Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат



бет9/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

7.Зерттеу көздері.
Зерттеу көздеріне зерттеу нысанын таңдау үшін қажет құжаттар, айғақтар, заттар, пайдаланылған әдебиеттер, т.б. кіреді.
8. Зерттеу әдістері
Зерттеу әдістері объективті шындықтың жалпы және жекелеген заңдылықтарына сүйене отырып мақсатқа жету жолдарын, зерттеудің теориялық және практикалық амал-тәсілдерін анықтайды.
Әдіс жалпы ғылыми танымдық ұстанымдардан келіп шығады және жұмыс тәсілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асырылады.
Тәсіл – берілген мәселемен шұғылданатын зерттеушінің нақты іс-әрекеті, танымның тәжірибелік кезеңдерінде қандай да бір мақсатқа жету түрі.
9. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.
Зерттелмеген материалдарды, анықталмаған құбылыстар мен заңдылықтарды зерттеу, бұрыннан бар ғылыми нәтижелерді қорытындылап, оларға жаңаша ғылыми тұрғыдан қарап, жаңа қырынан тану – зерттеудің ғылыми жаңалығы болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалыы болып автордың алғаш алған және ғылыми негіздеген теориялық немесе практикалық нәтижелері есептелінеді.
Зерттеудің теориялық құндылығы ғылыми зерттеу нәтижелерінің болашақта педагогика ғылымын дамытуға қолданылу мүмкіндіктерімен анықталады.
10. Зерттеудің практикалық мәнділігі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі автордың қол жеткізген зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде пайдаланылуында. Ол автордың алған зерттеу нәтижелерін практика мен оқу үрдісіне ендірумен анықталады

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Ғылым дамуының негізгі бағыттары қандай?
2 Ғылыми ізденістердін түрлері
3 Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы атаңыз

Әдебиеттер:
1 Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б
2 Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б
3 Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы. – Шымкент; М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003ж. 111 б.
4 Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005
5 Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
6 Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет