Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат


Педагогикалық эксперимент міндеттері



бет18/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

Педагогикалық эксперимент міндеттері:
1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу;
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы;
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі:
теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);
- эксперимент жұмысы– бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

2 Ғылыми педагогикалық эксперимент түрлері


Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеті - педагогикалық ықпал мен оның нәтижелері арасында байланыс орнату. Эксперимент өткізер алдында белгілі бір педагогикалық әдіс-тәсілдің тиімділігі туралы ғылыми гипотеза айтылады. Гипотеза- ғылымға сүйеніп жасалған, алдын-ала айтылған ой.
Көлемді экспериментке көп оқушылар қатысады.
Жергілікті, микроэксперименттерге аз оқушы қатысады. Кең көлемді, ірі эксперименттерді мемлекеттік, ғылыми мекемелер және білім беруді басқару органдары өткізеді. Мысалы, XX ғасырдық 60-жылдарында балаға алты жастан бастап жалпы білім беру үлгісі тексеріліп, оған көп оқушылар қатысқан эксперимент өтті. Нәтижелері жақсы болған соң балалар алты жастан бастап білім алуға көшті.
Ойдағы эксперимент - іс-әрекетті санада жасау. Жасанды жағдай - бір не бірнеше оқушыны ұжымнан бөлу. Эксперимент педагогикалық жұмыстың қандай да бір әдісінің тиімділігі туралы қорытынды болғанда өткізіледі.
Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампазэксперимент дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет