік көбею қызметін атқаратын жер беті сталондарын кейде мұртшалар деп атайды (бүлдірген- земляника.
Пиязшық (луковица). Бұл көптеген бір- бірімен тығыз орналасқан, жапырақтары және қосалқы тамырлары бар қысқарған сабақ (түбіртек- донце). Түбіртектің үстінде бүршік орналасады. Көптеген өсімдіктерде (пиязда, қызғалдақта, сүмбілде- гиацинт және басқаларда) осы бүршіктен жер беті өркен өсіп шығады, ал бүйірлік қолтықтың бүршіктерінен жаңа пиязшықтар пайда болады. Пиязшықтың сыртқы қабыршақтары көп жағдайда әрі құрғақ, әрі жұқа жарғақ тәрізді болып келеді және қорғаныш қызметін атқарады, ал ішкі қабыршақтары етженді, қор заттарына толы болады. Формасы жағынан- пиязшықтар шар тәрізді, жұмыртқа тәрізді, кейде тіптен қабысқандау және тағы басқаша болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет