Дәріс-10 Ренессанс дәуірінің мәдениеті. Мейрманов Аманжол Досжанович



бет2/9
Дата15.11.2022
өлшемі6,94 Mb.
#50268
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ренессанс ұғымы,даму тарихы

Қайта өрлеу мәдениеті (фр. Renaissance, итал. Rinascimento; «ri» — «қайта» немесе «қайта туылған») —Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Кезеңнің хронологиялық шегі шамамен XIV ғасырдың басы мен XVI ғасырдың соңғы ширегі, кей жағдайларда XVII ғасырдың алғашқы онжылдығы (мысалы, Англияда, әсіресе, Испанияда). Қайта өрлеу дәуірі мәдениеттің зайырлы қасиеті мен оның антропоцентризмімен ( яғни, назарға бірінші кезекте адам және оның қызметі алынуымен) ерекшеленеді. "Қайта өрлеу" деген термин Италияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" (XVI ғасыр) атты төрт томдық кітабында қолданыла бастады. Терминнің қазіргі кездегі мағынасын XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорасына айналды.

Қайта өркендеу дәуріндегі адамдар

Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным, антикалық мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді. Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдері болды. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық — космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған — антропоцентристік неоплатонизм. Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет