Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет8/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллома өліп шіриді. Сиректеу үзілген талломаларда арнайы өсу бүршіктері (выводковые почки) пайда болады, олардан келешегінде жаңа особьтар жетіледі.
Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Қызыл балдырлардың споралары спорангияның ішінде бір-біреуден (моноспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нәтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады, содан соң судың түбіне шөгіп, өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді.
Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпогон қысқа бұтақтардың қолтығында бір-бірден өседі. Карпогон - колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен және жоғарғы жіңішке түтік тәрізді мойны трихогинадан тұрады. Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий және карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ әр особьтарда дамиды. Антеридийден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, содан соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.
Ұрықтанғаннан кейін трихогина жойылып кетеді, карпогонның кеңейген бөлімі ұлғайып, өсе келе көп клеткаға айналады, оны цистокарпий деп атайды. Цистокарпийден карпоспора дамиды, олар судың ағынымен таралады да, өсе келе балдырдың жаңа талломына (спорофитке) айналады.
Классификациясы. Қызыл балдырлар бөлімі 2 класқа бөлінеді: бангиевалылар класы (Bangіophyceae), флоридеялылар класы (Florіdeophyceae). Олардың әрқайсысында 6-дан қатар бар. Бангиевалылар класы саны жағынан көп болмайды. Онда 20-дай туыс, 70-тей түр бар. Аса кең тараған туыстарына порфира (Porhyra), комсопогон (Comsopogon) және тағы басқалар жатады. Қызыл балдырлардың негізін флоридеялылар класы түзеді, онда 49 тұқымдас бар. Бұл класқа леманеа (Lemanea), батрахоспермум (Batrachospermum), полисифония (Polysіphonіa) және көптеген басқа туыстарының өкілдері жатады.
Қызыл балдырлар адам өмірінде кеңінен қолданылады: олардан кондитер және басқада өнеркәсіптерде пайдаланылатын агар-агар алынады және микробиологиялық техника лабораторияларында микроорганизмдерді өсіруге қажетті қатты қоректік заттар дайындау үшінде пайдаланады. Теңіз жағалауындағы елдер де, мысалы Жапонияда балдырлар әртүрлі тағамдар жасауға пайдаланылады. Адам теңіз балдырларын химиялық өндірістеде жиі пайдаланады. Олардан иод, калий тұздары, целлюлоза, спирит, сірке қышқылы алынады. Одан басқа теңіз балдырларын малға азық ретінде және тыңайтқыш ретінде де пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет