Дәріс №1 Топырақ туралы түсінік Негізгі сұрақтар және олардың қысқаша мазмұны



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата03.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#5948
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сұр топырақтар 

Бұл тау бөктеріндегі шөл далалар топырақтары, олар 34 млн. га, немесе 

ТМД  территориясының  1,5%  қамтиды.  Сұр  топырақтар  республика 

аумағының  оңтүстік  бөлігінде  орналасқан,  сондықтан  қыста  тоң 

толыққатпайды.  Бұнда  жауын-шашын  мөлшері  біршама  көбірек,  ал  тау 

бөктepi жазықтарында 400-500 мм-ге жетеді. 

Сұр  топырақтар  кескіні  горизонттарға  нашар  бөлінген,  А  горизонты 

бояуы  бойынша  аналық  жыныстан  шамалы  ғана  ерекшеленеді,  өтпелі  В 

горизонтының  түci  шамалы  сұрғылт  болады,  астында  карбонаттар  көп 

жинақталған  иллювиалды  карбонатты  В  горизонты  орналасқан,  сондықтан 

оныңтүciқұқыл  болып  келеді.  150-180  см-де  гипстіңұсақ  кристалдары 

жинақталады, одан төмен суда еритін тұздар орналасқан. 

Топырақ  кескінініңқалыптасуына  әсер  ететін  маңызды  факторлар 

ылғалдылық пен кебу. Ашық сұр топырақтар көктемде 1м тереңдікке дейін, 

ал нақты  сұр  топырақтар 2  метрге дейін ылғалданады. Ылғалдану  үрдісінде 

суда  еритін  тұздардың  бірталайы  жоғарғы  қабаттарға  қайтып  келеді,  жазда 

топырақ  неғұрлым  тереңге  ылғалданған  сайын,  соғұрлым  аз  тұз  қайта 

көтepiлeдi. 



Сұр  топырақтардың  ылғалдану  дәрежесі  жоғары  болғандығынан 

эфемерлер  дамуына  жақсы  жағдай  туындайды,  олар  тұтас  өсімдік 

жамылғысын  құрай  алады.  Жоғары  температура,  топырақтың  жақсы  жылу 

режимі,  өсімдікқалдықтарының  күлділігі  жоғары  екендігі  топырақта 

органикалық  заттардың  толық  ыдырауына  қажетті  жағдайды  қамтамасыз 

етеді.Өсімдікқалдықтары  мен  шірінді  заттардың  тез  ыдырауы  мен 

минералдануы  нәтижесінде  сұр  топырақтарда  аз  ғана  қарашірікқалады. 

Босаған  қоректік  элементтер  сумен  шайылып  кетпей,  топырақтың  беткі  1-4 

мқабатында  қалады.  Осыған  байланысты  қарашірігі  аз  болғанымен  сұр 

топырақтардыңөнімділігі  жоғары.  Олардыңқұрамында  бірталай  мөлшерде 

азот  пен  калий  болады,  фосфор  қосылыстары  epyi  қиын  үшкальцийлік 

фосфат  Са

з

(Р0


4

)

2



  түрінде  кездеседі.  Жазғытұрым  ылғалдың  аздығына  бай-

ланысты  сұр  топырақтардағы  биологиялықүрдістер  келесі  көктемге  дейін 

тоқтайды. 

Жоғарғы  горизонттары  құрамындағы  қарашірікмөлшеріне  қарай  сұр 

топырақтарды  келесітип  тармақтарына  бөледі:ашық  сұр  топырақ  - 

қарашірікмөлшері0,5 - 3,5%, сұр топырақтар - қарашірікмөлшері1,5 - 3,5% 

және  нақты  сұр  топырақтар  –қарашірік  мөлшері3,5-5,0%.(А  +  В) 

горизонттары қалыңдығына байланысты сұр топырақтарды жұқа қабатты (А 

+  В  40  см-ден  аз),  орташа  қабатты  (40—80  см),  және  қалыңқабатты  (80  см-

ден көп) деп бөледі. 



Шөл далалар мен шөл зонасы топырақтарынпайдалану 

Бұл  зонадағы  ағаш  тектес  өсімдіктер  тіршілігінeқолайлы  жағдай  өзен 

анғарларында қалыптасады, бұнда тал, жиде, тораңғы, жыңғыл, акация және 

т.б.  шалғындык  сұр,  шалғындыққұба  топырақтарда  өседі.  Сексеуіл 

ормандары кең аумақтарды, 20 млн. га қамтиды, олардың орташа ағаш қоры 

35 м


3

/га. Жақсы өсетін топырақтары жер асты сулары 3-8 метрде орналасқан 

құмдақ  және  жеңіл  саздақ  топырақтар.  Бұндай  жерлерде  олардың  бойы  4-6 

метрге жетеді. Сексеуілден басқа бұнда жүзгін, черкез, жыңғыл, жиде өседі. 

Бұнда  ағаш  тектес  өсімдіктердіөcipyүшін,  оларды  суару,  топырақты  шаю 

қажет. 


Минералдық  тұздардың,  жылу  мен  ылғалдын  үлкен  қоры  бұл  зонада 

әртүрлі  ауылшаруашылық  дақылдарынан  жоғары  өнім  алуға  мүмкіндік 

береді.  Шөл  далалар  мен  шел  аймағы  суармалы  егістіктің  ең  көне  орны. 

Бұнда  мақта,  қант  қызылшасы,  жүгері,  бидай  өciріледі,  дихандар 

бағбандықпен, жүзім өсірумен де айналысады. Сондықтан, топырақты өндеу 

мен  суару  кезінде  топырақтың  су-физикалыққасиеттеріөзгеруіне,  тұздану 

дәрежесіне,  суда  еритін  тұздар  мөлшеріне  көңiл  аударып  отыру  және 

екіншілік  тұздану  үрдісін  болдырмау  шараларын  icкeасыру  қажет.  Бұл 

зонаның  көп  бөлігі  (29,7%)  жайылым  ретінде  пайдаланылады,  оларды 

жақсарту жердітиімді пайдаланумен тығыз байланысты. 



Тұзданған топырақтар мен солодтар, олардың таралуы мен аумағы 

Тұзданған топырақтарға кебірлер, сорлар және сортаңдар жатады. Олар 

интразоналық топырақтар, яғни олардыңөз топырақ зонасы жоқ және әртүрлі 

зона топырақтары арасында араласа кездеседі. Дегенмен зоналық та маңызы 



бар,  ceбeбi  бұл  топырақтар  ыстық,  құрғақ  климат  пен  тұзданған  жер  асты 

сулары жағдайында қалыптасқан. Дегенмен, кебірлер, сорлар және сортаңдар 

тіптіЯкутияда да кездесетінін айта кеткен жөн. 

Тұзданған  топырақтар  мен  солодтар  зонасы  ТМД  аумағында  160  млн.  га 

құрайды.  Олардың  0,5%  (Фатьянов,  1972)  солодтар  мен  солодтанған 

топырақтар. 

Кебірлер 

нeгiзi 


сұр 

топырақтар 

аймағында, 

бipaз 


бөлігіқаратопырақ, күрең және құба топырақтар аймағында таралған. 

Сортандар 

Сортандарға  жоғарғы  горизонтында  мәдени  өсімдіктер  өсуіне  зиян 

келтіретін суда еритін тұздары көп мөлшерде болатын топырақтар жатады. Іс 

жүзінде  сортандарға  құрамындағы  тұздары  1%-тен  асатын  топырақтар 

жатады.  Сортаңдарда  суда  еритін  тұздар  А  горизонтында  жинақталған, 

олардың топырақтағы жалпы құрғақ салмағы 3-5%, кейде 30-50%-га да жетуі 

мүмкін. Тереңдеген сайын топырақтағы тұз мөлшері де көп кемиді. 

Сортаңдар  аналық  жыныстар  тұздануына  байланысты  қалыптасады. 

Бұндай  тұзды  жыныстар  Орталық  Азия  мен  Батыс  Сібірде  кездеседі. 

Сортаңдар  тұзданған  жер  асты  суларының  булануы  барысында 

топырақтыңжоғарғы  горизонттарында  жинақталады.  Олар  құрғап  кеткен 

көлдердің орындарында да қалыптасады. 

Сортаңдар  теңіз  жағалауларындағы  облыстарда  жағалаудағы  тұзды 

шаңды жел көтеріп, материк ішінe ұшырып әкетуі барысында пайда болады. 

Желдің бұндай жұмысы Арал мен Каспий маңында ерекше байқалады. 

Өзен  аңғарлары  мен  ойпандардағы  сорғандардың  пайда  болуы  жауын-

шашынның  тұздарды  биіктеу  жерлерден  ойпандау  жерлерге  шайып 

апаруынан  болады.  Шығу  теріосындай  сортаңдар  күрең  және  құба 

топырақтар  аймағында,  ойлар  мен  ойпаңдарда  кездеседі.  Кейде  сортаңдар 

теңіз  маңы  жазықтарында  кездеседі,  олар  құрғап  кеткен,  әсересе  суы  ащы 

көлдердің  айналасын  орай  таралады.Топырақтарда  тұздың  көп  мөлшерде 

жинақталуы  биологиялық  жолмен,  галофит  өсімдіктердіңәсерінен  де  болуы 

мүмкін.  Галофиттерге  сораңдар  -  сарсазан,  бұйырғын,  ақтікен,  қарабарақ 

және  басқа  да  көптеген  өciмдіктep  жатады.  Еттілігі  және  ылғалдылығы 

жоғары  сораңдар  тез  еритін  тұздарды  топырақтан  сіңіредi.  Ол  өсімдіктер 

құрап,  өлген  соң,  тез  еритін  тұздар  топырақтың  жоғарғы  горизонттарында 

жинақталады  да,  біртіндеп  тұзданып,  ақыры  сортаңға  айналады.  Табиғатта 

сортаңдардың  пайда  болуы  осындай,  оларды  біріншілікнемесе  табиғи 

сортаңдар деп атайды. 

Табиғи  сортаңдардан  басқа  жасанды,  немесе  екіншілік  сортаңдар  да 

пайда  болады.  Екіншілік  тұздану  егістіктісуаруды  немесе  құрғатуды  дұрыс 

жолмен жүргізбеген жағдайда пайда болуы мүмкін. Құрғату арықтары дұрыс 

салынбаған,  суаруға  суды  көп  мөлшерде  ысырап  еткен  жағдайда,  жер  асты 

сулары  көтерілуі  және  топырақ  тұздануы  болады.  Іс  жүзінде  жақсы  суару 

жүйесінің1л суындағы тұздар 0,5 г-нан аспауы тиic екендіг1 анықталған. 

Сортаңдардың 

химиялыққұрамы 

мен 

қасиеттері.Сортаңдар 

құрамында  неше  түрлі  тұздар  кездеседі,  бipaқ жиі  кездесетіндеріMg,  Са,  Na 

тұздары,  тұз,  көмір  және  күкірт  қышқылдарының  тұздары  (NaCl,  NaHC0

3



Na

2

SO



4

 

СаС1



2

CaS0



4

СаСО



3

Са(НСО



3

)

2



Аталған 


тұздардың 

кейбіреулеріөсімдіктерге  зиян  келтірмейді,  ал  кейбіреуінің  аздаған 

мөлшерініңөзіөте зиянды. 

Мәдени өсімдіктер мен ағаштектестерге өтезиянды тұзNa

2

C0



содасы, ол 

гидролиз  нәтижесінде  күштісілті  түзеді.Өсімдік  жасушасына  енгенде 

плазмолиз  жүреді,  өсімдікөледі.  Соданыңтопырақта  болатын  ең  жоғарғы 

шекті мөлшері 0,005%. 

Сортаңдардың  топырақ  ерітіндісінде  осмостыққысым100-300  атм. 

болатындықтан, табиғи жағдайда, сортаңдарда тек галофиттер тірішілікетеді. 

Ондағы қарашірік мөлшері 1-2%, тек Ciбip сортаңдарында ғана 5%. 

Сортаңдардың  топырақтар  ерітіндісіне  бейтарап  тұздар  рН  7,0-7,5 

реакциясын  берсе,  сілітілік  (содалы)  тұздар  -  күштісілітілік  реакция  береді 

(рН 9-11). 

Тұзданған топырақтар мен сортаңдарда микроағзалар өте аз, себeбi көп 

мөлшердегі тұздар олардың тipшiлiгiнe қолайсыз. 

Тұз  мөлшерімен  тұзды  горизонттардың  орналасу  тереңдігіне 

байланысты  топырақтар  тұзданбаған,  шамалы  сортаңданған,  сортаңды  және 

сортаңдар  деп  жіктеледі.  Егер  топырақ  горизонтында  тез  еритін  тұздар 

мөлшері  0,25%-тен  аз  болса,  немесе  150  см  тереңдікке  дейінгі  топырақ 

кескінінде  ондай  горизонттар  болмаса,  олар  тұзданбаған  болып  есептеледі. 

Егер  80-150  см  тереңдікке  дейінгі  топырақ  салмағында  тұз  мөлшері  0,25% 

болса,  топырақ  шамалы  сортаңданған,  егер  5-30  см  аралығында  болса 

сортаңды  деп  есептеледі.  Егер  топырақтың  ең  жоғарғы  қабатындағы  тез 

еритін  тұздар  мөлшері  1  %-тен  көп  болса  сортаң  деп  аталады.  Тұздар 

концентрациясы  0-30  смқабатта  болса  беткі  сортаң,  ал  егер  тұздар 

бүкілкecкiнiбойынша таралған болса - тереңкескескінді сортаң деп аталады. 

Сортаңдардың  жіктелуі.Барлық  сортаңдарды  аниондар  мен  катиондар 

және  олардың  тұздарының,  сонымен  қатар  морфологиялық  сипаттарына 

қарай жiктeйдi. Аниондарына байланысты хлоридті, сульфатты, содалы және 

аралас  сортаңдарға,  ал  катиондарына  байланысты  натрийлі,  магнийлі  және 

кальцийлі  сортаңдарға  жіктеледі.  Олардың  біріншісінде  Na+,  екіншісінде  -

Mg

2



+, үшіншісінде - Са

2

+катиондары басым болады. 



Морфологиялық  сипаттарына  байланысты  қабыршақты,  борпылдақ, 

шалғынды  және  тақыр  тәрізді  сортаңдарға  жіктеледі.Қабыршақты  (дымқыл) 

сортаңдар  құрғақшылық  кезінде  әртүрлі  тұздардан  тұратын,  хлоридтерге 

байланысты 

ақ 

түсті, 


тығыз, 

қытырлаққабыршақ 

түзеді.Қабыршақтысортаңдарға  содалы  немесе  қара  сортаңдар  да  жатады, 

олардыңтүciсоданыңәсерінен 

қарашірінді 

еритіндіктен 

күңгірт болады.   

Борпылдақ сортаңдардыңқұрамында құрғақ, шаңдауыт Na

2

S0



тұзы бар, 

қалыңдығы  5-7  см  беткі  горизонты  болады.  Шалғынды  сортаңдар 

минерализацияланған  жер  асты  сулары  жақын  орналасқан  шалғын 

өсімдіктері  астында  қалыптасады.  Олардыңқрамында  СаС0

3

,  кейде  MgC0



3

 

тұздары болады, қарашірікмөлшері 6-8%, азотқа бай, бipaқ фосфор мен калий 



мөлшеpi жеткіліксіз. 

Тақыр  тәрізді  сортаңдар  бөлек  төбелдер  ретінде  кездеседі.  Оларда 

өсімдіктер  мүлде  өспейді  десе  де  болады,  тығыз,  беттері  жарылып 

кетеді,тұзды  горизонты  кесекті,  бірталай  мөлшерде  хлоридтер  мен 

сульфаттар  кездеседі.  Жоғарыдан  қарағандабұл  сортаңдар  кебірлерді,  ал 

бipaзтереңдіктегіқұрамына  кіретін  тұздары  бойынша  -  бeтi  көк-жасыл 

балдырлармен жабылған сортаңдарды еске түсіреді. 

Сортаңдар  кескіні  тұрақсыз:  бірде  нашар  дифференциалданған, 

сондықтан  генетикалық  горизонттарға  бөлінбейді  (сор  сортаңдары),  бірде 

жақсы қалыптасқан (шалғынды сортаңдар). 


Кебірлер 

Кебірлер  қалыптасуы.  Кебірлер  деп,  сіңірушікешені  натрий 

катиондарымен  қаныққан,  ал  суда  еритін  тұздары  астынғы  горизонттарға 

шайылып  кеткен  топырақтарды  айтады.  Кебірлерге  құрамындағы  сіңірілген 

натрий мөлшері 20%-тен асатын топырақтар жатады.Егер сортаңдарда тұздар 

А  горизонтында  шоғырланған  болса,  кебірлерде  олар  төменгі,  В 

горизонтында болады. 

Кебірлер пайда болуының негізгі ceбeбi, натрийдің судағы ерітіндісінің 

төменгі  горизонттардан  капиллярлармен  көтерілуі.  Натрий  тұздары 

топырақта  биологиялық  жолмен  де  жинақталуы  мүмкін.  Сонымен  қатар 

натрий  тұздары  жусан,  сораңөсімдіктер  қалдықтарының  органикалық 

заттарының ыдырауы кезінде де жинақталады. 

Кебірлердің  пайда  болу  жолы  мынадай:  топырақ  ерітіндісінде  натрий 

тұздары  көбейген  сайын,  ciңipy  кешенінен  кальций  мен  магний 

ығыстырылып,  олардың  орнын  натрий  басады.  Топырақтың  нашар 

коагулятор  болып  табылатын  натриймен  қанығуына  байланысты, 

органикалық  және  минералдық  коллоидтар  гель  күйінен  золь  күйіне 

ауысады, жылжымалы болып жоғарғы горизонттардан төменге шайылады да 

тығыз  иллювиалды  немесе  кебірлі  горизонт  түзеді.  Жоғарғы  горизонтта 

лайлы  тұнба  фракциясы  азайып,  төменгі  горизонтта  көбейеді,  структурасы 

бұзылады, топырақ күшті ciлтiлiк реакцияға ие болады. 

Жер асты сулары кейбір себептермен тартылып кеткен жағдайда, Са мен 

Mg  еритін  тұздары  жауын-шашынмен  топырақтан  оқтын-оқтын  шайылып 

отырады,  ал  топырақтың  ciңipyшi  кешені  натрий  катиондарымен  қанығып, 

кебірлер түзеді. 



Кебірлер  құрылымы.Кебірлердің  топырақ  кескіні  генетикалық 

горизонттарға  жақсы  бөлінеді.  Онда  үш  горизонт  бар:  А  -  элювиалдық 

горизонт, В - иллювиалдық горизонт, С горизонты - аналық немесе топырақ 

түзуші горизонт. 

Төменде кебірдің топырақ кескінінің мысалы берілген: 

А

0



-  10  см-  элювиалдық  горизонт,  ашық-сұр,  структурасыз,  кейде 

қабыршақты  структуралы,  тұзда  еритін  тұздар  мүлде  жоқ  немесе  аздап 

болады, кейде бетінде үлбір түзіледі; 

В

і



10-23  см  —  иллювиалдық-кебірлі  горизонт,  күңгірт-сұр,  біржарымдық 

тотықтармен,  қарашірік  және  лайлы  тұнбамен  қанықкан,  вертикал 

сызаттарымен бөлінеді, ылғалды күйде тұтқыр, су өткізгіштігі нашар, құрғақ 

күйінде  қатты  жарылады,  NaHC0

3

,  NaC0


3

  бірталай  мөлшерде  болады, 

құрылымы тығыз, ауыр саздақ; 

В

2



–23-58 см — иллювиалдық, кесекті-жаңғақты, күңгірт-құба, структурасы 

кесекті, тығыз, құрамында СаС0

3

 бар ауыр саздақ; 



В

3

  58-104  см  —  иллювиалдық-тұзды  горизонт,  сұрғылт-құба,  тығыз, 



структурасы призмалы, ақкөздер ретіндегі кальций карбонаттары көп, кескіні 

бойында  карбонаттар,  хлоридтер,  сульфаттардың  ең  көп  мөлшеpi 

жинақталған; 


С

к

 - аналық жыныс 104-120 см тереңдіктен басталады, құба-құқыл түсті, Са 



карбонаттары көп, ауыр саздақ; 

Кебірлер  қасиеттері.Кебірлердіңөздеріне  тән  морфологиялық  epeкшeлiгi, 

ондағы иллювиалдық-кебірлі горизонт өте тығыз болады, далалық жағдайда 

кебірді көбінесе сол арқылы анықтайды. 

Кебірлердің физикалық және химиялыққасиеттері нашар. А горизонтының 

структурасыздығына  байланысты  ылғалдылық  жоғары  болғанда  қатты 

ісініпкетеді,  ал  кеуіпкеткенде  бетінде  қабыршақ  пайда  болып,  жарылып 

кетеді. 

В  горизонты  -  иллювиалдық-кебірлі,  ылғалды  күйінде  өте  тұтқыр, 

жабысқақ,  су  өткізбейді,  сондықтан  қар  ерігенде,  жауын  жауғанда  кебір 

бетінде  су  ұзақ  тұрып  қалады,  су  сіңбейді  де  ауаға  буланып  кетеді.  Бұл 

горизонт кебу күйінде ешқандай өндеуге келмейді. 

Кебірлердіңфизикалық  және  химиялыққасиеттерінің  нашарлығына 

байланысты,  олардың  табиғи  өнімділігіөте  төмен.  Онда  тек  ксерофит 

өсімдіктер: жусанның кей түрлері, изен және т. б. ғана өседі. Кебірлердің көп 

бөлігінде шөптесінөсімдіктер өспейді, бірен-саран көк-жасыл балдырлар мен 

қыналар кездеседі. 



Кебірлердің  жіктелуі.Кебірлердің  жіктелуі  олардағы  элювиалдық 

горизонтыңқалындығы,  тұздану  дәрежесі,  грунт  суларының  орналасу 

тереңдігіне негізделген. 

Элювиалдық 

горизонттыңқалындығына 

байланысты 

кебірлердің 

жіктелуі  мынадай:  қабыршақты  немесе  таяз  кебірлер  -  кeбipүстіндегі  А 

горизонтыныңқалындығы 10 см-ге дейін; орташа бағаналы кебірлер –10-нан 

18 см-ге дейін; терең бағаналы кебірлер -18 см-ден терең. 

Грунт  суларының  орналасуына  байланысты  кебірлердіңжіктелуі 

мынадай:  шалғынды  -  жер  асты  сулары  3  м-ге  дейін,  шалғынды-далалық 

және далалық - 6 м-ден терең. 

Кебірлерді  тұздану  сипатына  қарай  содалы  және  хлоридті-сульфатты 

деп  жіктейді.  Содалы  кебірлер  орманды  дала  және  шалғынды  дала 

зоналарында,  ал  хлоридті-сульфатты  құрғак  дала  мен  шөлейт  зоналарында 

таралған.  Содалы  кебірлер  шалғындық  кебірлер,  ал  хлоридті-сульфатты 

кебірлер далалық кебірлер болып табылады. 

Далалық  кебірлердіңөзіндік  ерекшелігі  -  онда  гипсті  горизонт 

беткіқабатына  жақын  орналасқан.  Сұр  топырақтар  зонасында  кебірленген 

топырақтар таралған да, кебірлер өте аз кездеседі. 

Кей 


жағдайларда, 

кебірлерде 

далалық 

және 


шалғындық 

шөптесінөсімдіктер  өскенде,  олар  кебірлерді  органикалық  заттармен, 

натрийді  ығыстырып  шығаратын  кальциймен  байытатындықтан,  біртіндеп 

далаланады.  Кебірдің  В  горизонтындағы  бағаналы  структурасы  біртіндеп 

жойылып,  өз  қасиеттері  мен  морфологиясы  бойынша  айналасындағы  қара 

топыраққа, күрең топыраққа және т.б. жақындайды. 



Солодтар 

Солодтар деп ұзақ уақыт аралығында шайылуына байланысты сіңірілен 

натрийдан  толық  айрылған,  Са

2

+,  Mg



2

+,  Н+  катиондарымен  қаныққан, 



кебірленген  топырақтарды  атайды.  Кебірлердің  солодтарға  айналу  жолын 

К.К.Гедройц анықтады. Кебірлердің солодтарға айналу үpдici солодтану деп 

аталады.  Солодтардың  пайда  болуы  микроойпаңдарда,  қар  суы  және  жауын 

суымен  топырақтыңұзақ  уақыт  шайылуы  арқасында  жүреді.  Кебірлі 

горизонттың 

топырақ 


ерітіндісінің 

сілтілік 

реакциясы 

қарашірік 

коллоидтарының  epyi  мен  алюмосиликаттардың  төменгі  горизонттарға 

шайылатын  жылжымалы  біржарымдық  тотықтар  және,  элювиалды 

горизонтта жинақталатын кремнеземге ыдырауына ықпал етеді. Нәтижесінде 

А

1



қарашірік  горизонты  астында  бозғылт  элювиалды  солодтанған  А

2

 



горизонты,  одан  төмен  -  иллювиалды  қалдықты-кебірленген  В  горизонты 

қалыптасады. 

Солодтарда келесі генетикалық горизонттар бөлінеді:  

А

0



-  орман  төceніші,А

1

-  қарашірінділі-аккумулятивтік,  А



э

-  элювиалды 

немесе солодтанған, В - иллювиалдық және С - аналық жыныс. 

Солодтар  кәдімгі  солодтарға  -  анық  айқындалған  А

2

  горизонты  жоқ; 



шымды солодтар - айқындалған қарашірінділі А

4

 горизонты бар; шымтезекті 



солодтар  - шымтезектіқабаты бар;  кебірлеу  және сортаңдау  солодтар болып 

бөлінеді. 



3. Тау топырағы. Құрғақ субтропиктік даланың сұр-күрең топырағы. 

Қызыл, сары топырақтар. 

ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫ 

Қазақстан  территориясының  10%-ға  жуығын  таулы  аудандар  алып 

жатыр және олар әртүрлі топырақтардан тұрады. 

