Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет13/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Ғылыми педагогикалық зерттеу кезеңдерін атаңыз
2 Зерттеудің әр кезенінің мақсаты неде?
Әдебиеттер:
1 Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б
2 Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б
3 Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы. – Шымкент; М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003ж. 111 б.
4 Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005
5 Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
6 Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009
Дәріс 10


Тақырып: Педагогикалық зерттеудің ғылыми әдістері


Мақсат: Педагогикалық зерттеу ғылыми әдістерімен танысу


Жоспар:

  1. Ғылыми зерттеу әдістеріне ортақ әдістер

  2. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдісі

1. Ғылыми зерттеу әдістеріне ортақ әдістер


Теоретикалық және эмпирикалық зерттеулерді жүргізуде көптеген әдістер пайдаланылады. Әдіс дегеніміз (грек. methodos- зерттеу, теория, оқу) зерттеу жолы, белгілі бір мақсатқа жету, нақты міндеттерді шешу. Кейде әдістер болмысты практикалық және теоретикалық таным үшін белгілі бір қадамдар мен амалдардың жиынтығы болып саналады.
Әдіс - мақсатқа жетуге белгілі бір тәсіл. Тәсіл әдістін құрылымдық бөлімі, құбылыстың немесе заттың қасиеттерін өзгертуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жиынтығы. Танымды, басқа да қызметтер секілді, мақсатқа жетуге жетелейтін белгілі бір қадамдар мен амалдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұндай тәсілдер жүйесін әдіс деп атауға болады. Ғылыми таным әдісі дегеніміз - зерттеліп отырған нысанымен орындалатын әрекеттерді реттейтін тәсілдер мен амалдар жиынтығы. Әдіс теорияны практикада қолдану және ұйымдастыру бағдарламасы болып табылады. Әдіс субъективті, өйткені ол зерттеушінін ойлау құралы болып табылады.
Зерттеу әдістері. Әдіс белгілі бір ғылыми міндетті, амалдар мен процедураларды орындауға бағытталған зерттеу қызметінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Неғұрлым ғылымдар әдістерге бай болса, соғұрлым ғалымдардың істері сәттірек болады. Ғылыми міндеттердің күрделілігі өскен сайын, зерттеу құралдарының өңделуіне алынған нәтижелердің дәрежесінің тәуелділігі жоғарылайды.
Зерттеудің ғылыми әдістері- болмыс құбылыстарын эмпирикалық және теориялық тұрғыдан зерттеу мен танудың амал- тәсілдері мен тәртіптері.
Педагогика ғылымының әдістерінің сипаттамасынан бұрын, нақты зерттеу міндеттерін шешуге арналған екі негізгі таңдау ұстанымдарын есепке алу қажет. Олардың біріншісі - зерттеу әдістерінің көптүрлілігі ұстанымы кез келген ғылыми мәселені шешуге бір емес, бірнеше әдіс қолданылатынын білдіреді. Әдістердің өздерін зерттейтін құбылыс табиғатымен байланыстыра отырып ғалым қайта қарастырады. Екіншісі - алынған әдістің зерттелетін пәннің мәніне және алынатын нәтижесіне сәйкестігі ұстанымы.
Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін тоқталайық. Оларды ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады. Ғылымда екі танымдық негізгі қабілеттер бар – ақыл-ойлық және сезімдік. Сезім оқып үйренілетін пәнмен байланысқа түсіріп, ол туралы сезімдік түсініктер алуға көмектеседі. Ақыл-ой зерделенетін пәннің ішкі құрылымын ашып көрсетуге, оның мәнді сипаттамасын анықтауға, зерттеу пәнін болып жатқан оқиғалардың мәнмәтініне ілестіруге ықпал етеді. Жоғарыда көрсетілген екі танымдық қабілеттерге сәйкес ғалым таным құрылымында – эмпирикалық және теориялық болып екіге бөлінеді.
2Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдісі
Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.Тану әдісі, мәні бойынша, тану процесінін жүйелігі мен мақсатқа бағыттылығын білдіреді. Ол ғылыми танудың маңызды құралы, ғылымның қозгаушы күші болып табылады, оны дамыту мен жаңа нәтижелерімен толықтыру құралы ретінде қарастыруға болады.
Ғылыми жұмысының нәтижесі зерттеу әдістерінің дұрыс іріктеп алуы мен оларды біліп пайдалануға тәуелді.
Зерттелетін пәннің сипатына қарай қолданатын әдістер түрлі-түрлі болып келеді. Ғылыми танымның әдістерін ғылыми зерттеу үдерісінде қолдану аймағына байланысты.
Зерттеу әдістерін және олардың қолданылуын жақсы білетін зерттеуші үлкен жетістікпен жұмыс істеп, әрі аз күш жұмсайды, «үлгі және қате» әдістеріне және интуициясына сүйене отырып жұмыс істейтін зерттеушіге қарағанда.
Жетістікке жету - әдісті таңдаудан басталады, дұрыс әдісті таңдаған зерек емес адам да көптеген жетістікке жетуге мүмкіншілігі бар, ал дұрыс әдіс таңдай алмаған керемет ғалымның жұмысы сәтсіз болуы мүмкін.
Ғылыми зерттеу әдістері
1. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдісі
- Бақылау;
- Эксперимент;
- Сұхбат алу;
-Интервью;
- Анкета жүргізу,
- Тест алу;
- Педагогикалық тәжірбиені зерттеу;

2. Ғылыми зерттеудің теориялық әдісі


- Анализ;
- Синтез;
- Абстракциялау;
- Нақтылау;
- Индукция;
- Дедукция;
- Салыстыру;
-Модельдеу;
Зерттеу әдістері мен ғылым бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген ғылым болмысты тану нәтижелері арқылы жасалады.
Накты және дұрыс әдістер дегеніміз - ғылыми жұмыстың жетістігін қамтамасыз етуші бірден бір компонент емес. Әдістер, мысалы, зерттеушінің шығармашылық ойын өзгерте алмайды, оның қабілетін талдай және жинақтай алмайды. Тек қана, әдістерді дұрыс пайдалану зерттеушінің ойын дұрыс бағыттап, мақсатқа жетуге ең жақын жол ашады, бұл зерттеушінің уақыты мен күшін тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Зерттеудің маңызды кезендерінің бірі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Сондықтан да, барлық зерттеу әдістерінен қажетті әдістерді іріктеп алу үшін ең алдамен анықтап алу қажет:
-зерттеудін басты идеясын анықтау;
-тәжірибеде пайдаланатын зерттеу әдістерінің барлық нақты жағдайларын есепке алып қарастыру;
- зерттеу әдіснама мен зерттеу жұмысының аймағындағы зерттеуші өзінің дайынғының деңгейін есепке алу.
Ғылыми зерттеу әдістерін қолдану жолдарының талаптары:

  1. Әдіс жеке өзі пайдаланбайды, ол басқа әдістермен өзара байланыста болады;

  2. Әдістемелік білім жүйесінін жалпы негізгі, әмбебап әдісі ретінде, философия болып табылады. Оның қағидалары, заңдары мен категорияларын зерттеу стратегиясы мен ортақ бағыттарын анықтайды.

  3. Нақты жағдайларға, зерттеу мақсатына, шешілетін міндеттеріне, зерттеу нысан ерекшлігіне байланысты кез келген әдіс өзінің пайдалануында түрленеді

  4. Әр зерттеу әдісі пайдасыз және тиімсіз болады егер оны «жетекші жіп» ретінде пайдаланбай, фактілерді өзгерту үшін дайын шаблон ретінде пайдаланса.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет