Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1 Теориялық әдістерінің сипаттамысын беріңіз
2 Зерттеудің теориялық әдістерінің түрлері
3 Зерттеудің теориялық әдістерін пайдалану ерекшеліктері
Әдебиеттер: 1 Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б
2 Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б
3 Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы. – Шымкент; М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003ж. 111 б.
4 Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005
5 Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
6 Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009
Дәріс 12
Тақырып: Педагогикалық зерттеудегі эмпирикалық әдістер
Жоспар: 1. Эмпирикалық әдістерінің түсініктемесі
2. Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің түрлері
1. Эмпирикалық әдістерінің түсініктемесі
Педагогикада эмпирикалық әдістер дегеніміз, педагогикалық қызметте танымның тікелей мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін әдістерді атайды. Педагогикалық құбылыс болмысын, оның типологиясын, қызметін, шарттарын, орнын, себебін, салдарын теоретикалық әдістерсіз ашу мүмкін емес. Теоретикалық ойлау эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып ақпаратты қабылдайды. Эмпирикалық грек. еmpeirіa- тәжірбие.
Кәсіби педагогика, педагогика табиғаты қандай әдістермен оқытылады? Педагогикада эмпирикалық зерттеу әдістеріне бақылау әдісі, эксперимент, педагогикалық қызмет нәтижелері мен құжаттарды зерттеу болып табылады. Ю.К.Бабанский сараптамалық баға беру әдісі мен оның түрі педагогикалық консилиумды атап көрсетті. Сонымен қатар педагогикалық зерттеуде психологиялық зерттеу әдістері қолданылады: диагностика, тест жүргізу, сонымен қатар әлеуметтанудағы әдістер: сұхбат, интервью, сауалнама жүргізу, контент-талдау, социометрия.
Кез келген эмпирикалық таным бақылаудан басталады, яғни сыртқы әлемнің мақсатты, талданған, саналы жолдарымен қабылданған субъектіден басталады. Бақылаудан ғылыми зерттеу басталады. Бақылаушы болжанып отырған бақылау объектісі туралы нақты және айқын түсінікке ие болу қажет, ол объектіні бақылай отырып,оған тікелей бақылау жүргізіп, оны зерттей отырып өте зейінді болуы керек және шығармашылық, бейімділік және ептілік таныту қажет.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Сонымен, бақылау дегеніміз- педагогикалық зерттеудің нәтижелі әдісі. Алайда бұл әдіс кейбір кемшіліктерге ие: барлық үрдістер мен құбылыстарды бақылауға мүмкіншілік жоқ; бақылаушы көбіне бейтараптылығын жоғалтады және өзін ортадан аластатады; алынған мәліметтерді түсіндіргенде жіберілетін жоғары қателіктер; бұл әдісті қолдануда толық объективтіліккті ақпаратты және т.б.қамтамасыз ету мүмкін емес;
Сондықтанда бақылау басқа әдістерімен байланыса отырып көбіне зерттеудің бастапқы бөлімдерінде көрініс табады және педагогикалық зерттеу бақылаудың тек эмпирикалық әдісіне сүйене алмайды, сонымен қатар басқа да әдістерін қолдануға болады.