Климаты. Тауда әр 100м көтерілген сайын орташа температура 0,5°С-қа 

төмендейді,  қысым  да  төмендеп,  ауа  ылғалдылығы  мен  жауын-шашын 

мөлшері 

бipaзкөбейеді. 

Климат 

таулардыңетегіндегісубтропикалық 



белдеуден  қар  жатқан  биіктіктердегі  арктикалық  белдеуге  дейін  ауысады. 

Климаттыңөзгepyi  ашық  тау  жыныстары  мен  минералдардың  бұзылу 

жағдайын  да  өзгертеді.  Нәтижесінде,  мұнда  механикалыққұрамы  және  су  - 

физикалыққасиеттері  бойынша  әр  түрлішөгінділер  пайда  болады.  Таудағы 

пайда  болған  шөгінділерге  байланысты,  әр  түрлі  өсімдіктер  формациялары 

мен микроағзалардың таралуы жүреді. 

Таудағы өсімдік құрамы зоналарға бөлінеді, мысалы Алатаудың төменгі 

бөліктерінде 

шөл 

өсімдіктеріөссе, 



жоғарылаған 

сайын 


оларды 

далалықөсімдіктер ауыстырады, оларды жалпақжапырақты ормандар, оларды 

қылқанжапырақты ормандар ауыстырады. Олардан да жоғары мәңгіқарларға 

ауысатын альпі шалғындары орналасады. 



Топырақтардың 

вертикал 

горизонттары. 

Климаттың 

ауысу 

заңдылықтарын,  өсімдіктер  мен  топырактыңөзгepyiмен  бұзылу  типтерін 



және  топырақ  түзілуі  бойынша  ең  алғашқы  зерттеулерді  В.В.Докучаев 

жүргізді.  Ол  Кавказ  топырақтарын  зерттеу  барысында  таудағы 

топырақтардың жалпы вертикал зоналық заңдылықта-рын белгіледі. 

Таулы  аудандарда  климаттың  континент  алдығы  мен  биіктікке 

байланысты  топырақ  зоналарының  саны  да  әр  түрлі  болуы  мүмкін  және  ол 

тау тізбектері мен жүйелерінің орналасуына, жел соғу бағыттарына, теңіздер 



мен  мұхиттардан  арақашықтығына  тәуелді.  Дегенмен  тау  топырақтарына 

ортақбipғана  заң  -  ол  барлық  таулы  аудандарда  вертикал  белдеулер 

заңдылықтарының болуы. 

Топырақтардың  таудағы  вертикал  белдеулері  ендік  зоналықты 

қайталайды. Тау жүйелерінің вертикал зоналардың негізгі топырақтары альпі 

мен  субальпі  және  орман  топырақтары.Тау  шалғындары  топырақтары  альпі 

және  субальпі  шалғында-ры  астында  пайда  болады.  Жауын-шашынның  көп 

мөлшері,  ауаның  жоғарғы  ылғалдылығы,  калыңөсімдік  жамылғысы 

топырақтарда  органикалық  заттардың  жиналуына  септігін  тигізеді. 

Термикалық  бұзылудың  басым  болуы  майда,  күштіқанқалы  топырақтардың 

пайда болуына жағдай жасайды. Олар мынадай горизонттардан тұрады: А

1

 - 



құба  түсті,  көбінесе  шымтезектелген  шым;  А

2

  -  күңгірт-сұр  құысты, 



структурасы  ұнтақты-дән  тәріздес,  қалындығы  50  см-ге  дейін;  В  -  өтпелі, 

күштіқанқалы, бұзылу қабықшасына өтетінқабат. 

Тау  шалғындары  топырақтарында  8-ден  20%-ке  дейін  қарашірік  бар, 

негізінде күлгінденбеген. 

Орал  таулары  бірнеше  топырақ  -  климаттық  зоналарды  кесіпөтіп, 

солтүстіктен  оңтүстікке  созылып  жатыр.  Таулардың  аса  биік  еместігінен 

вертикал  зоналықәр  кезде  байқалмайды.  Тундра  аймағында  орналасқан 

Солтүстік  Оралда  таулы-тундралы  топырақтар  басым.  Орталық  Орал 

орманды  зонада  орналасқан.  Беткейлердің  көп  бөлігінде  қышқылды, 

күлгінденбеген,  әртүрлі  дәрежеде  глей-ленген  орман  топырақтары  таралған, 

тек  1000  м-ден  жоғарыда  ғана  оңтүстікке  қарай  субальпі  шалғындарына 

ауысатын  таулы  -  тундралы  топырақтардың  жекелеген  бөліктері  кездеседі. 

Оңтүстік  Орал  тауының  төменгі  бөлігінде,  жалпақ  жапырақты  орманның 

астында  таудың  сұр  орман  топырақтарымен  ауысатын  қаратопырақтар 

қалыптасады.  Таудың  жоғарғы  жағында,  1000  м  биікте  таудың  шалғынды 

шымды топырақтары орналасқан. 

Орта  Азия  тауларының  теңіз  бен  мұхиттардан  шалғайлығы,  климаттың 

континенталды, құрғақ болуына байланысты басым көпшілігінің жамылғысы 

күрделі далалық болып келеді, сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым 

болады. Аңғарлардың төменгі бөлiктepiндe (300 ден 1200-м дейін) жусанды-

астық тұқымдастар астындасұр топырақтар, одан жоғарыда 1200-ден 3200 м 

дейінгі  тауаралық  шатқалдарда  -  таудыңқаратопырақтары,  таудың  күрең 

және құба топырақтары қалыптасады. 

Биік  таулардағы  құрғақ  жазықтарда,  4  км-ден  биік  жерлерде  тақыр 

тәріздес  шөл  топырақтары  дамиды.  1600  -  2500  м  биіктіктегі  жақсы 

ылғалданған  беткейлерде  шалғынды-селеуліөсімдік  жамылғысы  астында 

коңыр  және  күрең  топырақтар,  2000  м-ден  биікте-  қаратопырақтар,  ал 

шыршалы,  қарағайлы  ормандар  астында  орман  топырақтары  дамыған.  2800 

м-ден  биікте  таудың  шалғынды  шымды  және  шымтезекті  топырақтары 

дамиды,  5000  м-ден  жоғарыда  әр  жерде  таудың  тундралық  топырақтары 

кездеседі. 

Таулы аймақтардың топырақтарын пайдалану 


Оңтүстік  таулы  облыстарда  егістіктер  мен  бақшалар  басым,  олар 

аумактың  8%  алып  жатыр,  жайылымдар  мен  шабындықтар  –  55%,  ал 

ормандар жалпы ауданның – 16% ғана алып жатыр. 

Таудыңқұба  орман  топырақтары  орман  өсімдіктерініңқасиеттеріне 

кескін  қалыңдығына,  экспозициясына  және  теңіз  денгейінен  биіктігіне 

тәуелді.Түгелдей  алғанда  олар  құнарлы,  ал  оларға  отырғызылған  екпе 

ағаштардыңөнімділігі  жоғары.  Құба  топырақтар  жүзiм,  жеміс  өcipy  үшін 

жарамды. 

Тау  шалғындары  топырақтары  шабындық  және  жайылым  ретінде 

пайдаланылады.  Шөптесінөсімдіктер  сел  жүруінің  алдын  алуы  арқылы 

эрозияға қарсы рөл де атқарады. 

Тау  топырақтарында  бидай,  жүгері,  мақта,  жүзiм,  көкеністер  өcipілeдi. 

Тау  топырақтары  орман  және  ауыл  шаруашылықтарында  жайылым  ретінде 

кеңінен пайдаланылады. 



Өздік бақылау сұрақтары: 

1.

 

Шөлейттің  құба  топырағы.  Шөл  зонасының  топырақтары.  Шөлді 

сұр-құбы топырағы, тақырлар. Сортаң, кебірлер, солодьтар. 

2.

 

Субтропиктік құрғақ дала, тау етегі, шөлді боз топырағы.  

3.

 

Тау  топырағы.  Құрғақ  субтропиктік  даланың  сұр-күрең  топырағы. 

Қызыл, сары топырақтар.  

4.

 



Ауыспалы  –  ылғалды  ксерофитты-орман  және  саванналық 

субтропикалық және тропикалық облыстардың топырақтары. 

Ұсынылатын әдебиет  

Мирзадинов  Р.А.  және  басқалары.  Топырақтану.  Оқу  құралы.  –  Алматы, 

2009. – 276 б. 

Никольский Н.Н.  Почвоведение. -  М., 1963. 

Почвоведение/Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1969, 1975, 1982. 

Почвоведение/Под ред. А.А. Роде. – М., 1972. 

Почвоведение/Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова.-М.,1988. 

Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения.- М.,1999. 

Тулеугалиева С.С. Краткий курс лекций по почвоведению.- 

Семипалатинск,2008. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет