Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат



бет20/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік ізденістер аталған педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана, педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады, соның нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Ғылыми педагогикалық эксперимент дегеніміз не?
2 Педагогикалық эксперимент міндеттері:
3 Эксперимент келесі кезеңдері
4 Педагогикалық эксперимент түрлері


Әдебиеттер:
1 Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б
2 Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б
3 Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы. – Шымкент; М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003ж. 111 б.
4 Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005
5 Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
6 Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009


Дәріс 14:
Тақырып: Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу


Мақсат: Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу әдістерімен танысу
Жоспар:
1. Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу қажеттілігі
2. Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi



  1. Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу қажеттілігі

Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, жинақтау iсi күрделi және шығармашылық мәселелердiң бiрi болып табылады. Педагогикалық тәжiрибе – оқыту мен тәрбиенiң тәжірибесі жан-жақты зерттеу обьектiсi, факторлар мен ғылыми мәлiметтердi жинақтаудың негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi сондықтан педагогикалық озық iс-тәжiрибе оқу-тәрбие жұмысын үнемi дамыту мен жетiлдiруде үлкен орын алады. Ол кәсiби бiлiктi ұстаз еңбегi, яғни нәтижеге негiзделген педагог еңбегi. Педагогика заңдылықтары мен бiлiм негiздерiн игере отырып, саналы түрде оқыту үдерісіне енгiзу, тәжiрибеде байқаудан өткiзу. Осыған орай, әрбiр мұғалiм елiмiздегi жаңашыл ұстаздардың бай тәжiрибесiн, белгiлi педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерiн терең зерттеп, өз iсiне шеберлiкпен пайдаланудың жолдарын қарастырады. Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесiнде педагогикалық тәжiрибенi зерттеудiң кейбiр нақты жолдары iске асырыла бастайды. Олар: мұғалiмнiң өз тәжiрибесiн өзi зерттеп жинақтау, педагогикалық еңбек шеберлерiнiң жұмыс жүйесiн зетрттеу және жинақтау, жалпы педагогикалық тақырып бойынша бiрнеше мұғалiмнiң iс- 3 тәжiрибесiн жинақтау, жаңашыл мұғалiмдердiң озық тәжiрибелерiн тарату және оны оқу тәрбие үдерісiне ендiру, педагогикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары басшылығымен оқу тәрбие саласындағы өзекті мәселелердi зерттеу және жинақтау болып табылады. Озық iс-тәжiрибе бағытына қарай үш түрлi: ауқымы, көлемi жағынан, жаңалығы және сапасына байланысты болып бөлiнедi. көлемi арқылы болса ол бiрыңғай, типтiк, жеке дара, топпен немесе жалпы топпен; жаңалығы бойынша - жаңашылдық, шығармашылық және репродуктивтiк бағыттар қарастырылады; сапасы бойынша болса- озық (алдыңғы қатарлы), тиiмдi, тиiмсiз, өнiмдi, өнiмсiз, жағымды, жағымсыз болып бөлiнедi.
Озық iс-тәжiрибенi оқып үйренудегi негізгі iс-әрекеттің түрлерi:
1. Озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) ұйымдастыруға дайындық.
2. Негiзгi мәселенi анықтап алу.
3. Озық тәжiрибе сипаты мен оның обьектiсiн анықтау.
4. Педагогикалық озық тәжiрибенi оқып үйренудi жоспарлау.
5. Теориялық дайындық.
6. Әдiстемелiк дайындық.
7. Оқып үйренетiн обьектiнi алдын-ала бақылау жасау.
8. Тәжiрибенi оқып үйренудiң жұмыс жоспары мен бағдарламасын құру.
9. Жұмыс бағдарламасы мен жоспарын жүзеге асыру.
10.Оқып үйренетiн материалды талдау, қорту.
11.Материалды оқып үйренудi статистикалық және ойша қорту.
12. Оқыған материалды талдау, тарату.
13. Әдебиеттер мен дерек көздерiн жинақтау.
14. Қосымша материалдарын дайындау, пiкiр аллу және таратуға дайындық.
15.Облыстық, қалалық бiлiм департамаенттерi арқылы iс-тәжiрибенi бекiту. (ғылыми кеңесте, пеадгогикалық кеңесте, аттестациялық кеңесте).
16. Іс –тәжiрибенi тарату, тәжiрибеге енгiзу.
17.Тәжiрибеде байқаудан өткізу, тексеру.


2. Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi
Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi: Аталған жұмыс түрлерiнiң орындалуын бiрнеше кезеңдермен өткiзуге болады.
1 кезең. шебер ұстаздардың өзiнiң iс-тәжiрибесiне талдау жүргiзуi. а/ тақырып таңдау, мәселені анықтау, болжамы, көкейкестiлiгi, ә/ материалдар жинақтау және әдебиеттерге талдау жасау. б/ таңдап алған тақырып бойынша жұмыс жоспарын дайындау. в/ материалдарды өңдеу, сұрыптау, талдау. г/ барлық жинақталған материалдарға талдау жасап, қорытындылау. Себеп, салдарын, заңдылықтарын, алынған мәлiметтер негiзiнде тәжiрибелiк нұсқаулар жасау, бiлiм беру үдерісiне мониторинг жүргiзу жүйесiн зерделеу.
2 кезең. Шебер ұстаздың озық iс-тәжiрибесiн мектепiшiлiк деңгейде оқып, талдау жасау. Дайындаған материалды қалалық бiлiм басқармасы қарап бiлiм жетiлдiру институттарында ғылыми әдiстемелiк кеңесте бекiтедi, облыс, қала көлемiнде iс-тәжiрибенi таратуға құқылы болады.
3 кезең. ОПТ–тарату, насихаттау үшiн, аналитикалық сипаттама жасалады, әдiстемелiк нұсқау дайындалады, оқу әдiстемелiк нұсқау түрiнде безендiрiлiп, баспадын жарияланады. ОПТ-тарату, тәжiрибеге енгiзу.
Озық педагогикалық iс-тәжiрибе өлшемдерi.
1. Тәжiрибенiң ғылыми негiзделуі. (көкейкестiлiгi, мақсаты, зертеу обектiсi, зерттеу пәнi, зерттеу болжамы, жаңалығы, тәжiрибедегi мәндiлiгi).
2. Жергiлiктi жердiң аймақтық ерекшелiгi мен өз тәжiрибесiнiң ерекшелiгi және жетекшi идеясы.
3. Зерттеу тұрғысынан қаралуы.
4. Ғылым мен тәжiрибенiң кiрiктiрiлуi.
5. Оқыту мен тәрбиелеудiң жоғыры нәтижелi көрсеткiшi: - оқу үлгерiмiнiң жоғары болуы, - бiлiм терең және берiк болуы, - оқушының бiлiмдiлiгi мен мәдениеттiлiгi, қол жеткізген жетістіктері.
6. Көздеген нәтижеге жетудегi мұғалiмнiң үнемдiлiгi, құралдарды тиiмдi қолдануы т.б.
7. Оқу-тәрбие жұмысының орнықты, тұрақты, берiк болуы.
8. Еңбек нәтижесiн шығармашылықпен пайдалануға мүмкiндiктiң болуы.
Озық iс-тәжiрибенi тарату әдiстемесi.
Ұйымдастыру:
- әдiстемелiк бiрлестiк құру;
- педагогикалық көкейкестi мәселелерiн оқып үйренетiн шығармашылық топ құру (ғылыми топ);
- ғылыми-педагогикалық семинарлар өткiзу (ОПТ-нi талдау)
- мәселені шешетін зертхана құру (әр түрлi бағыттағы мамандар бiр мәселенің аясында пiкiр бөлiседi);
- iс-тәжiрибенi енгiзу бағытынды педагогикалық шеберлiк көрсету;
- педагогикалық зерттеу мәселесi бойынша арнаулы курс өткiзу;
Тәжiрибенi тарату және оқып үйрену формасы. Озық iс-тәжiрибенi алуан түрлi формада таратуға немесе насихаттауға болады. Олар: тәжiрибенi жүзеге асыру мақсатында ашық сабақтар (сабақтар сериясы немесе сыныпан тыс жұмыстар) өткiзедi. Тәжірибе таратушы педагогикалық кеңесте, мәжiлiстерде, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми тәжірибелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, конкурстарда, оқу- тәрбие жұмыстарда, пiкiр сайыс немесе диспуттарда, семинар сабақтарда, педагогикалық көкейкесті мәселелерге баяндамалар жасайды. Ұсынылған тәжiрибенiң сипаттамасы мектептiң оқу әдістемелік кеңесiнде озық iс- тәжiрибе туралы оқу iсiнiң меңгерушiсi және директорға баяндайды. Педагог өзiнiң тәжiрибесiнiң негiзгi идеясын панорамалық сабақтар, шығармашылық есеп беру, шебер сынып сайысы арқылы да көрсете алады. Тәжiрибе нәтижесiн авторлық еңбектер арқылы: әдiстемелiк нұсқау, бейне көрнiс, мақала т.б. түрiнде жариялай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет