Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе


Таралуы және шаруашылықтағы маңызы



бет5/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Таралуы және шаруашылықтағы маңызы. Балдырлардың көпшілігі суды, негізінен теңіз суларын мекендейді. Олардың біреулері, планктонның негізгі бөлігін түзіп, суда бос жүзіп жүреді, ал екіншілері судың түбінде бос жатады немесе субстратқа бекініп тұрады. Соңғылары бентостың (су асты шалғындардың) негізгі бөлігін түзеді. Теңіздерде балдырлар 30 м тереңдікке дейін ерекше қалың болып өседі. Алайда көлеңкеге ең төзімді қоңыр және қызыл балдырлар 100-200 метрге, ал жекеленген түрлері 500 метрге және оданда көбірек тереңдікке дейін өседі.
Кейбір балдырлар өте төменгі температураның өзінде тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Мысалы, полярлық ендікте және таулардың биік белдеулерінде (альпілік, субальпілік) балдырлар қардың үстінде өседі және оларды қызыл, жасыл, қоңыр, сары түстерге бояйды (қар хламидомонадасы).
Балдырлар топырақтың бетінде, топырақтың жоғарғы қабаттарында, тіптен атмосфералық ауада (хлорелланың кейбір түрлері) өмір сүреді. Балдырлардың жекелеген түрлері бактериялармен бірге өнім бермейтін, құнарсыз субстраттарға түсіп, оларды алғашқы мекендейтін пионерлер болып табылады. Олардың көпшілігі топырақ түзу процесіне актипті түрде қатынасады. Азотты ауадан бойына сіңіруге қабілетті балдырлар, топырақты азотпен байытады. Жасыл балдырлардың кейбір түрлері комплексті организмдердің қыналардың құрамына кіреді.
Балдырлар суды оттегімен байытып қана қоймайды, сонымен бірге балықтардың, суда жүзетін құстардың жемі болып табылады. Балдырлардан дайындалған ұнмен ауылшаруашылық жануарларын қоректендіреді. Балдырларды тыңайтқыш ретінде де пайдаланады. Қоңыр және қызыл балдырлардан кондитер өнімдерін өндіруге және микробиологиялық өндірістерге қажетті агар алынады, ал олардың күлі бром және йод алуға қажетті шикізат болып табылады.


ІІІ.ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІНІҢ ЯДРОЛЫ ПЛАСТИДТІ ТАРМАҒЫ (ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ АВТОТРОФТЫ ӨСІМДІКТЕР) - THALLOBІONTA EUCARYOTA.


3 ДӘРІС. ЭУКАРИОТТЫ БАЛДЫРЛАР.

  1. Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет