Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат


Ғылыми зерттеу кезеңдерінің сипатамасы



бет12/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

Ғылыми зерттеу кезеңдерінің сипатамасы

Зерттеудің бірінші кезеңінде келесі міндеттер шешіледі:
1) Саланы, зерттеу аймағы таңдау: шынайы факторлар, яғни, зерттеудің өзектілігі, жаңашылдығы, зерттеудің келешегі; субъективті факторлар, яғни, тәжірибе, ғылыми және кәсіби қызығушылықтар, қабілеттер. 
2) Зерттеу проблемаларын анықтау.

3) Зерттеу тақырыбын қалыптастыру, оның өзге тақырыптар алдындағы басымдылығы, ғылыми мәні, келешегі мен зерттеу тақырыбының толық пайдаланылмауы.


4) Зерттеу нысаны мен пәнінің анықтау.
5) Зерттеу мақсаты мен міндетін анықтау.
6) Зерттеу гипотезасын әзірлеу: сипаттау гипотезасы, қандай да бір құбылыстың жорамалды түрде болуы; қандай да бір құбылыстың себептерін ашатын түсіндірме гипотезалар; сипаттамалы-түсіндірмелі. 
Зерттеудің екінші кезеңінде мына мәселелер шешіледі:
1) Зерттеу әдістемесін әзірлеу: оның теориялық-әдістемелік бөлігі, соның негізінде бүкіл әдістеме қалыптасатын тұжырымдамасы; құбылыстар, процестер, белгілер, параметрлер анықталады; олардың арасындағы тәртіптелген байланыстар мен тәуелділік, қолданылатын әдістердің жиынтығы, олардың үйлесімі; әдістер мен әдістемелік тәсілдерді қолдану тәртібі; өңдеу жүйелілігі мен техникасы және зерттеу нәтижесін жиынтықтау.
2) Зерттеу гипотезасын тексеру.
3) Тікелей зерттеу жүргізіледі.
4) Алдын ала теориялық және практикалық тұжырымдарды қалыптастыру: жан-жақты аргументтелген, зерттеудің негізгі қорытындысын жиынтықтайтын; мақсатты және заңға сыйымды, мақұлданған және бұқаралық тәжірибеге енгізуге нақтылы. 
Зерттеудің үшінші кезеңі төмендегілерден тұрады:
1) Зерттеудің қол жеткізілген нәтижесін тәжірибеге енгізу.
2) Ғылыми жұмысты ғылыми безендіру болжайды: жұмыс мазмұнының зерттеу тақырыбына сәйкестігі, негізгі идеяларды, ережелерді. тұжырымдарды жеткілікті түрде толық әрі нақты қалыптастыру; ғылым тәрізділіктен аулақ болу және ғылыми этиканы сақтау.
Бірақ педагогика саласындағы зерттеулер көрсеткендей, жас зерттеушілер үшін бәрібір ғылыми зерттеу процесінің құрылымын барынша нақты таныстыру қажет. 
Педагогика бойынша ғылыми жұмысты болжалды түрде бір-бірімен тығыз байланысты және түрлі зерттеу әрекеттері орындалып, түрлі материалдар құрастырылатын 12 кезенге бөлуге болады. 


2. Ғылыми педагогикалық зерттеу кезеңдері
1-ші кезең: Проблеманы немесе тақырыпты таңдау (қою)
2-ші кезең: Әдеби дереккөздер арқылы проблемамен танысу.
3-ші кезең: Проблеманы (тақырыпты) нақтылау және алғашқы жоспарды құрастыру.
4-ші кезең: Гипотезаны құрастыру (қою).
5-ші кезең: Материалды жүйелі түрде жиынтықтау.
6-шы кезең: Зерттеу нәтижесін жалпылау.
7-ші кезең: Қосымша материалдарды жинау.
8-ші кезең: Зерттеу нәтижелерін талдау.
9-шы кезең: Ғылыми жұмыстың кеңейтілген жоспарын құрастыру.
10-шы кезең: Жұмыс бойынша әдебиттерді өңдеу.
11-ші кезең: Тәжірибеге енгізу.
12-ші кезең: Зерттеу тиімділігін бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет