Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет4/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Қоректенуі. Балдырлардың көпшілігінде хлорофилл болады және автотрофты қоректенеді, бірақта олардың ішінде жасыл түсі басқа пигменттермен жабылып көрінбей тұратындары да аз болмайды.
Құрылысы. Талломы бірклеткалы, колониялы, клеткаланбаған және көп клеткалаы болады. Сонымен бірге олар клеткаларының орналасуына қарай жіп тәрізді немесе пластинка тәрізді болып келеді. Талломның вегетативтік клеткалары сырт жағынан целлюлозадан және пектинді заттардан тұратын қатты қабықшамен қапталған болады. Клетка қабықшасының сыртының кремнеземмен немесе ою - өрнек тәрізді оның безегімен қапталуы жиі кездеседі. Цитоплазмасы клетканың бүткіл қуысын толтырады немесе оның қабырғасына жақын орналасады. Клетканың ортасында, іші клетка шырынына толы бір үлкен немесе бірнеше ұсақ вакуольдер болады. Клеткада бір немесе бірнеше ядросы және құрамында пигменттері бар, хроматофорлары болады. Хроматофорларының формалары алуан түрлі-пластинка, спираль, лента, астауша, жұлдызша тәрізді, торлы және т.б. болып келеді. Бұлар балдырларды анықтауға қажетті негізгі белгілер болып табылады. Кейбір балдырлардың хроматофорасында "пиреноидтар" деп аталынатын ерекше белоктік денешіктер болады, олардың айналасында артық қор заттары ретінде крахмал немесе соған жақын углеводтар жиналады. Крахмалдан басқа артық қор заттары ретінде шыны майлары, липопротеид лейкозин, валютин белогы жиналады.
Көбеюі. Балдырларда көбеюдің вегетативтік, нағыз жыныссыз және жыныстық типтерінің барлығы болады. Вегетативтік көбеюі бір клеткалы түрлерінде клетканың тең екіге бөінуі, колониялы түрлерінде-аналық колонияның ұсақ калонияларға ыдырауы, көп клеткалы түрлерінде талломасының бөліктерімен, кейде вегетативтік көбеюге арналған органдары (мысалы, хара балдырларының түйнектері) арқылы жүзеге асады. Нағыз жыныссыз көбеюі зооспоралары немесе қозғалмайтын споралары арқылы жүзеге асады. Спора вегетативтік клетканың ішінде немесе ерекше органдарда: зооспорангиларда немесе спорангиларда, олардың ішіндегі заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын бір клеткалы құрылым. Зооспоралар түзілгеннен кейін, көп ұзамай талшықтарын тастап, клетка қабықшасына оранып, жаңа особьқа айналады. Жыныстық көбеюі изо-, гетерогамия және оогамиялық формаларда жүзеге асады. Изо- және гетерогаметалары қатардағы вегетативтік клеткалардан түзеледі. Жұмыртқа клеткасы оогонилерінде, сперматозоидтары антеридилерінде жетіледі. Жұмыртқа клеткасы біреу немесе бірнешеу болады, ал сперматозоиды - көп. Балдырларда тіркесу арқылы көбеюде (коньюгация, немесе зигогамия) жиі кездеседі. Бұл жағдайда екі вегетативтік клетканың біреуінің ішіндегі протопласты екіншісіне құйылады. Осы сөз болған жыныстық көбеюлердің кезкелгені зиготаның (2n) түзілуімен аяқталады. Біраз тыныштық кезеңін басынан өткізген соң, зиготадан редукциялық бөліністің нәтижесінде төрт зооспора түзіледі. Олардан келешекте жаңа особьтар пайда болады. Кейбір жағдайларда зигота тыныштық кезеңіне көшпей ақ, редукциялық жолмен бөлініп, бірден қозғалмайтын жаңа особьқа айналады. Бұл жаңа особьтар, тағыда жаңа жыныстық көбеюдің мерзімі келгенше, ұзақ ұақыттар бойы жыныссыз көбейе алады. Жаңа жыныстық көбеюдің мерзімінің келуі, көп жағдайда сыртқы ортаға байланысты болады. Алайда зиготадан жыныссыз фаза- спорофит (2n) түзіледі, ал онда жыныссыз көбею органы - зооспоранги жетіледі. Зооспорангидің ішіндегі заттардың редукциялық жолмен бөлінуінің нәтижесінде гаплоидты (n) зооспоралар түзіледі. Зооспоралар өсіп гаметофиттер (n) береді, ал оларда жыныстық кобею органдары гаметангилер жетіледі. Гаметангилерден гаметалар түзіледі. Гаметофит қосжынысты да, дара жынысты да болады. Сонымен, балдырлардың біреулерінің өмірлік циклінде ядролық фазалардың дұрыс алмасуы болмайды, ал екіншілерінде спора - және гаметофазаларының алмасуын айқын байқауға болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет